وَعَنْ أمِّ الْمؤمِنِينَ أمِّ عَبْدِ اللَّهِ ِ عَائِشَةَ، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يغْزُو جَيْشٌ الْكَعْبَةَ فإِذَا كَانُوا بِبَيْدَاءَ مِنَ الْأَرْضِ يُخْسَفُ بِأَوَّلِهِمْ وآخِرِهِمْ». قَالَتْ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللهِ، كَيْفَ يُخْسَفُ بأوَّلِهِمْ وَآخِرِهِمْ وَفِيهمْ أسْوَاقُهُمْ وَمَنْ لَيْسَ مِنْهُمْ؟! قَالَ: «يُخْسَفُ بِأَوَّلِهِمْ وَآخِرِهِمْ ثُمَّ يُبْعَثُونَ عَلَى نِيّاتِهمْ»
Мүміндердің және Абдулланың анасы Айша: «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Бір заманда жер қайыстырған қалың қол Қағбаға қарай бет алады. Ұшы-қиыры жоқ, тап-тақыр шөл далаға жеткенде, әлгі қалың қолды бастан-аяқ жер жұтады», – деді. Мен: «Уа, Расулалла! Оларды қалайша тұтастай жер жұтады? Арасында қарапайым саудагерлер мен әскер қатарына жатпайтын бейкүнә жандар1 да бар емес пе?» – дедім. Сонда Расулалла: «Оларды түгелдей жер жұтады, кейін (ақыретте) әркім ниетіне қарай (қарымын алу үшін) қайта тіріледі», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2118; Муслим: 7244; Ахмад: 26227).
Мать правоверных Аиша, мать Абдуллаха, сказала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Настанет время, когда несметное войско направится к Каабе. Когда оно достигнет бескрайней пустынной равнины, земля поглотит всё войско – от первого до последнего”. Я спросила: “О Посланник Аллаха! Как же земля поглотит их всех? Ведь среди них будут и простые торговцы, и невинные люди, не принадлежащие к войску1?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Земля поглотит их всех, а затем, в Последней жизни, каждый будет воскрешён в соответствии со своим намерением, чтобы получить воздаяние”» (Аль-Бухари: 2118; Муслим: 7244; Ахмад: 26227).
- 1Қағбаны жығып, бұзақылық жасау ниетінде болмаған, әлгі қалың қолға білмей қосылған адамдар.
- 1Люди, которые не намеревались разрушать Каабу или совершать бесчинства и по неведению присоединились к этому войску.