Хадис

Муатта, № 15

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
9. Жамағатпен намаз оқу
бап
4. Жамағатпен намаз оқу
Нөмірі
№ 15 (кітап ішіндегі рет реті)
15
Муатта, 9-кітап, № 15
Қазақша аудармасы

Яхия ибн Сағид риуаят етеді: «Бір адам Ақиқта1 жамағатқа имамдық жасап жүр еді. Омар ибн Абдулазиз хабар жіберіп, оны имамдықтан тыйды».

Имам Мәлик былай дейді: «Ол адамның әкесі белгілі болмағандықтан, оны имамдықтан тыйды».

  1. 1Ақиқ – Мәдина Мунаууарадағы бір жердің аты.