عَنْ الزبير بْنِ عدي، قَالَ: أتينا أنسَ بْنِ مالك فشكونا إِلَيْه مَا نلقى مِنَ الْحَجَّاجِ. فَقَالَ: «اصْبرُوا؛ فَإِنَّهُ لَا يَأْتي زَمَانٌ إِلَّا وَالَّذِى بَعْدَهُ شَرٌّ مِنهُ حَتَّى تَلقَوا رَبَّكُمْ» سَمِعتُهُ مِنْ نَبِيِّكُمْ ﷺ
Зубәйр ибн Ади (р.а.): «Әнәс ибн Мәликке (р.а.) барып, Хажжаждан1 көріп жүрген көресімізді айтып шағымдандық. Сонда ол: «Сабыр етіңдер. Өйткені бұдан кейін қандай заман келсе де, одан кейінгі заман одан да жаман болады. Раббыларыңа қауышқанға дейін солай жалғасады. Мен мұны пайғамбарларыңнан ﷺ естідім», – деді», – деп айтқан. (Бұхари: 7068; Ахмад: 12162).
Зубайр ибн Ади (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды мы пришли к Анасу ибн Малику (да будет доволен им Аллах) и пожаловались ему на притеснения, которые терпели от аль-Хаджжаджа1. Тогда он сказал: “Терпите. Ибо какое бы время ни наступило после нынешнего, следующее за ним окажется ещё хуже. Так будет продолжаться до тех пор, пока вы не встретите своего Господа. Я слышал это от вашего Пророка ﷺ”» (Аль-Бухари: 7068; Ахмад: 12162).
- 1Залым Хажжаж деген лақаппен танымал болған әмәуилік қолбасшы әрі саяси қайраткер, аты-жөні әл-Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафи 660-714 жылдар аралығында өмір сүрген. Әмәуилік халифа Абдул Мәлик ибн Маруанның ең негізгі қолбасшысы болған. Хажжаж өз дәуіріндегі әмәуилік билікке қарсы шыққандарды аяусыз жазалайтын болған. Сол себепті оған Залым Хажжаж деген лақап тағылған. Хажжаждың ең елеулі саяси-әскери еңбегі исламның алғашқы ғасырында, сахабалар мен табиғиндер дәуірінде пайда болып, мұсылмандар арасында үлкен бүлік шығарған діни радикалды және экстремистік топ – харижилерге қарсы соғыс жүргізіп, олардың негізгі бөлігін жойған. Хажжаж әс-Сәқафи әскери, саяси қайраткер болғанымен, Құран Кәрімді өте көп оқитын кісі болған. Кейбір деректерде Құранды бір аптада толық оқып шығатындығы айтылған, сол үшін ол бірқатар ғалымдарға тапсырма беріп, Құранды алғаш рет теңдей етіп, жеті бөлікке бөлдірген, сондай-ақ, қате оқылмауы үшін Құранның әріптеріне нүктелердің қойылуына мұрындық болған.
- 1Аль-Хаджжадж ибн Юсуф ас-Сакафи (660–714) – омейядский военачальник и политический деятель, известный под прозвищем «Хаджжадж Тиран». Он был одним из главных полководцев омейядского халифа Абд аль-Малика ибн Марвана. Хаджжадж безжалостно карал тех, кто выступал против омейядской власти в его время. Именно поэтому он и получил прозвище «Хаджжадж Тиран». Наиболее значительным его политическим и военным достижением была борьба с хариджитами – религиозной радикальной и экстремистской группой, которая появилась в первом веке ислама, в эпоху сподвижников и табиинов, и вызвала большие смуты среди мусульман. В ходе этой борьбы он уничтожил основную часть хариджитов. Хотя Хаджжадж ас-Сакафи был военным и политическим деятелем, он очень много читал Коран. В некоторых источниках говорится, что он прочитывал его целиком за неделю. Поэтому он поручил нескольким учёным впервые разделить Коран на семь равных частей, а также содействовал проставлению точек на коранических буквах, чтобы избежать ошибок при чтении.