Хадис

Түс көру жайында

О сновидениях

Риядус-салихин, 130-тақырып · 7 хадис · № 839–845

Хадистер

«وَمِنْ آيَاتِهِ مَنَامُكُمْ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ» «Түнгі және күндізгі ұйқыларың Оның дәлелдерінен...» («Рум», 23-аят).

«И из Его знамений ваш ночной и дневной сон» (сура «Рум», 30:23).

839
Риядус-салихин, № 839Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَمْ يَبْقَ مِنَ النُّبوَّةِ إِلَّا الْمُبَشِّرَاتِ» قَالُوا: وَمَا الْمُبَشِّرَاتُ؟ قَالَ: «الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Сүйінші хабарлардан басқа пайғамбарлықтан еш нәрсе қалған жоқ», – дегенін естідім. Сонда сахабалар: «Сүйінші хабарлар дегеніміз не?» – деп сұрағанда: «Ізгі түс», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 6990, Ахмад: 8313).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “От пророчества не осталось ничего, кроме радостных вестей”. Сподвижники спросили: “Что такое радостные вести?” Он ответил: “Благой сон”» (Аль-Бухари: 6990; Ахмад: 8313).

840
Риядус-салихин, № 840Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا اقْتَرَبَ الزَّمَانُ لَمْ تَكَدْ رُؤيَا الْمُؤْمِنِ تَكْذِبُ، وَرُؤْيَا الْمُؤْمِنِ جُزْءٌ مِنْ سِتَّةٍ وَأَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنَ النُّبُوَّةِ»ِ وَفِى رِوَايَة: «أصْدَقُكُمْ رُؤْيَا، أصْدَقُكُمْ حَدِيثًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Қиямет күні таяғанда, мүміннің түсі көбіне жалған болмайды. Мүміннің түсі – пайғамбарларға тән қырық алты қасиеттің бірі», – деп айтты», – делінген.

Басқа бір риуаятта: «Сендердің іштеріңдегі ақиқат түс көретіндерің – ең шыншылдарың», – деп айтылған (Бұхари: 7017, Муслим: 5906, Ахмад: 10590).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «С приближением Дня воскресения сновидения верующего в большинстве своём не будут ложными. Сновидение верующего – одна из сорока шести частей пророчества».

В другом предании говорится: «Наиболее правдивые сновидения среди вас видят самые правдивые из вас» (Аль-Бухари: 7017; Муслим: 5906; Ахмад: 10590).

841
Риядус-салихин, № 841Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ رَآنِى فِى الْمَنَامِ فَسَيَرَانِى فِى الْيَقَظَةِ – أَوْ كَأَنَّمَا رَآنِى فِى الْيَقَظَةِ – لَا يَتَمَثَّلُ الشَّيْطَانُ بِى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мені түсінде көрген өңінде де көреді (немесе өңінде көргендей болады), өйткені шайтан менің кейпіме ене алмайды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6993, Муслим: 5920, Ахмад: 22606).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто увидит меня во сне, тот увидит меня и наяву (или это будет всё равно что увидеть меня наяву), ибо шайтан не может принять мой облик» (Аль-Бухари: 6993; Муслим: 5920; Ахмад: 22606).

842
Риядус-салихин, № 842Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخدرِيِّ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا رَأَى أَحَدُكُمْ رُؤيَا يُحِبُّهَا، فَإِنَّمَا هِيَ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى، فَلْيَحْمَدِ اللَّهَ عَلَيْهَا، وَلْيُحَدِّثْ بِهَا – وَفِى رِوَايَة: فَلَا يُحَدِّثْ بِهَا إِلَّا مَنْ يُحِبُّ – وَإِذَا رَأَى غَيْرَ ذَلِكَ مِمَّا يَكْرَهُ، فَإِنَّمَا هِيَ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَلْيَسْتَعِذْ مِنْ شَرِّهَا، وَلَا يَذْكُرْهَا لأَحَدٍ؛ فَإِنَّهَا لَا تَضُرُّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ: «Қайсыбірің өзіне ұнайтын түс көрсе, шынында, ол – Алладан. Сол үшін Аллаға мадақ һәм шүкіршілік айтып, түсін өзгелерге айтсын», – деп айтқанын естігенін жеткізген.

Аталмыш хадистің тағы бір нұсқасында: «…ол жайлы жақсы көретіндерінен өзге ешкімге айтпасын. Ал егер керісінше өзіне ұнамайтын түс көрсе, шынында ол шайтаннан. Сол үшін шайтанның кесірінен (сақтай көр деп) Алладан пана тілесін және түсін ешкімге айтпасын. Сонда оның оған зияны тимейді», – деп айтылған (Бұхари: 6985, Ахмад: 11054).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Пророк ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас увидит сон, который ему понравится, то, поистине, этот сон – от Аллаха. Пусть он воздаст за него Аллаху хвалу и благодарность и расскажет о своём сне другим».

В другой версии этого хадиса говорится: «…пусть не рассказывает о нём никому, кроме тех, кого любит. Если же он увидит сон, который ему не понравится, то, поистине, этот сон – от шайтана. Пусть он обратится к Аллаху за защитой от зла шайтана и никому не рассказывает свой сон. Тогда этот сон не причинит ему вреда» (Аль-Бухари: 6985; Ахмад: 11054).

