Хадис

Риядус-салихин, № 851

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
131. Сәлемдесудің және оны кеңінен қолданудың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 851 (қазақша басылым реті)
851
Риядус-салихин, № 851

عَنْ الطُّفَيْل بْنِ أُبَيِّ بْنِ كعبٍ: أَنَّهُ كَانَ يأتي عَبْد اللَّهِ بْنِ عمر، فيغدو مَعَهُ إِلَى السُّوقِ، قَالَ: فإِذَا غَدَوْنَا إِلَى السُّوقِ، لَمْ يَمُرَّ عَبْدُ اللَّه عَلَى سَقَّاطٍ وَلَا صَاحِبِ بَيْعَةٍ، وَلَا مِسْكِينٍ، وَلَا أَحَدٍ إِلَّا سَلَّمَ عَلَيْهِ، قَالَ الطُّفَيْلُ: فَجِئْتُ عَبْد اللَّهِ بنَ عُمَرَ يَوْمًا، فَاسْتَتْبَعَنِى إِلَى السُّوقِ، فَقُلْتُ لَهُ: مَا تَصْنَعُ بالسُّوقِ، وَأَنْتَ لَا تَقِفُ عَلَى الْبَيْعِ، وَلَا تَسْأَلُ عَنِ السِّلَعِ، وَلَا تَسُومُ بِهَا، وَلَا تَجْلِسُ فِى مَجَالِسِ السُّوقِ؟ وَأَقُولُ: اجْلِسْ بِنَا هَاهُنَا نَتَحَدَّث، فَقَالَ: يَا أَبَا بَطْنٍ – وَكَانَ الطفَيْلُ ذَا بَطْنٍ – إِنَّمَا نَغْدُو مِنْ أجْلِ السَّلَامِ، فنُسَلِّمُ عَلَى مَنْ لَقيْنَاهُ

Қазақша аудармасы

Туфайл ибн Убәй ибн Кағб кейде Абдулла ибн Омарға барып, онымен бірге таң сәріден базарға баратынын әңгімелеп, былай деген: «Біз таңертең базарға барғанымызда Абдулла ескі-құсқы заттар сататын адам бола ма, саудагер ме, міскін бе, кімнің қасынан өтсе де бәріне сәлем беретін еді», – деген. Туфайл: «Бір күні әдеттегідей Абдулла ибн Омарға барғанымда, маған өзімен бірге базарға баруды ұсынды. Сонда оған: «Базарды қайтесің? Бәрібір онда сауда жасамайсың, тауарлар жайлы сұрап, саудаласпайсың да, не ондағы жиындарға да қатыспайсың?! Одан да осында отырсаңшы, әңгімелесейік», – деп едім, ол: «Әй, қарынбай!1 Біз тек сәлем беру үшін барамыз, кездестірген ел-жұртпен амандасамыз», – деп айтты», – деген (Мәлик, 961).

Орысша аудармасы

Туфайль ибн Убай ибн Кааб рассказывал: «Бывало, я приходил к Абдуллаху ибн Умару, и ранним утром мы вместе отправлялись на рынок. Когда мы приходили туда, