Хадис

Тамақтанар алдында «бисмиллә» деп, тамақтанғаннан кейін «әлхамду-лиллә» деп айту

О произнесении слов «Бисмиллях» перед едой и «Альхамдулиллях» после еды

Риядус-салихин, 100-тақырып · 8 хадис · № 729–736

АС ІШУ ӘДЕБІ

Хадистер

729
Риядус-салихин, № 729Риуаят етуші: Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ أَبِى سَلمة، قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَمِّ اللَّهَ، وَكُلْ بِيَمِينكَ، وكُلْ مِمَّا يَليكَ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «Алдымен «Бисмилләһ» деп айт. Содан соң оң қолыңмен, өз алдыңнан же», – деп айтты», – деген (Бұхари, 5376, Муслим: 5269, Ахмад: 12330).

Орысша аудармасы

Умар ибн Абу Салама (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Сначала скажи: ‘Бисмиллях’. Затем ешь правой рукой и бери пищу с той стороны, которая находится перед тобой”» (Аль-Бухари: 5376; Муслим: 5269; Ахмад: 12330).

730
Риядус-салихин, № 730Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أكَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ تَعَالَى، فإِنْ نَسِيَ أَنْ يَذْكُرَ اسْمَ اللَّهِ تَعَالَى فِى أَوَّلِهِ، فَلْيَقُلْ: بسم اللَّهِ أَوَّلَهُ وَآخِرَهُ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім тамақтанатын болса, алдымен («Бисмилләһ» деп) Алланың атын атасын. Егер ас-ауқат ішуден бұрын Алланың атын атауды ұмытып кетіп, аузына ас түскенде ғана есіне түссе, «Бисмилләһи әууәләһу уә әхираһу» (Астың алдында да, соңында да Алланың есімін айтамын) – деп айтсын», – деген (Әбу Дәуд: 3797, Тирмизи: 1858, Ахмад: 25733).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда кто-либо из вас приступает к еде, пусть сначала помянет имя Аллаха, сказав: ‘Бисмиллях’. Если же он забудет помянуть имя Аллаха перед едой и вспомнит об этом лишь после того, как начнёт есть, пусть скажет: ‘Бисмилляхи авваляху ва ахираху’ (С именем Аллаха в начале и в конце трапезы)”» (Абу Дауд: 3797; Ат-Тирмизи: 1858; Ахмад: 25733).

731
Риядус-салихин, № 731Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جابرٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا دَخَلَ الرَّجُلُ بَيْتَهُ، فَذَكَرَ اللَّهَ تَعَالَى عِنْدَ دُخُولِهِ، وَعِنْدَ طَعَامِهِ، قَالَ الشَّيْطَانُ لأَصْحَابِهِ: لَا مَبِيتَ لَكُمْ وَلَا عَشَاءَ، وَإِذَا دَخَلَ فَلَمْ يَذْكُرِ اللَّهَ تَعَالَى عِنْدَ دُخُولِهِ، قَالَ الشَّيْطَانُ: أدْرَكْتُمُ الْمَبِيتَ؛ وَإِذَا لَمْ يَذْكُرِ اللَّهَ تَعَالَى عِنْدَ طَعَامِهِ، قَالَ: أدْرَكْتُم الْمَبيتَ وَالعَشَاءَ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Ер адам үйіне кірерде және тамақ жейтін кезінде Алланы атап («бисмиллә» десе), шайтан өзінің нөкерлеріне: «Сендерге (бұл үйде) түнейтін жер де, кешкі ас та жоқ», – дейді. Ал егер ол үйіне кірерде Алланың атын атамаса, шайтан (нөкерлеріне): «Түнейтін жер таптыңдар», – дейді, сондай-ақ тамақ ішетін кезінде Алланы атамаса, (шайтан нөкерлеріне): «Міне, түнейтін жер де, кешкі ас та таптыңдар», – дейді», – деп айтқанын естідім» (Муслим: 5262, Ахмад: 15108).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда человек, входя в свой дом и приступая к еде, поминает Аллаха (произносит ‘Бисмиллях’), шайтан говорит своим приспешникам: ‘Нет для вас в этом доме ни ночлега, ни ужина’. Если же человек, входя в дом, не помянет имя Аллаха, шайтан говорит им: ‘Вы нашли место для ночлега’. А если тот не помянет Аллаха и перед едой, шайтан говорит своим приспешникам: ‘Вот вы и нашли себе и ночлег, и ужин’”» (Муслим: 5262; Ахмад: 15108).

