Хадис

Риядус-салихин, № 755

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
109. Тамақты үш саусақпен жеу және саусақтарды әдеппен жалап-жұқтау керектігі, ал жалап-жұқтамай тұрып сүртудің ұнамсыз екендігі жайлы, сондай-ақ ыдыстағы (тамақтың жұғынын да қалдырмай) тазалап жеп қою, жерге түскен асты алып жеу және де саусақтарды жалап-жұқтаған соң, қалған майды білекке және аяққа жағуға болатындығы жайында
Нөмірі
№ 755 (қазақша басылым реті)
755
Риядус-салихин, № 755

عَنْ سعيد بْنِ الْحارث: أَنَّهُ سأل جابرًا عنِ الْوُضُوءِ مِمَّا مَسَّتِ النَّارُ، فَقَالَ: لَا، قَدْ كُنَّا زَمَنَ النَّبِيِّ ﷺ لَا نَجِدُ مِثْلَ ذَلِكَ الطَّعامِ إِلَّا قليلًا، فإِذا نَحْنُ وجَدْنَاهُ، لَمْ يَكُنْ لنا مَنَادِيلُ إِلَّا أكُفَّنا، وسَواعِدَنَا، وأقْدامَنَا، ثُمَّ نُصَلِّى وَلَا نَتَوَضَّأُ

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Харис бірде Жәбирден (р.а.): «От тиген тағам жегеннен кейін дәрет алу керек пе?» – деп сұрағанда, ол: «Жоқ. Ондай тағам Пайғамбарымыздың ﷺ кезінде бізге өте сирек бұйыратын. Ондай тағамды тапқан күннің өзінде, бізде (оның саусақтарымызға жұққан майын) сүртетін қолдарымыздан, білектерімізден және аяқтарымыздан басқа сүлгі болмайтын, содан кейін қайтадан дәрет алмай-ақ, сол күйі намаз оқи беретінбіз»,1 – деп жауап береді (Бұхари: 5457, Ахмад: 15020).

Орысша аудармасы

Однажды Саид ибн аль-Харис спросил Джабира (да будет доволен им Аллах): «Нужно ли совершать омовение после употребления пищи, приготовленной на огне?» Он ответил: «Нет. Во времена Пророка ﷺ такая пища доставалась нам крайне редко. Но даже когда она у нас появлялась, иной салфетки, кроме собственных ладоней, предплечий и ступней, у нас не было: мы растирали по ним жир, оставшийся на пальцах. После этого мы молились, не совершая омовения заново1» (Аль-Бухари: 5457; Ахмад: 15020).

  1. 1Бізде де бұрынғы үлкен кісілер ет жегеннен кейін қолдарына жұққан майды рәсуа қылмай, қолдарына, білектеріне және мәсілеріне жағып, жақсылап сүртетін болған...
  1. 1В прежние времена и наши старшие, поев мяса, не давали пропасть жиру, оставшемуся на руках, а растирали его по кистям, предплечьям и кожаным носкам, тщательно вытирая руки…