Хадис

Егер әурет жерлері ашылып қалу қаупі болмаса, шалқалап аяқты созып, айқастырып жатуға және малдас құрып немесе аяқты құшақтап отыруға болатындығы жайында

О дозволенности лежать на спине, вытянув и скрестив ноги, если нет опасения, что обнажится аурат, а также сидеть, скрестив ноги или обхватив их руками

Риядус-салихин, 128-тақырып · 5 хадис · № 821–825

Хадистер

821
Риядус-салихин, № 821Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ زيد: أَنَّهُ رأى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مُسْتَلْقِيًا فِى الْمَسْجِدِ، وَاضِعًا إِحْدَى رِجْلَيْهِ عَلَى الْأُخْرَى

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Язид (р.а.) бірде Алла елшісінің ﷺ мешітте аяғын созып, айқастырған күйде шалқасынан жатқанын көргенін жеткізген (Бұхари: 475, Муслим: 5504, Ахмад: 16449).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Зайд (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды видел, как Посланник Аллаха ﷺ лежал в мечети на спине, вытянув ноги и положив одну на другую (Аль-Бухари: 475; Муслим: 5504; Ахмад: 16449).

822
Риядус-салихин, № 822Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِر بْنِ سَمُرَة قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا صَلَّى الْفَجْرَ تَرَبَّعَ فِى مَجْلِسِهِ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ حَسْنَاء

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ таң намазын оқып болған соң, күн тас төбеге көтерілгенше, мешітте малдас құрып отырып (дұға жасап, зікір айтып, сахабалардың көрген түстерін жорып немесе басқа да маңызды тақырыптар төңірегінде әңгіме қозғайтын-ды)», – деп айтты (Әбу Дәуіт: 4850, Ахмад: 20968).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Самура (да будет доволен им Аллах) сказал: «После утренней молитвы Пророк ﷺ обычно сидел в мечети, скрестив ноги, до тех пор, пока солнце не поднималось над горизонтом. В это время он обращался к Аллаху с мольбами, поминал Его, толковал сны, увиденные сподвижниками, или беседовал с ними на другие важные темы» (Абу Дауд: 4850; Ахмад: 20968).

823
Риядус-салихин, № 823Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: رأيتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ بفناءِ الْكَعْبَةِ مُحْتَبِيًا بِيَدَيْهِ هكَذا، وَوَصَفَ بِيَدَيْهِ الاحْتِبَاءَ، وَهُوَ الْقُرْفُصَاءُ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісін ﷺ Қағбаның ауласында қос аяғын құшақтаған күйде отырғанын көрдім», – деп, қос аяғын құшақтап, қалай отырғанын көрсеткен (Бұхари: 6272).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды я увидел Посланника Аллаха ﷺ сидящим во дворе Каабы, подтянув колени к груди и обхватив их руками». Затем Ибн Умар обхватил руками свои ноги, показывая, как именно сидел Посланник Аллаха ﷺ (Аль-Бухари: 6272).

824
Риядус-салихин, № 824

عَنْ قَيْلَةَ بنْتِ مَخْرَمَةَ، قَالَتْ: رأيتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ قَاعِدٌ الْقُرْفُصَاءَ، فَلَمَّا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ الْمُتَخَشِّعَ فِى الْجِلْسَةِ أُرْعِدْتُ مِنَ الْفَرَقِ

Қазақша аудармасы

Қайлә бинт Махрама (р.а.): «Бірде мен Пайғамбарымыздың ﷺ қос аяғын құшақтап отырғанын көрдім. Алла елшісінің сөйтіп қатты именген күйде отырғанын көргенімде, тұла бойымды қорқыныш биледі», – деген (Әбу Дәуіт: 4847, Тирмизи: 127).

Орысша аудармасы

Кайла бинт Махрама (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды я увидела, как Пророк ﷺ сидел, обхватив руками обе ноги. Увидев Посланника Аллаха ﷺ сидящим в столь смиренной позе, я вся затрепетала от страха» (Абу Дауд: 4847; Ат-Тирмизи: 127).

825
Риядус-салихин, № 825Риуаят етуші: Шәрид ибн Суәйд (р.а.)

عَنْ الشَّرِيدِ بْنِ سُوَيْدٍ قَالَ: مَرَّ بي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا جَالِسٌ هَكَذَا، وَقَدْ وَضَعْتُ يَدِيَ الْيُسْرَى خَلْفَ ظَهْرِى، وَاتَّكَأتُ عَلَى أَليَةِ يَدي، فَقَالَ: «أَتَقْعُدُ قِعْدَةَ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ؟»

Қазақша аудармасы

Шәрид ибн Суәйд (р.а.) былай деген: «Бірде сол қолымды артыма жіберіп, алақанымды тіреп, қолыма сүйенген күйде шалқайып отырғанымда, қасымнан Алла елшісі ﷺ өтті де (мені көріп): «Алланың қаһарына ұшырағандар ұқсап отырсың ба?!» – деді» (Әбу Дәуіт: 4848, Ахмад: 19454).

Орысша аудармасы

Шарид ибн Сувайд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я сидел, откинувшись назад, заведя левую руку за спину, уперев ладонь в землю и опираясь на неё. Посланник Аллаха ﷺ прошёл мимо и, увидев меня, сказал: “Неужели ты сидишь так, как сидят те, кто навлёк на себя гнев Аллаха?!”» (Абу Дауд: 4848; Ахмад: 19454).