Хадис

Ақ түсті киім киюдің абзалдығы жайлы (ал қызыл, жасыл, сары, қара т.б. түсті киім киюге болады, сондай-ақ жібектен басқа, мақтадан, зығырдан, қылдан, жүннен жасалған маталардан тігілген киімдерді де киюге болады)

О предпочтительности ношения белой одежды (при этом дозволено носить одежду красного, зелёного, жёлтого, чёрного и других цветов, а также одежду из хлопка, льна, волоса животных и шерсти, но не из шёлка)

Риядус-салихин, 117-тақырып · 10 хадис · № 780–789

КИІМ КИЮ ӘДЕБІ

Хадистер

«يَا بَنِى آدَمَ قَدْ أنْزَلْنَا عَلَيْكُمْ لِبَاسًا يُوَارِى سَوْآتِكُمْ وَرِيشًا وَلِبَاسُ التَّقْوَى ذَلِكَ خَيْرٌ» «Уа, Адамның үрім-бұтағы! Сендерге әбиірлеріңді жабатын лыпа һәм кигенде өздеріңді көрікті ететін киім түсірдік. Біле білсеңдер, ең қайырлы киім – тақуалық киімі» («Ағраф», 26аят).

«وَجَعَلَ لَكُمْ سَرَابِيلَ تَقِيكُمُ الْحَرَّ وَسَرَابِيلَ تَقِيكُمْ بَأسَكُمْ» «Әрі сендерді ыстықтан сақтайтын киім-кешектер мен соғысқандарыңда сақтайтын сауыттар жаратты...» («Нахл», 81аят).

«О потомки Адама! Мы ниспослали вам одежды, которые прикрывают вашу наготу, и наряды, которые украшают вас. Но если бы вы только знали, что наилучшее одеяние – одеяние богобоязненности» (сура «А‘раф», 7:26).

«И сделал одеяния, защищающие вас от жары, и сделал доспехи, защищающие вас от вашего вреда» (сура «Нахль», 16:81).

780
Риядус-салихин, № 780Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْبَسُوا مِنْ ثِيَابِكُمْ الْبَيَاضَ؛ فَإِنَّهَا مِنْ خَيْرِ ثِيَابِكُمْ، وَكَفِّنُوا فِيهَا مَوْتَاكُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Киімдеріңнің ақ түсті болғанын киіңдер, өйткені ол – киімдеріңнің жақсысы. Сондай-ақ мәйіттеріңді де ақ матамен кебіндеңдер», – деген (Әбу Дәуіт: 3878, Тирмизи: 994).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Носите белые одежды, ибо они – лучшие из ваших одежд. И заворачивайте своих умерших в белую ткань» (Абу Дауд: 3878; Ат-Тирмизи: 994).

781
Риядус-салихин, № 781Риуаят етуші: Сәмура (р.а.)

عَنْ سَمُرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْبَسُوا الْبَيَاضَ؛ فَإِنَّهَا أطْهَرُ وَأطْيَبُ، وَكَفِّنُوا فِيهَا مَوْتَاكُمْ»

Қазақша аудармасы

Сәмурадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ақ түсті киім киіңдер, өйткені ақ түс – таза, қарапайым әрі көрікті келеді. Мәйіттеріңді де ақ түсті матамен кебіндеңдер», – деп айтты» – делінген (Нәсәй, 34/4, Хаким: 185/4, Ахмад: 20154).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Самурой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Носите одежду белого цвета, поскольку белый цвет отличается чистотой, простотой и красотой. И заворачивайте своих умерших в белую ткань» (Ан-Насаи: 34/4; Аль-Хаким: 185/4; Ахмад: 20154).

