Хадис

Риядус-салихин, № 847

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
131. Сәлемдесудің және оны кеңінен қолданудың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 847 (қазақша басылым реті)
847
Риядус-салихин, № 847Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَمَّا خَلَقَ اللَّهُ آدَمَ ﷺ قَالَ: اذْهَبْ فَسَلِّمْ عَلَى أُولئِكَ – نَفَرٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ جُلُوس – فَاسْتَمِعْ مَا يُحَيُّونَكَ؛ فَإِنَّهَا تَحِيَّتُكَ وَتَحِيَّةُ ذُرِّيتِكَ. فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، فَقَالُوا: السَّلَامُ عَلَيْكَ وَرَحْمَةُ اللَّهِ، فَزَادُوهُ: وَرَحْمَةُ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Адамды (а.с.) жаратқанда, оны мәжіліс құрып отырған бір топ періштелерге жіберіп: «Бар да аналарға сәлем бер және олардың өзіңе қалай қошеметпен жауап бергенін ұғып ал. Расында сол – сенің және ұрпағыңның сәлем беру үлгісі болады!» – деді. Адам (а.с.) оларға: «Әссәләму аләйкум (сіздерге амандық тілеймін)!» – дегенде, олар да: «Әссәләму аләйкә уә рахматуллаһи (саған да амандық пен Алланың рақымын тілейміз)!» – деп, оның сәлеміне: «Алланың рақымын тілейміз» деген сөзді қосқан екен», – деп айтқан (Бұхари, 3326; Муслим, 7163; Ахмад,8171).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Когда Аллах создал Адама (мир ему), Он направил его к группе ангелов, сидевших вместе, и сказал: “Ступай, поприветствуй их и запомни, как они ответят на твоё приветствие. Поистине, именно этим приветствием будете пользоваться ты и твои потомки!” Адам (мир ему) сказал им: “Ассаляму алейкум (мир вам)!” Они ответили: “Ассаляму алейка ва рахматуллахи (мир тебе и милость Аллаха)!” – добавив к его приветствию слова: “И милость Аллаха”» (Аль-Бухари: 3326; Муслим: 7163; Ахмад: 8171).