Хадис

Риядус-салихин, № 6

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
1. Ықылас пен риясыз ниет
Нөмірі
№ 6 (қазақша басылым реті)
6
Риядус-салихин, № 6

وَعَنْ سَعدِ بْنِ أَبِى وَقَّاصٍ، أَحَدِ الْعَشَرَةِ الْمشهودِ لهم بالجنةِ رضي الله عَنْهُم، قَالَ: جاءنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعُودُنِى عَامَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ مِنْ وَجَعٍ اشْتَدَّ بي، فقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللهِ، إِنِّي قَدْ بَلَغَ بي مِنَ الْوَجَعِ مَا تَرَى، وَأَنَا ذُو مالٍ وَلا يَرِثُنِى إِلا ابْنَةٌ لي، أفأَتَصَدَّقُ بِثُلُثَيْ مَالِى ؟ قَالَ: «لا»، قُلْتُ: فالشَّطْرُ يَا رَسُولَ اللَّهِ ؟ فَقَالَ: «لا»، قُلْتُ: فالثُّلُثُ يَا رَسُولَ اللهِ؟ قَالَ: «الثُّلُثُ والثُّلُثُ كَثِيرٌ أَوْ كبيرٌ إِنَّكَ إِنْ تَذَرْ وَرَثَتَكَ أغنِيَاءَ خيرٌ مِنْ أَنْ تَذَرَهُمْ عَالَةً يتكفَّفُونَ النَّاسَ، وَإِنَّكَ لَنْ تُنفِقَ نَفَقَةً تَبْتَغي بِهَا وَجهَ اللَّهِ إِلَّا أُجِرْتَ عَلَيْهَا حَتَّى مَا تَجْعَلُ فِى فِيِّ امْرَأَتِكَ»، قَالَ: فَقُلتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُخلَّفُ بعدَ أَصْحَابي؟ قَالَ: «إِنَّكَ لَنْ تُخَلَّفَ فَتَعملَ عَمَلًا تَبتَغي بِهِ وَجْهَ اللَّهِ إِلَّا ازْدَدتَ بِهِ دَرَجةً ورِفعَةً، وَلَعلَّكَ أَنْ تُخَلَّفَ حَتّى يَنتَفِعَ بِكَ أقْوَامٌ وَيُضَرَّ بِكَ آخرونَ. اللَّهُمَّ أَمْضِ لأَصْحَابي هِجْرَتَهُمْ ولَا تَرُدَّهُمْ عَلَى أعقَابهمْ، لكنِ الْبَائِسُ سَعدُ بْنُ خَوْلَةَ» يَرْثي لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ ماتَ بمَكَّة

Қазақша аудармасы

Жаннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі Сағд ибн Әби Уаққас (р.а.): «Қоштасу қажылығы болған жылы қатты сырқаттанып жатқанымда, Алла елшісі ﷺ маған көңіл сұрай келген еді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Көргеніңіздей, мына дерттен енді айыға алмайтын шығармын. Мен дәулетті адаммын, жалғыз қызымнан басқа мұрагерім жоқ. Мал-мүлкімнің үштен екісін (кедей-кепшікке) садақа етіп таратайын ба?» – дегенімде, ол: «Жоқ», – деді. Мен: «Уа, Расулалла! Тең жартысын ше?» – дегенімде, ол тағы да: «Жоқ», – деді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Ал үштен бірін ше?» – дегенімде, ол: «Үштен бірін тарат. Тіпті ол да көп болады. Өзіңнен кейінгі мұрагерлеріңді бай етіп қалдырғаның, оларды жұрттан қайыр тілеуге мәжбүр етіп қалдырғаныңнан әлдеқайда жақсы. Шынында, сен Алланың разылығына бөленуді қалап жұмсаған әрбір тиының үшін, тіпті әйеліңнің аузына салған әрбір түйір ас үшін де сауап аласың», – деді. Сонда мен қобалжып: «Уа, Расулалла! Жолдастарым Алланың нұры жауған Мәдинаға қайтып бара жатқанда, мен осында қалып, дүниеден озсам, жасаған һижретім толық болмай қала ма деп қорқамын», – дедім. Сонда Расулалла: «Жоқ, сен бұл жерде қалмайсың. Әлі-ақ Алла жолында көптеген іс тындырып, мерейің өседі. Әлі-ақ, сен ұзақ жыл ғұмыр кешіп, бір қауымның (мұсылмандардың) пайдасына жарап, енді біреулер де (кәпірлер) сенен зиян шегер. Уа, Жаратқан Ием! Сахабаларымның һижретін тамамдағайсың. Оларды кері кетіре көрме, бірақ нағыз бейшара Сағд ибн Хаулә ғой!» – деп, Алла елшісі Мәдинаға қайта алмай Меккеде дүниеден озған сахабасына жаны ашып оны жоқтады», – деген. (Бұхари: 1295; Муслим: 4209; Ахмад: 1440).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах), один из десяти сподвижников, которым была возвещена благая весть о рае, сказал: «В год Прощального паломничества, когда я тяжело заболел, Посланник Аллаха ﷺ пришёл навестить меня. Тогда я сказал: “О Посланник Аллаха! Как видишь, я, похоже, уже не оправлюсь от этой болезни. Я состоятельный человек, а наследует мне только дочь. Не раздать ли мне две трети своего имущества в качестве милостыни (бедным и нуждающимся)?” Он ответил: “Нет”. Я спросил: “О Посланник Аллаха! А половину?” Он вновь ответил: “Нет”. Тогда я спросил: “О Посланник Аллаха! А треть?” Он сказал: “Раздай треть, хотя даже это много. Оставить после себя наследников состоятельными гораздо лучше, чем оставить их в нужде, вынужденными просить у людей. Поистине, за каждую монету, которую ты израсходуешь, стремясь снискать довольство Аллаха, и даже за каждый кусок пищи, который положишь в рот своей жене, ты получишь награду”. Тогда я с тревогой сказал: “О Посланник Аллаха! Я боюсь, что, когда мои товарищи вернутся в Медину, озарённую светом Аллаха, я останусь здесь и умру, а моя хиджра останется незавершённой”. Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Нет, ты не останешься здесь. Ты совершишь ещё множество дел на пути Аллаха и благодаря этому возвысишься. Ты проживёшь ещё долгие годы: одним людям (мусульманам) принесёшь пользу, а другим (неверующим) нанесёшь урон. О Господь мой! Заверши хиджру моих сподвижников и не дай им повернуть назад. Однако поистине несчастен Саад ибн Хауля!” Этими словами Посланник Аллаха ﷺ выразил скорбь и сострадание к своему сподвижнику, который скончался в Мекке, так и не сумев вернуться в Медину» (Аль-Бухари: 1295; Муслим: 4209; Ахмад: 1440).