843
Риядус-салихин, № 843Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِى قَتَادَة قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ – وَفِى رِوَايَة: الرُّؤْيَا الْحَسَنَةُ – مِنَ اللَّهِ، وَالْحُلُمُ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَمَنْ رَأَى شَيْئًا يَكْرَهُهُ فَلْيَنْفُثْ عَن شِمَالِهِ ثَلَاثًا، وَلْيَتَعَوَّذْ مِنَ الشَّيْطَانِ؛ فَإِنَّهَا لَا تَضُرُّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Қатададан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Игі түс (немесе басқа бір риуаятта «жақсы түс» делінген) – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Кімде-кім жаман түс көрсе, сол жағына үш рет ақырын түкіріп, шайтанның кесірінен Алладан пана тілесін. Осылай істесе, көрген түсінен оған ешқандай да зиян келмейді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6695, Муслим: 5897, Ахмад: 22564).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Катады (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Благой сон – или, согласно другой версии, хороший сон – от Аллаха, а дурной сон – от шайтана. Если кто-либо увидит дурной сон, пусть трижды слегка сплюнет влево и обратится к Аллаху за защитой от зла шайтана. Если он поступит так, увиденный сон ничем ему не навредит» (Аль-Бухари: 6695; Муслим: 5897; Ахмад: 22564).

844
Риядус-салихин, № 844Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا رَأَى أَحَدُكُمْ الرُّؤْيَا يَكْرَهُهَا، فَلْيَبْصُقْ عَنْ يَسَارِهِ ثَلَاثًَا، وَلْيَسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ ثَلَاثًا، وَلْيَتَحَوَّل عَنْ جَنْبِهِ الَّذِى كَانَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің өзіне ұнамайтын түс көрсе, сол жағына үш рет түкірсін де, үш рет шайтанның кесірінен (сақтай көр деп) Аллаға сиынсын және жатқан бүйірінен (екінші жағына) ауысып жатсын», – деген (Муслим: 5904, Ахмад: 14780).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас увидит сон, который ему не понравится, пусть трижды сплюнет налево, трижды обратится к Аллаху за защитой от зла шайтана (прося уберечь его), а затем перевернётся с того бока, на котором лежал, на другой» (Муслим: 5904; Ахмад: 14780).

845
Риядус-салихин, № 845

عَنْ أَبِى الْأسقع واثِلةَ بْنِ الْأسقعِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أعْظَمِ الْفِرَى أَنْ يَدَّعِيَ الرَّجُلُ إِلَى غَيْرِ أبِيهِ، أَوْ يُرِى عَيْنَهُ مَا لَمْ تَرَ، أَوْ يَقُولَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا لَمْ يَقُلْ»

Қазақша аудармасы

Уәсиләтә ибн әл-Әсқағ (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, адамның өз әкесінен жеріп, өзгенің баласымын деп айтуы, көрмеген түсін көрдім деп соғуы, сондай-ақ Алла елшісіне оның айтпаған сөзін телуі өтіріктің зоры болып табылады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3509, Ахмад: 16980).

«يَا أيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُيُوتًا غَيْرَ بُيُوتِكُمْ حَتَّى تَسْتَأْنِسُوا وَتُسَلِّمُوا عَلَى أَهْلِهَا» «Уа, иман келтіргендер! Өз үйлеріңнен басқа үйлерге рұқсат сұрамайынша және үй иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер....» («Нұр», 27-аят).

«فَإِذَا دَخَلْتُمْ بُيُوتًا فَسَلِّمُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ تَحِيَّةً مِنْ عِنْدِ اللَّهِ مُبَارَكَةً طَيِّبَةً» «Үйлеріңе кіргендеріңде бір-біріңе Алланың атынан құт-береке мен игілік тілеп сәлем беріңдер...» («Нұр», 61-аят).

«وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا» «Өздеріңе сәлем берілгенде, сендер одан да жақсы сәлем беріңдер немесе жоқ дегенде дәл солай сәлем қайтарыңдар...» («Ниса», 86-аят).

«هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ ضَيْفِ إِبْرَاهِيمَ الْمُكرَمِينَ إِذْ دَخَلُوا عَلَيْهِ فَقَالُوا سَلَامًا قَالَ سَلَامٌ» «Саған Ибраһимнің аса құрметті қонақтары жайлы әңгіме жеткен бе еді?! Бір күні олар Ибраһимнің құзырына кіріп келіп: «Саған амандық тілейміз!» – деп сәлем бергенде, Ибраһим де оларға: «Өздеріңе де амандық тілеймін», – деп айтты. («Зәрият», 23-24-аяттар).

Орысша аудармасы

Василя ибн аль-Аска (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, к величайшим видам лжи относятся: отречение человека от родного отца и объявление себя сыном другого; утверждение, будто он видел сон, которого в действительности не видел; а также приписывание Посланнику Аллаха слов, которых он не произносил”» (Аль-Бухари: 3509; Ахмад: 16980).

КНИГА О ПРИВЕТСТВИИ

«О те, кто уверовал! Не смейте входить в дома, кроме ваших домов, покуда не спросите позволения и не поприветствуете миром их обитателей» (сура «Нур», 24:27).

«Когда же вы входите в дома, то приветствуйте себя приветствием от Аллаха, благословенным, благим» (сура «Нур», 24:61).

«Когда приветствуют вас с искренним намерением, то приветствуйте с намерением еще лучше того или по меньшей мере равным приветствием» (сура «Ниса», 4:86).

«Дошел ли до тебя рассказ о почетных гостях Ибрахима? Вот пришли они однажды к Ибрахиму и приветствовали: “Мир тебе!” И сказал Ибрахим им тепло: “Мир!”» (сура «Зарият», 51:24⁠–⁠25).