Хадис

Риядус-салихин, № 797

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
119. Жейденің етегі мен жеңінің, шалбардың балағының және сәлденің ұштарының ұзындық мөлшері жайлы
Нөмірі
№ 797 (қазақша басылым реті)
797
Риядус-салихин, № 797

عَنْ أَبِى جُرَيٍّ جابر بْنِ سُلَيْم قَالَ: رَأَيْتُ رَجُلًا يَصْدُرُ النَّاسُ عَنْ رَأْيهِ، لَا يَقُولُ شَيْئًا إِلَّا صَدَرُوا عَنْهُ، قُلْتُ: مَنْ هَذَا؟ قَالُوا: رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قُلْتُ: عَلَيْكَ السَّلَامُ يَا رَسُولَ اللَّهِ – مرّتين – قَالَ: «لَا تَقُلْ: عَلَيْكَ السَّلَامُ، عَلَيْكَ السَّلَامُ تَحِيَّةُ الْمَوْتَى، قُلْ: السَّلَامُ عَلَيْكَ» قَالَ: قُلْتُ: أَنْتَ رَسُول اللَّهِ؟ قَالَ: «أَنَا رَسُول اللَّهِ الَّذِى إِذَا أَصَابَكَ ضُرٌّ فَدَعَوْتَهُ كَشَفَه عَنْكَ، وَإِذَا أَصَابَكَ عَامُ سَنَةٍ»«فَدَعَوْتَهُ أَنْبَتَهَا لَكَ، وَإِذَا كُنْتَ بِأَرْضٍ قَفْرٍ أَوْ فَلَاةٍ فَضَلَّتْ رَاحِلَتُكَ، فَدَعَوْتَهُ رَدَّهَا عَلَيْكَ» قَالَ: قُلْتُ: اعْهَدْ إِلَيَّ. قَالَ: «لَا تَسُبَّنَ أَحَدًا» قَالَ: فَمَا سَبَبْتُ بَعْدَهُ حُرًّا، وَلَا عَبْدًا، وَلَا بَعِيرًا، وَلَا شَاةً، «ولَا تَحْقِرَنَّ مِنَ الْمَعْرُوفِ شَيْئًا، وأَنْ تُكَلِّمَ أخَاكَ وَأَنْتَ مُنْبَسِطٌ إِلَيْهِ وَجْهُكَ، إِنَّ ذَلِكَ مِنَ الْمَعْرُوفِ، وَارْفَعْ إِزَارَكَ إِلَى نِصْفِ السَّاقِ، فَإِنْ أبَيْتَ فَإِلَى الْكَعْبَينِ، وَإِيَّاكَ وَإِسْبَالَ الْإِزَار فَإِنَّهَا مِنَ الْمخِيلَةِ. وَإِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمَخِيلَةَ؛ وَإِن امْرُؤٌ شَتَمَكَ وعَيَّرَكَ بِمَا يَعْلَمُ فِيكَ فَلَا تُعَيِّرْهُ بِمَا تَعْلَمُ فِيهِ، فَإِنَّمَا وَبَالُ ذَلِكَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сүләйм (р.а.): «Бірде айналасындағы адамдар ақыл-кеңесіне құлақ асып, айтқанынан шықпайтын бір кісіні көріп, ол жайлы білмекші болып: «Бұл кісі кім?» – деп сұрадым. Сонда қасындағылар оны: «Алла елшісі», – деп таныстырды. Мен оған жақын барып, екі қайтара: «Аләйкәс-сәләму, уа, Расулалла!» – деп сәлем бердім. Сол кезде ол маған: «Аләйкәс-сәләму» деп айтпа, өйткені аләйкәс-сәләму деп өлгендерге айтылады. Сәлем беретін болсаң, «әс-сәләму аләйкә» деп айт», – деді. Мен одан: «Сіз Алланың елшісісіз бе?» – деп сұрадым. Ол: «Мен сен қандай да бір зиянға ұшырағанда дұға жасасаң, сені содан құтқаратын; қуаңшылыққа тап болғанда дұға жасасаң, (жауын жауғызып) көк шығаратын; сондай-ақ, шөл далада келе жатып, көлігіңнен айырылып қалғанда, дұға жасасаң, саған соны (ойламаған жерде) қайтарып беретін Алланың елшісімін», – деп жауап берді. Сонда мен: «Ендеше, маған жөн сілтеп, ақыл айтыңыз», – дегенімде, алғашқы айтқан ақылы «Ешкімге тіл тигізбе» – болды. Содан бері, басы азат жанға да, басыбайлы құлға да, тіпті түйе мен қойға да тіл тигізген емеспін. Содан кейін маған: «(Титтей де болса) жақсылық атаулының ешбірін қомсынба. Тіпті бауырыңмен жай ғана сөз алмасқан күннің өзінде жүзің жарқын болсын. Өйткені бұл да жақсылықтың бір түрі. Киіміңнің етегін (балағыңды) жіліншігіңнің қақ жарымына дейін көтер. Егер олай істегің келмесе, тобықтарыңа дейін көтер. Киіміңнің етегін (балағыңды) тобықтан төмен түсіріп, сүйретуші болма, өйткені олай істеу – тәкаппарлық. Расында, Алла Тағала тәкаппарлықты жақсы көрмейді. Егер біреу сенің қандай да бір мініңді біліп, сол үшін сені балағаттап, мініңді бетіңе басса, сен оның осал жағын білсең де, есе қайтарамын деп, айыбын бетіне басып балағаттама. Сонда оның обалы өзіне болады», – деп насихат айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4084, Тирмизи: 2722).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Суляйм (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды я увидел человека, к советам которого окружающие внимательно прислушивались и ни в чём ему не перечили. Желая узнать, кто он, я спросил: “Кто этот человек?” Находившиеся рядом ответили: “Посланник Аллаха”. Тогда я подошёл к нему и дважды поприветствовал его словами: “Алейкас саляму, о Посланник Аллаха!” Он сказал мне: “Не говори: ‘Алейкас саляму’, ибо так приветствуют умерших. Когда приветствуешь, говори: ‘Ассаляму алейка’”.

Я спросил его: “Вы действительно Посланник Аллаха?” Он ответил: “Я – посланник Аллаха. Если тебя постигнет беда и ты воззовёшь к Нему, Он избавит тебя от неё; если тебя постигнет засуха и ты воззовёшь к Нему, Он ниспошлёт дождь и взрастит зелень; а если в пустыне ты потеряешь своё верховое животное и воззовёшь к Нему, Он возвратит его тебе оттуда, откуда ты и не ожидал”.

Тогда я попросил: “Наставьте меня и укажите мне верный путь”. Первым его наставлением было: “Никого не оскорбляй”. С тех пор я не оскорблял ни свободного человека, ни раба и не бранил даже верблюда или овцу.

Затем он наставил меня: “Не пренебрегай ни одним благим делом, каким бы малым оно ни казалось. Даже когда ты просто беседуешь со своим братом, встречай его с приветливым лицом, ибо это также является благим делом. Поднимай край своей одежды или штанины до середины голени. Если не желаешь этого, то хотя бы до щиколоток. Не опускай край одежды ниже щиколоток, волоча его по земле, ибо это – проявление высокомерия. Поистине, Аллах Всевышний не любит высокомерия. Если кто-либо, зная о каком-нибудь твоём недостатке, станет оскорблять тебя и попрекать этим недостатком, то ты, даже зная о его слабости, не оскорбляй его в ответ и не попрекай его изъяном. Тогда бремя этого греха понесёт он сам”» (Абу Дауд: 4084; Ат-Тирмизи: 2722).