عَنْ أَنَس، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ فيما يرويه عَنْ ربّه تَعَالَى، قَالَ: «إِذَا تَقَربَ الْعَبْدُ إِلَيَّ شِبْرًا تَقَربْتُ إِلَيْه ذِرَاعًا، وَإِذَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ ذِرَاعًا تَقَربْتُ مِنهُ بَاعًا، وِإِذَا أتَانِى يَمشي أَتَيْتُهُ هَرْوَلَةً»
Әнәстан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ бәрінен үстем һәм ұлы болған Раббысынан мына сөзді жеткізген: «Пендем Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған жүріп келсе, Мен оған жылдам жүріп келемін», – деді», – деген (Бұхари: 7536; Ахмад: 12233).
Анас (да будет доволен им Аллах) передаёт: «Наш Пророк ﷺ, передавая слова своего Всевышнего и Великого Господа, сказал: “Если Мой раб приблизится ко Мне на одну пядь, Я приближусь к нему на один локоть. Если он приблизится ко Мне на один локоть, Я приближусь к нему на одну сажень. Если он пойдёт ко Мне шагом, Я быстро направлюсь к нему”» (Аль-Бухари: 7536; Ахмад: 12233).
Түсіндірме (қазақша)
Хадистегі Алланың пендесіне бір шынтақ, бір құлаш жақындауы немесе «пендеме жүгіріп келем» дегенін тілдік тура мағынада емес, ауыспалы мағынада түсінгеніміз жөн. Өйткені Құранда және хадистерде Аллаға телініп келген, тура мағынасы белгілі бір іс-қимылды білдіретін «келу», «түсу», «жылдам жүру» сынды сөздерді ғалымдарымыз тілдік тура мағынада түсінуге болмайтын, белгілі қағидалар және аят пен хадистің контексті негізінде ғана пайымдалатын, ақиқатын бір Алла ғана білетін мүтәшәбиһ сипаттарға жатқызған. Себебі мұндай сөздердің тура мағынасынан белгілі бір мекенде болу, бір жерден басқа бір жерге ауысу сынды жаратылысқа тән сипаттар мен мағыналар шығады. Алланың еш нәрсеге ұқсамайтындығы, жаратылысқа тән сипаттардың ешбірі Оған тән емес екендігі Құранда анық айтылған. Қараңыз: Шура сүресі, 11-аят; Ықылас сүресі, 4-аят; Нахыл сүресі, 74-аят..., сондықтан Құран мен хадистерде келген мұндай мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыздың ғылыми, тілдік және контекстік тәпсірлері мен түсіндірмелері негізінде түсінгеніміз жөн.
Түсіндірме (орысша)
слова хадиса о том, что Аллах приближается к Своему рабу на один локоть или на одну сажень, а также Его слова «Я прибегу к Своему рабу» следует понимать не в буквальном языковом, а в переносном смысле. Выражения, встречающиеся в Коране и хадисах применительно к Аллаху, прямое значение которых указывает на определённое действие или движение, такие как «приход», «нисхождение» и «быстрое движение», наши учёные относят к числу атрибутов, называемых «муташабих». Их нельзя понимать в буквальном языковом смысле: они могут быть истолкованы лишь на основании установленных правил и контекста соответствующего аята или хадиса, тогда как их подлинная сущность известна одному лишь Аллаху. Ведь буквальное понимание подобных слов предполагает такие свойственные творениям признаки и смыслы, как пребывание в определённом месте и перемещение из одного места в другое. В Коране ясно сказано, что Аллах не подобен ничему и что ни одно из свойств, присущих творениям, Ему не присуще. См.: сура «Аш-Шура», аят 11; сура «Аль-Ихляс», аят 4; сура «Ан-Нахль», аят 74… Поэтому встречающиеся в Коране и хадисах подобные выражения «муташабих» следует понимать на основании научных, языковых и контекстуальных толкований и разъяснений наших учёных.