Хадис

Риядус-салихин, № 104

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
11. Ыждағаттылық жайында
Нөмірі
№ 104 (қазақша басылым реті)
104
Риядус-салихин, № 104Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «يَتْبَعُ الْمَيتَ ثَلَاثَةٌ: أَهْلُهُ وَمَالُهُ وَعَملُهُ، فَيَرجِعُ اثنَانِ وَيَبْقَى وَاحِدٌ: يَرجِعُ أَهْلُهُ وَمَالُهُ، وَيَبقَى عَملُهُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мәйіттің артынан (қабірге) үш нәрсе: отбасы, дүние-мүлкі және амалы еріп барады. Артынша екеуі кері қайтып, біреуі қалады: отбасы мен дүние-мүлкі кері қайтып, амалы (онымен бірге) қалады», – деді», – деген. (Бұхари: 6514; Муслим: 7424; Ахмад: 12080).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном со слов Анаса ибн Малика (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «За умершим к могиле следуют его семья, имущество и деяния. Двое из этих трёх спутников возвращаются, а один остаётся: семья и имущество возвращаются, а деяния остаются с ним» (Аль-Бухари: 6514; Муслим: 7424; Ахмад: 12080).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл жалғанда адам баласы өзінің жақсы-жаман амалдарының ғана иесі, ал оның өзінше иемденіп жүрген дүние-мүлкі мен бала-шағасы шынында оған тиесілі емес, түсінген адам үшін бұл хадисте осындай терең ой мен мән жатыр. Демек, әр адам әрбір іс-әрекетіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені ол өз іс-әрекетінің шынайы һәм жалғыз иесі, яки Құранда айтылғандай тұтқыны, сол үшін Құдай алдында да, кісі алдында да бір өзі жауап береді. Адамөзекті діни санаға негізделген Матуриди ақидасындағы адам өз ерік-қалауы негізінде істеген істерінің шынайы иесі деген «кәсб» теориясы да осынау ақиқатты қуаттайды…

Түсіндірме (орысша)

в этом бренном мире человеку принадлежат лишь его добрые и дурные деяния, тогда как имущество и дети, которые он считает своей собственностью, в действительности ему не принадлежат. Тому, кто умеет задуматься, этот хадис открывает глубокую мысль и важный смысл. Следовательно, каждому человеку надлежит с величайшей ответственностью относиться к каждому своему поступку, поскольку он является подлинным и единственным хозяином своих деяний – или, как сказано в Коране, их пленником, – и за них он один несёт ответственность как перед Богом, так и перед людьми. Эту истину подтверждает и теория «касб» в матуридитской акиде, основанной на ориентированном на человека религиозном сознании: согласно этой теории, человек является подлинным обладателем деяний, совершённых им по собственной воле и выбору…