Хадис

Риядус-салихин, № 783

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
117. Ақ түсті киім киюдің абзалдығы жайлы (ал қызыл, жасыл, сары, қара т.б. түсті киім киюге болады, сондай-ақ жібектен басқа, мақтадан, зығырдан, қылдан, жүннен жасалған маталардан тігілген киімдерді де киюге болады)
Нөмірі
№ 783 (қазақша басылым реті)
783
Риядус-салихин, № 783

عَنْ أَبِى جُحَيفَةَ وَهْب بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ بِمكّةَ وَهُوَ بالأبْطَحِ فِى قُبَّةٍ لَهُ حَمْرَاءَ مِنْ أَدمِ، فَخَرَجَ بِلَالٌ بِوَضُوئِهِ، فَمِنْ نَاضِحٍ وَنَائِلٍ، فَخَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ وعليه حُلَّةٌ حَمْرَاءُ، كَأنِّى أنْظُرُ إِلَى بَيَاضِ سَاقَيْهِ، فَتَوَضّأ وَأذَّنَ بِلَالٌ، فَجَعَلْتُ أتَتَبَّعُ فَاهُ هَاهُنَا وَهَاهُنَا، يَقُولُ يَمِينًا وَشِمَالًا: حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، ثُمَّ رُكِزَتْ لَهُ عَنَزَةٌ، فَتَقَدَّمَ فَصَلَّى يَمُرُّ بَيْنَ يَدَيْهِ الْكَلْبُ وَالْحِمَارُ لَا يُمْنَعُ

Қазақша аудармасы

Әбу Жухайфа Уәһб ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбарымызды ﷺ Меккеде «әл-Абтах» деген жерде, иленген қызыл терімен қапталған өзінің шатырында көрдім. Биләл оның дәрет суын сыртқа алып шықты, (Алла елшісі дәрет алған соң) сол судан кейбіреулерге бірнеше тамшы бұйырса, енді біреулерге (денелерінің кейбір жерлерін сулайтындай) су бұйырды. Содан Пайғамбарымыз үстіне қызыл хулла1 киіп, сыртқа шықты, оның аппақ қос балтыры әлі күнге дейін көз алдымда. Ол дәрет алды, Биләл азан шақырды. Ол оңға және солға бұрылып: «Хайиә аләс-сала», «хайиә аләл-фәләх», – деп айтқанда, мен оның аузына қарап, қайталап отырдым. Содан Алла елшісінің алдына (сутра ретінде) ұшы ұшталған таяқ қадалған соң, алдыға шығып намаз оқыды. Сонда оның алдынан ит те, есек те еш кедергісіз өтіп жатты», – деген (Бұхари: 376, Муслим: 1119, Ахмад: 18760).

Орысша аудармасы

Абу Джухайфа Вахб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел Пророка ﷺ в Мекке, в местности аль-Абтах, где он находился в своём шатре из выделанной красной кожи. Билял вынес наружу воду, которой Посланник Аллаха ﷺ совершил омовение. Некоторым досталось по несколько капель этой воды, а другим – столько, что они смогли смочить ею отдельные части тела. Затем Пророк ﷺ вышел наружу в красной хулле1, и я словно до сих пор вижу белизну обеих его голеней. Он совершил омовение, а Билял произнёс азан. Когда Билял поворачивался направо и налево, произнося: “Хаййа ‘аляс салят”, “Хаййа ‘аляль фалях”, – я смотрел на движение его губ и повторял за ним. Затем перед Посланником Аллаха ﷺ воткнули в землю заострённую палку в качестве сутры, после чего он вышел вперёд и совершил молитву. При этом перед ним беспрепятственно проходили и собаки, и ослы» (Аль-Бухари: 376; Муслим: 1119; Ахмад: 18760).

  1. 1Хулла – біреуі дененің белден төменгі, біреуі белден жоғарғы бөлігін жабатын, бірыңғай екі киімнен тұратын киім үлгісі.
  1. 1Хулла – комплект из двух одинаковых по ткани одеяний: одно прикрывает нижнюю часть тела, от пояса вниз, а другое – верхнюю.