Қазақша аудармасы
Қунфуздың немересі Мұхаммед ибн Зәйд анасынан жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Үмму Сәләмәдан: “Намаз оқығанда әйелдер қандай киім киюі керек?” – деп сұрадым. Ол: “Бастарына орамал тағады, сондай-ақ аяқтарын жауып тұратын ұзын көйлек киеді”, – деп жауап берді1».
- 1Ибн Абдулбәр «әл-Истизкарда» былай дейді: «Бұл хадис “Муаттада” мәуқуф түрінде берілген. Абдуррахман ибн Абдуллаһ ибн Динар оны Мұхаммед ибн Зәйд – оның анасы – Үмму Сәләмә тізбегімен марфуғ түрінде жеткізеді». Әбу Дәуіт («Салат», 2/83) мұны марфуғ түрінде риуаят етеді. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 163.