Хадис

Муатта, № 22

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
9. Жамағатпен намаз оқу
бап
7. Нәпіл намазды отырып оқу
Нөмірі
№ 22 (кітап ішіндегі рет реті)
22
Муатта, 9-кітап, № 22
Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) риуаят етіледі: «Алла елшісінің қартайғанға дейін түнгі намазын отырып оқығанын еш көрген емеспін. Қартайған кезде қырағатты отырып оқитын, рукуғ жасағысы келгенде тұрып, отыз-қырық аят шамасында оқығаннан кейін рукуғ жасайтын1».

  1. 1Бұхари, «Тақсир әс-салат», 18/20; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/111.