Хадис

Ұйықтар алдында оқылатын дұға-мінәжаттар

О молитвах и мольбах, произносимых перед сном

Риядус-салихин, 127-тақырып · 6 хадис · № 815–820

ҰЙҚЫ ӘДЕБІ

Хадистер

815
Риядус-салихин, № 815Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبَراءِ بْنِ عازِبٍ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أوَى إِلَى فِرَاشِهِ نَامَ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَن، ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ أَسْلَمْتُ نفسي إِلَيْكَ، وَوَجَّهْتُ وَجْهِى إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أمْرِى إِلَيْكَ، وَألْجَأتُ ظَهْرِى إِلَيْك، رَغْبَةً وَرَهْبَةً إِلَيْكَ، لَا مَلْجَأ وَلَا مَنْجا مِنْكَ إِلَّا إِلَيكَ، آمَنْتُ بكِتَابِكَ الَّذِى أنْزَلْتَ، وَنَبِيِّكَ الَّذِى أرْسَلْتَ»

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ төсегіне жатқанда оң жақ бүйірімен жататын, содан соң: «Уа, Алла! Үміт пен үрей арасында өзімді бір Өзіңе тапсырдым және жүзімді Өзіңе қараттым. Бар ісімді Өзіңе тапсырып, бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа пана болар ешкім жоқ! Түсірген кітабың мен жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім! (Аллаһумма, әсләмту нәфси иләйкә, уә уәжжәһту уәжһи иләйкә, уә фаууадту әмри иләйкә, уә әлжә’ту заһри иләйкә рағбәтән уә раһбәтән иләйкә. Лә мәлжә’ә уә лә мәнжә минкә иллә иләйкә! Әмәнту бикитәбикәл-ләзи әнзәлтә, уә бинәбийикәл-ләзи әрсәлтә!)», – деп айтатын» (Бұхари: 6315, Ахмад: 18561).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ ложился в постель, он поворачивался на правый бок, а затем говорил: “О Аллах! С надеждой на Тебя и страхом перед Тобой я предал себя Тебе одному и обратил к Тебе своё лицо. Все свои дела я вверил Тебе и лишь на Тебя уповал. Нет ни убежища, ни спасения от Тебя, кроме как у Тебя! Я уверовал в ниспосланную Тобой Книгу и в посланного Тобой пророка! (Аллахумма, аслямту нафси иляйка, ва ваджжахту ваджхи иляйка, ва фаввадту амри иляйка, ва альджа’ту захри иляйка, рагбатан ва рахбатан иляйка. Ля мальджа’а ва ля манджа минка илля иляйка! Аманту би китабикаллязи анзальта ва би набиййикаллязи арсальта!)”» (Аль-Бухари: 6315; Ахмад: 18561).

816
Риядус-салихин, № 816Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَتَيْتَ مَضْجَعَكَ فَتَوَضَّأ وُضُوءكَ لِلْصَّلَاةِ، ثُمَّ اضْطَجِعْ عَلَى شِقِّكَ الْأَيْمَن، وَقُلْ...» وذَكَرَ نَحْوَهُ، وفيه: «وَاجْعَلْهُنَّ آخِرَ مَا تَقُولُ»

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ маған: «Төсегіңе жатарда намазға дәрет алғаныңдай дәрет ал, содан соң оң жағыңмен жатып былай деп айт...», – деп, жоғарыдағыдай дұға-мінәжатты айтты. Сондай-ақ сол дұғада: «Міне осылар (ұйықтар алдындағы) ең соңғы сөзің болсын», – деді (Бұхари: 6310, Муслим: 6882, Ахмад: 18561).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ наставил меня: “Когда соберёшься лечь в постель, соверши такое же омовение, какое совершаешь перед молитвой, затем ляг на правый бок и скажи…”» Далее в хадисе приводится упомянутая выше мольба. Посланник Аллаха ﷺ также сказал: «Пусть эти слова станут последним, что ты произнесёшь перед сном» (Аль-Бухари: 6310; Муслим: 6882; Ахмад: 18561).

817
Риядус-салихин, № 817Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّى مِنَ اللَّيْلِ إِحْدَى عَشرَةَ رَكْعَةً، فَإِذَا طَلَعَ الْفَجْرُ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ، ثُمَّ اضْطَجَعَ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَن حَتَّى يَجيءَ الْمُؤَذِّنُ فَيُؤْذِنَهُ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ түнде он бір рәкағат намаз оқитын. Таң атқанда екі бас жеңіл (қысқа) намаз оқитын, содан соң азаншы келіп азан шақырғанға дейін оң жағымен жантайып жататын еді», – деген (Бұхари: 6310, Муслим: 1717, Ахмад: 18561).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Пророк ﷺ совершал по ночам молитву в одиннадцать ракаатов. С наступлением рассвета он совершал ещё два лёгких (коротких) ракаата, а затем ложился на правый бок и оставался так до тех пор, пока не приходил муэдзин, чтобы позвать его на молитву» (Аль-Бухари: 6310; Муслим: 1717; Ахмад: 18561).