732
Риядус-салихин, № 732Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: كُنَّا إِذَا حَضَرْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ طَعَامًا، لَمْ نَضَعْ أيدِينَا حَتَّى يَبْدَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَيَضَعَ يَدَهُ، وَإِنَّا حَضَرْنَا مَعَهُ مَرَّةً طَعَامًا، فَجَاءَتْ جَارِيَةٌ كَأَنَّهَا تُدْفَعُ، فَذَهَبَتْ لِتَضَعَ يَدَهَا فِى الطَّعَامِ، فَأَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِهَا، ثُمَّ جَاءَ أَعْرَابِيّ كأَنَّمَا يُدْفَعُ، فَأَخَذَ بِيَدهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ يَسْتَحِلُّ الطَّعَامَ أَنْ لَا يُذْكَرَ اسمُ اللَّهِ تَعَالَى عَلَيْهِ، وَإِنَّهُ جَاءَ بهَذِهِ الْجارِية لِيَسْتَحِلَّ بِهَا، فأَخَذْتُ بِيَدِهَا، فَجَاءَ بهذا الْأعرَابيّ لِيَسْتَحِلَّ بِهِ، فَأخذْتُ بِيَدِهِ، وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، إِنَّ يَدَهُ فِى يَدِى مَعَ يَدَيْهِمَا» ثُمَّ ذَكَرَ اسْمَ اللَّهِ تَعَالَى وَأكَلَ

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.) былай деген: «Біз Алла елшісімен ﷺ бірге тамаққа отырсақ, Расулалла бастап асқа қол салмайынша, қолымызды салмайтынбыз. Бірде онымен бірге тамаққа отырдық, содан бір кішкене қыз құдды біреу қуып келе жатқандай асығып, тамаққа қол салмақ болды. Сонда Алла елшісі оның қолын ұстап қалды. Содан соң бір бәдәуи келді де, ол да біреу қуып келе жатқандай асығып, (тамаққа қол салмақ болды). Алла елшісі оның да қолын ұстап қалып, былай деді: «Шынында шайтан Алланың есімі аталмаған асты өзіне адал қылып, жеуге мүмкіндік алады. Ол (тамақты) өзіне адал қылып, жеуге мүмкіндік алу үшін мына кішкене қызды алып келді, бірақ мен оның қолынан ұстап (бөгедім). Сосын (тамақты) өзіне адал қылып, жеуге мүмкіндік алу үшін мына бәдәуиді алып келді, мен оның да қолынан ұстап (бөгедім). Жаным қолында болған (Алланың атымен) ант етейін, шындығында, (шайтанның) қолы (әлгі екеуінің) қолымен бірге менің қолымда болды», – деді. Сонан соң Алланың атын атап, ас ішті» (Муслим: 5259, Ахмад: 23249).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы садились за трапезу вместе с Посланником Аллаха ﷺ, то не протягивали рук к еде до тех пор, пока он первым не протягивал свою руку. Однажды мы сели с ним за трапезу, и тут прибежала маленькая девочка, торопясь так, словно кто-то гнался за ней, и уже хотела протянуть руку к еде. Однако Посланник Аллаха ﷺ схватил её за руку. Затем пришёл бедуин, который тоже спешил так, словно кто-то гнался за ним, и хотел протянуть руку к еде. Посланник Аллаха ﷺ схватил за руку и его, после чего сказал: “Поистине, шайтан получает возможность считать дозволенной для себя и есть ту пищу, над которой не было произнесено имя Аллаха.

Он привёл эту маленькую девочку, чтобы сделать (пищу) дозволенной для себя и получить возможность есть её, но я схватил её за руку (и остановил). Затем он привёл этого бедуина, чтобы сделать (пищу) дозволенной для себя и получить возможность есть её, но я схватил за руку и его (и остановил). Клянусь (Аллахом), в Чьей длани моя душа, рука (шайтана), находившаяся вместе с руками (этих двоих), была в моей руке”. Затем он произнёс имя Аллаха и приступил к еде» (Муслим: 5259; Ахмад: 23249).