782
Риядус-салихин, № 782Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبراءِ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَرْبُوعًا، وَلَقَدْ رَأَيْتُهُ فِى حُلَّةٍ حَمْرَاءَ مَا رَأَيْتُ شَيْئًا قَطُّ أَحْسَنَ مِنْهُ

Қазақша аудармасы

Бәра ибн әл-Азиб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ орта бойлы еді. Бір күні үстіне қызыл түсті киім кигенін көрдім. Сол киімнің өзіне жарасқаны соншалық – бұл өмірде одан көрікті ешкімді көрген емеспін», – деген (Бұхари: 5848, Муслим: 6064, Ахмад: 18473).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ был среднего роста. Однажды я увидел его в красной одежде. Она шла ему так, что в этом мире я не видел никого прекраснее него» (Аль-Бухари: 5848; Муслим: 6064; Ахмад: 18473).

783
Риядус-салихин, № 783

عَنْ أَبِى جُحَيفَةَ وَهْب بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ بِمكّةَ وَهُوَ بالأبْطَحِ فِى قُبَّةٍ لَهُ حَمْرَاءَ مِنْ أَدمِ، فَخَرَجَ بِلَالٌ بِوَضُوئِهِ، فَمِنْ نَاضِحٍ وَنَائِلٍ، فَخَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ وعليه حُلَّةٌ حَمْرَاءُ، كَأنِّى أنْظُرُ إِلَى بَيَاضِ سَاقَيْهِ، فَتَوَضّأ وَأذَّنَ بِلَالٌ، فَجَعَلْتُ أتَتَبَّعُ فَاهُ هَاهُنَا وَهَاهُنَا، يَقُولُ يَمِينًا وَشِمَالًا: حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، ثُمَّ رُكِزَتْ لَهُ عَنَزَةٌ، فَتَقَدَّمَ فَصَلَّى يَمُرُّ بَيْنَ يَدَيْهِ الْكَلْبُ وَالْحِمَارُ لَا يُمْنَعُ

Қазақша аудармасы

Әбу Жухайфа Уәһб ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбарымызды ﷺ Меккеде «әл-Абтах» деген жерде, иленген қызыл терімен қапталған өзінің шатырында көрдім. Биләл оның дәрет суын сыртқа алып шықты, (Алла елшісі дәрет алған соң) сол судан кейбіреулерге бірнеше тамшы бұйырса, енді біреулерге (денелерінің кейбір жерлерін сулайтындай) су бұйырды. Содан Пайғамбарымыз үстіне қызыл хулла1 киіп, сыртқа шықты, оның аппақ қос балтыры әлі күнге дейін көз алдымда. Ол дәрет алды, Биләл азан шақырды. Ол оңға және солға бұрылып: «Хайиә аләс-сала», «хайиә аләл-фәләх», – деп айтқанда, мен оның аузына қарап, қайталап отырдым. Содан Алла елшісінің алдына (сутра ретінде) ұшы ұшталған таяқ қадалған соң, алдыға шығып намаз оқыды. Сонда оның алдынан ит те, есек те еш кедергісіз өтіп жатты», – деген (Бұхари: 376, Муслим: 1119, Ахмад: 18760).

Орысша аудармасы

Абу Джухайфа Вахб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел Пророка ﷺ в Мекке, в местности аль-Абтах, где он находился в своём шатре из выделанной красной кожи. Билял вынес наружу воду, которой Посланник Аллаха ﷺ совершил омовение. Некоторым досталось по несколько капель этой воды, а другим – столько, что они смогли смочить ею отдельные части тела. Затем Пророк ﷺ вышел наружу в красной хулле1, и я словно до сих пор вижу белизну обеих его голеней. Он совершил омовение, а Билял произнёс азан. Когда Билял поворачивался направо и налево, произнося: “Хаййа ‘аляс салят”, “Хаййа ‘аляль фалях”, – я смотрел на движение его губ и повторял за ним. Затем перед Посланником Аллаха ﷺ воткнули в землю заострённую палку в качестве сутры, после чего он вышел вперёд и совершил молитву. При этом перед ним беспрепятственно проходили и собаки, и ослы» (Аль-Бухари: 376; Муслим: 1119; Ахмад: 18760).