818
Риядус-салихин, № 818Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا أَخَذَ مَضْجَعَهُ مِنَ اللَّيْلِ وَضَعَ يَدَهُ تَحْتَ خَدِّهِ، ثُمَّ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ بِاسْمِكَ أَمُوتُ وَأحْيَا» وَإِذَا اسْتَيْقَظ قَالَ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى أحْيَانَا بَعْدَمَا أمَاتَنَا وَإِلَيْهِ النُّشُورُ»

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ ұйқыға жатқанда, қолын жастанып: «Уа, Алла Тағалам, Сенің атыңмен көз жұмып, Сенің атыңмен қайта тірілемін», – деп дұға жасайтын. Ал оянғанда: «Бізге кіші өлімнің дәмін таттырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкіршілік пен мадақ айтамыз! Соңында (ақырет таңы атқанда қабірдегі өлім ұйқысынан оянып) бәріміз де Аллаға қайтамыз», – деп дұға ететін еді», – деген (Бұхари, 6314, Ахмад: 23286).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Пророк ﷺ ложился спать, он подкладывал ладонь под щёку и обращался с мольбой: “О Аллах Всевышний! С Твоим именем я смыкаю глаза и с Твоим именем вновь оживаю”. Проснувшись, он говорил: “Хвала и благодарность Аллаху, Который вернул нас к жизни после того, как дал нам вкусить малую смерть! После воскресения все мы вернёмся к Аллаху (когда забрезжит утро Последней жизни и мы пробудимся в могилах от смертного сна)”» (Аль-Бухари: 6314; Ахмад: 23286).

819
Риядус-салихин, № 819

عَنْ يَعيشَ بْنِ طِخْفَةَ الْغِفَارِيِّ، قَالَ: قَالَ أَبِى: بَيْنَمَا أَنَا مُضْطَجِعٌ فِى الْمَسْجِدِ عَلَى بَطْنِى إِذَا رَجُلٌ يُحَرِّكُنِى برجلِهِ، فَقَالَ: «إِنَّ هَذِهِ ضجْعَةٌ يُبْغِضُهَا اللَّهُ»، قَالَ: فَنظَرْتُ، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Яғиш ибн Тихфа әл-Ғифари (р.а.) әкесінің былай дегенін жеткізген: «Бірде мешітте етбетіммен жатқанымда бір кісі мені аяғымен түртіп қозғалтып: «Шынында, бұл – Алла жек көретін жатыс», – деді. Қарасам, Алла елшісі ﷺ екен» (Әбу Дәуіт: 5040, Ахмад: 15543).

Орысша аудармасы

Яиш ибн Тихфа аль-Гифари (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что его отец рассказал: «Однажды я лежал в мечети на животе. Вдруг какой-то человек тронул меня ногой и сказал: “Поистине, Аллах ненавидит, когда лежат в таком положении”. Я взглянул на него и увидел, что это был Посланник Аллаха ﷺ» (Абу Дауд: 5040; Ахмад: 15543).

820
Риядус-салихин, № 820Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَعَدَ مَقْعَدًَا لَمْ يَذْكُرِ اللَّه تَعَالَى فِيهِ، كَانَتْ عَلَيْهِ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى تِرَةٌ، وَمَنِ اضْطَجَعَ مَضجَعًا لَا يَذْكُرُ اللَّهَ تَعَالَى فِيهِ، كَانَتْ عَلَيْهِ مِنَ اللَّهِ تِرَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім отырған отырысында Алланы мүлде еске алмаса, сол отырыс ол үшін Алланың алдында үлкен кемшілік, яки өкініш болады. Сондай-ақ кімде-кім жатарында Алланы еске алмаса, сол жатыс ол үшін Алланың алдында үлкен кемшілік, яки өкініш болады», – деген (Әбу Дәуіт: 4856, Ахмад: 9583).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо, находясь на собрании, ни разу не помянет Аллаха, это собрание станет для него перед Аллахом большим упущением либо причиной сожаления. Точно так же, если кто-либо, укладываясь спать, не помянет Аллаха, это станет для него перед Аллахом большим упущением либо причиной сожаления» (Абу Дауд: 4856; Ахмад: 9583).