عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخدرِيِّ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا رَأَى أَحَدُكُمْ رُؤيَا يُحِبُّهَا، فَإِنَّمَا هِيَ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى، فَلْيَحْمَدِ اللَّهَ عَلَيْهَا، وَلْيُحَدِّثْ بِهَا – وَفِى رِوَايَة: فَلَا يُحَدِّثْ بِهَا إِلَّا مَنْ يُحِبُّ – وَإِذَا رَأَى غَيْرَ ذَلِكَ مِمَّا يَكْرَهُ، فَإِنَّمَا هِيَ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَلْيَسْتَعِذْ مِنْ شَرِّهَا، وَلَا يَذْكُرْهَا لأَحَدٍ؛ فَإِنَّهَا لَا تَضُرُّهُ»
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ: «Қайсыбірің өзіне ұнайтын түс көрсе, шынында, ол – Алладан. Сол үшін Аллаға мадақ һәм шүкіршілік айтып, түсін өзгелерге айтсын», – деп айтқанын естігенін жеткізген.
Аталмыш хадистің тағы бір нұсқасында: «…ол жайлы жақсы көретіндерінен өзге ешкімге айтпасын. Ал егер керісінше өзіне ұнамайтын түс көрсе, шынында ол шайтаннан. Сол үшін шайтанның кесірінен (сақтай көр деп) Алладан пана тілесін және түсін ешкімге айтпасын. Сонда оның оған зияны тимейді», – деп айтылған (Бұхари: 6985, Ахмад: 11054).
Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Пророк ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас увидит сон, который ему понравится, то, поистине, этот сон – от Аллаха. Пусть он воздаст за него Аллаху хвалу и благодарность и расскажет о своём сне другим».
В другой версии этого хадиса говорится: «…пусть не рассказывает о нём никому, кроме тех, кого любит. Если же он увидит сон, который ему не понравится, то, поистине, этот сон – от шайтана. Пусть он обратится к Аллаху за защитой от зла шайтана и никому не рассказывает свой сон. Тогда этот сон не причинит ему вреда» (Аль-Бухари: 6985; Ахмад: 11054).