  1. 1Хулла – біреуі дененің белден төменгі, біреуі белден жоғарғы бөлігін жабатын, бірыңғай екі киімнен тұратын киім үлгісі.
  1. 1Хулла – комплект из двух одинаковых по ткани одеяний: одно прикрывает нижнюю часть тела, от пояса вниз, а другое – верхнюю.
784
Риядус-салихин, № 784

عَنْ أَبِى رمْثَة رفَاعَةَ التَّيْمِيِّ قَالَ: رأيتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وعليه ثوبانِ أخْضَرَان

Қазақша аудармасы

Әбу Римсә Рифаға әт-Тәмими (р.а.): «Бірде мен Алла елшісінің ﷺ үстіне екі бірдей жасыл киім кигенін көрдім», – деген (Әбу Дәуіт, 4065, Тирмизи, 2812).

Орысша аудармасы

Абу Римса Рифаа ат-Тамими (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я увидел на Посланнике Аллаха ﷺ два одинаковых зелёных одеяния» (Абу Дауд: 4065; Ат-Тирмизи: 2812).

785
Риядус-салихин, № 785Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَخَلَ يَوْمَ فَتْحِ مَكَّةَ وَعَلَيْهِ عِمَامَةٌ سَوْدَاء

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Мекке қаласы алынған күні Алла елшісі ﷺ басына қара сәлде ораған күйде Меккеге кірген еді», – деп айтты (Муслим: 3309).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «В день завоевания Мекки Посланник Аллаха ﷺ вошёл в город с чёрной чалмой на голове» (Муслим: 3309).

786
Риядус-салихин, № 786

عَنْ أَبِى سعيد عَمْرُو بْنِ حُرَيْثٍ قَالَ: كأنّي أنْظُرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وعليه عِمَامَةٌ سَوْدَاءُ، قَدْ أرْخَى طَرَفَيْهَا بَيْنَ كَتِفَيْهِ.

وَفِى رِوَايَةٍ لَهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَطَبَ النَّاسَ، وَعَلَيْهِ عِمَامَةٌ سَوْدَاءُ

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид Амр ибн Хурайс (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ екі ұшын екі жауырынының ортасына түсіріп, қара сәлде киіп тұрған бейнесі әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді», – деп айтты (Муслим: 3312).

Осы хадистің тағы бір нұсқасында: «Алла елшісі ﷺ ел-жұртқа құтба айтқанда басында қара сәлде болған еді», – делінген.

Орысша аудармасы

Абу Саид Амр ибн Хурайс (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я и поныне словно вижу перед собой Посланника Аллаха ﷺ в чёрной чалме, оба конца которой он опустил между лопатками» (Муслим: 3312).

В другом варианте этого хадиса говорится: «Когда Посланник Аллаха ﷺ обращался к людям с проповедью, на его голове была чёрная чалма».

787
Риядус-салихин, № 787Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كُفِّنَ رَسُول اللَّهِ ﷺ فِى ثَلَاثةِ أثْوَاب بيضٍ سَحُولِيَّةٍ مِنْ كُرْسُفٍ، لَيْسَ فِيهَا قَمِيصٌ وَلَا عِمَامَةٌ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мақтадан тоқылған сахулилік1 ақ түсті үш киімге кебінделді. Олардың ішінде көйлек те, сәлде де болмады», – деген (Бұхари: 1271, Муслим: 2179, Ахмад: 24122).

Орысша аудармасы

Наша мать Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ был завёрнут в саван из трёх белых сахулийских1 полотнищ, сотканных из хлопка. Среди них не было ни рубахи, ни чалмы» (Аль-Бухари: 1271; Муслим: 2179; Ахмад: 24122).

  1. 1Иемен жеріндегі елді мекен.
  1. 1Населённый пункт в Йемене.
788
Риядус-салихин, № 788Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا، قَالَتْ: خرج رَسُول اللَّهِ ﷺ ذات غَدَاةٍ، وَعَلَيْهِ مِرْطٌ مرَحَّلٌ مِنْ شَعرٍ أسْوَد

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бір күні таңертең Алла елшісі ﷺ қара жүннен тоқылған, түйе ер-тоқымы бейнеленген оюлары бар шекпен киіп шықты», – деп айтты (Муслим: 5445, Ахмад: 24382).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды утром Посланник Аллаха ﷺ вышел в чёрном шерстяном плаще, украшенном узорами в виде верблюжьих сёдел» (Муслим: 5445; Ахмад: 24382).