733
Риядус-салихин, № 733

عَنْ أُمَيَّةَ بْنِ مَخْشِيٍّ الصحابيِّ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ جَالِسًَا، وَرَجُلٌ يَأكُلُ، فَلَمْ يُسَمِّ اللَّهَ حَتَّى لَمْ يَبْقَ مِنْ طَعَامِهِ إِلَّا لُقْمَةٌ، فَلَمَّا رَفَعَهَا إِلَى فِيهِ، قَالَ: بِسْمِ اللَّهِ أَوَّلَهُ وَآخِرَهُ، فَضَحِكَ النَّبِيّ ﷺ، ثُمَّ قَالَ: «مَا زَالَ الشَّيْطَانُ يَأكُلُ مَعَهُ، فَلَمَّا ذَكَرَ اسمَ اللَّهِ اسْتَقَاءَ مَا فِى بَطْنِهِ»

Қазақша аудармасы

Умәйя ибн Махши (р.а.): «Бірде Алла елшісі отырған ﷺ жерде бір кісі Алланың атын атамастан тамақтанып отырған еді. Сөйтіп ол (тамағын жеп болайын деп) асының соңғы түйірін аузына апара бергенде (есіне түсіп): «Астың алдында да, соңында да бисмиллә!» – дегенде, Пайғамбарымыз күлді, содан соң: «Шайтан басынан соңына дейін онымен бірге тамақ жеп отырған еді. Кейін ол Алланың атын атағанда, (шайтан) қарнындағының бәрін құсып тастады», – деп (күлу себебін) айтты» (Әбу Дәуіт: 3768).

Орысша аудармасы

Умайя ибн Махши (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды в присутствии Посланника Аллаха ﷺ один человек ел, не помянув имени Аллаха. Когда же он, собираясь закончить трапезу, поднёс ко рту последний кусок и вспомнил об этом, то сказал: “Бисмиллях – и в начале, и в конце трапезы!” Пророк ﷺ рассмеялся, а затем объяснил причину своего смеха: “Шайтан ел вместе с ним от начала и до конца. Когда же тот помянул имя Аллаха, шайтан изверг из своего чрева всё, что съел”» (Абу Дауд: 3768).

734
Риядус-салихин, № 734Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَأكُلُ طَعَامًا فِى سِتَّةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ، فَجَاءَ أعْرَابِيٌّ، فَأكَلَهُ بلُقْمَتَيْنِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أما إِنَّهُ لَوْ سَمَّى لَكَفَاكُمْ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ алты шақты сахабасымен бірге ас ішіп отырған еді. Кенеттен бір бәдәуи келді де екі асап, асты демде тауысып қойды. Сонда Алла елшісі: «Егер ол Алланың атын атап (жегенде), бәріңе жететін еді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1858).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ ел вместе примерно с шестью своими сподвижниками. Вдруг пришёл бедуин и всего в два приёма съел всю еду. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если бы он произнёс имя Аллаха (приступая к еде), этой пищи хватило бы всем вам”» (Ат-Тирмизи: 1858).

735
Риядус-салихин, № 735Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

عَنْ أَبِى أُمَامَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا رَفَعَ مَائِدَتَهُ، قَالَ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ حَمدًا كَثِيرًا طَيِّبًا مُبَاركًَا فِيهِ، غَيْرَ مَكْفِيٍّ، وَلَا مُوَدَّعٍ، وَلَا مُسْتَغْنَىً عَنْهُ رَبَّنَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Умәма (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ дастарханнан тұрарда: «Аллаға сансыз, риясыз, берекелі, толассыз әрі онсыз болмайтын мадақ пен шүкір айтамын. Ол – біздің Раббымыз!» – деп ас қайыратын еді», – деген (Бұхари: 5458, Ахмад: 22168).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) сказал: «Вставая из-за стола, Пророк ﷺ обычно произносил молитву после еды: “Воздаю Аллаху безмерную, искреннюю, благословенную и непрестанную хвалу и благодарность, без которых нам не обойтись. Он – наш Господь!”» (Аль-Бухари: 5458; Ахмад: 22168).

736
Риядус-салихин, № 736

عَنْ معاذِ بْنِ أنسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أكَلَ طَعَامًَا فَقَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى أطْعَمَنِى هَذَا وَرَزَقنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّى وَلَا قُوَّةٍ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз ибн Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Кімде-кім тамақ ішкеннен кейін: «Менің күш-қуатымсыз-ақ мені осы тағаммен тамақтандырған, һәм оны маған ризық-несібе етіп берген Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтамын» – десе, оның өткен күнәлары кешіріледі», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуд: 4023, Тирмизи: 3458).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Муаза ибн Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто после еды скажет: “Хвала и благодарность Аллаху, Который накормил меня этой пищей и даровал её мне как удел без какой-либо силы и могущества с моей стороны”, – будут прощены его прежние грехи» (Абу Дауд: 4023; Ат-Тирмизи: 3458).