Хадис

Риядус-салихин, № 834

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
129. Жиында отыру әдебі жайында
Нөмірі
№ 834 (қазақша басылым реті)
834
Риядус-салихин, № 834Риуаят етуші: Әбу Барза (р.а.)

عَنْ أَبِى بَرْزَة قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ بأَخَرَةٍ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَقُومَ مِنَ الْمَجْلِسِ: «سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وبِحَمْدِكَ، أشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِليكَ» فَقَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ لَتَقُولُ قَوْلًا مَا كُنْتَ تَقُولُهُ فِيمَا مَضَى؟ قَالَ: «ذَلِكَ كَفَّارَةٌ لِمَا يَكُونُ فِى الْمَجْلِسِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәрза (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ жиын соңында тұруды қаласа, былай деп айтатын: «Уа, Алла! Мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың, бар мақтау бір Өзіңе арналады! Өзіңнен басқа тәңір жоқ екендігіне куә боламын және Өзіңнен кешірім тілеп, тәубе етемін!» (Субханәкә аллаһуммә уә бихамдикә, әшһәду әллә иләһә иллә әнтә, әстәғфирукә уә әтубу иләйкә). Сонда бір кісі: «Уа, Расулалла! Бұрын айтпаған сөзді айттыңыз ғой?!» – дегенде, Ол: «Бұл – отырыста кететін кемшіліктің өтемі», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 4859, Ахмад: 19769).

Орысша аудармасы

Абу Барза (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ собирался встать по завершении собрания, он произносил: “О Аллах! Ты безупречен и свободен от всякого недостатка, и вся хвала принадлежит лишь Тебе! Свидетельствую, что нет божества, кроме Тебя, прошу у Тебя прощения и каюсь пред Тобой! (Субханака Аллахумма ва бихамдика, ашхаду алля иляха илля анта, астагфирука ва атубу иляйка)”. Тогда один человек спросил: “О Посланник Аллаха! Вы произнесли слова, которых прежде не произносили?!” Он ответил: “Это – искупление за упущения, допущенные во время собрания”» (Абу Дауд: 4859; Ахмад: 19769).