789
Риядус-салихин, № 789Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба (р.а.)

عَنْ الْمغيرة بْنِ شُعْبَةَ قَالَ: كُنْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ ذاتَ لَيْلَةٍ فِى مسير، فَقَالَ لي: «أمَعَكَ مَاءٌ؟» قُلْتُ: نَعَمْ، فَنَزَلَ عَنْ رَاحِلَتِهِ فَمَشَى حَتَّى تَوَارَى فِى سَوَادِ اللَّيْلِ، ثُمَّ جَاءَ فَأفْرَغْتُ عَلَيْهِ مِنَ الْإِدَاوَةِ، فَغَسَلَ وَجْهَهُ وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ مِنْ صُوفٍ، فَلَمْ يَسْتَطِعْ أَنْ يُخْرِجَ ذِرَاعَيْهِ مِنْهَا حَتَّى أخْرَجَهُمَا مِنْ أسْفَلِ الْجُبَّةِ، فَغَسَلَ ذِرَاعَيْهِ وَمَسَحَ بِرَأسِهِ، ثُمَّ أهْوَيْتُ لأَنْزَعَ خُفَّيْهِ، فَقَالَ: «دَعْهُمَا فَإِنِّى أَدْخَلْتُهُمَا طَاهِرَتَيْنِ» وَمَسحَ عَلَيْهِمَا

وَفِى رِوَايَة: وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ شَامِيَّةٌ ضَيِّقَةُ الْكُمَّيْنِ

وَفِى رِوَايَة: أَنَّ هَذِهِ الْقَضِيَّةَ كَانَتْ فِى غَزْوَةِ تَبُوكَ

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғба (р.а.): «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге түн ішінде жол жүрген едік, сонда ол менен: «Сенде су бар ма?» – деп сұрады. Мен: «Иә», – деп едім, түйесінен түсті де, жүріп отырып, түннің қара түнегінен көрінбей кетті. Сосын қайтып келгенде, оған ыдыстан су құйдым, сонымен бетін жуды. Сол кезде үстінде жүннен тоқылған шекпен болған еді. Содан ол қос білегін шекпенінің тар жеңінен шығара алмаған соң, шекпеннің астынан шығарды. Сөйтіп білектерін жуды да, басына мәсіх тартты. Мәсілерін шешейін деп (қолымды созып едім) маған: «Оларды қоя бер, өйткені оларды (дәрет алған) таза аяғыма кидім», – деді де, оларға да мәсіх тартты», – деген (Бұхари: 5799, Муслим, 626, Ахмад: 18193).

Аталмыш хадистің тағы бір нұсқасында: «…үстінде Шамнан әкелінген жеңі тар шекпен болды», – делінген (Бұхари: 2918, Муслим; 629).

Басқа бір риуаятта бұл оқиғаның Тәбук жорығы кезінде болғандығы айтылған (Бұхари: 4421).

Орысша аудармасы

Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы вместе с Посланником Аллаха ﷺ ехали ночью. Он спросил меня: “Есть ли у тебя вода?” Я ответил: “Да”. Тогда он спешился с верблюда, отошёл и скрылся во мраке ночи. Когда он вернулся, я стал лить ему воду из сосуда, и он омыл лицо. На нём была шерстяная джубба. Поскольку узкие рукава не позволяли обнажить руки до локтей, он вынул их из-под джуббы. Затем он омыл руки до локтей и провёл влажными руками по голове. Я протянул руки, желая снять с него кожаные носки, но он сказал мне: “Оставь их, ибо я надел их на чистые ноги после совершения омовения”, – после чего протёр их влажными руками» (Аль-Бухари: 5799; Муслим: 626; Ахмад: 18193).

В другой версии этого хадиса говорится: «…на нём была привезённая из Шама джубба с узкими рукавами» (Аль-Бухари: 2918; Муслим: 629).

В другом предании сообщается, что это произошло во время похода на Табук. (Аль-Бухари: 4421).