Хадис

Алдыға қойылған асты сынамау

О том, что не следует порицать поданную пищу

Риядус-салихин, 101-тақырып · 2 хадис · № 737–738

Хадистер

737
Риядус-салихин, № 737Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرِيرة قَالَ: مَا عَابَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ طَعَامًَا قَطُّ، إِن اشْتَهَاهُ أكَلَهُ، وَإِنْ كَرِهَهُ تَرَكَهُ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ алдына келген бірде-бір дәмнен кемшілік іздемейтін. Егер алдындағы асты ұнатып, тәбеті тартса, дәм тататын. Ал ұнатпаса, ішпей-ақ қоя салатын», – деген (Бұхари: 3563, Муслим: 5380, Ахмад: 10141).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ никогда не искал изъянов ни в одном блюде, которое ему подавали. Если оно ему нравилось и вызывало аппетит, он ел его, а если не нравилось – просто оставлял» (Аль-Бухари: 3563; Муслим: 5380; Ахмад: 10141).

738
Риядус-салихин, № 738Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ سَأَلَ أَهْلَهُ الْأُدْمَ، فَقَالُوا: مَا عِنْدَنَا إِلَّا خَلٌّ، فَدَعَا بِهِ، فَجَعَلَ يَأكُلُ، وَيَقُولُ: «نِعْمَ الْأُدْمُ الْخَلُّ، نِعْمَ الْأُدْمُ الْخَلُّ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте, Пайғамбарымыз ﷺ үйіндегілерден тұздық сұрағанда, олар: «Бізде сірке суынан басқа ештеңе жоқ», – дейді, содан Алла елшісі соны алдырып: «Сірке суы – қандай керемет тұздық!» – деп (тамағын) іше бастаған екен (Муслим: 5352, Ахмад: 15058).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Джабиром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ попросил домашних подать ему какую-нибудь приправу. Они ответили: «У нас нет ничего, кроме уксуса». Тогда он велел принести его и, приступив к еде, сказал: «Какая прекрасная приправа – уксус!» (Муслим: 5352; Ахмад: 15058).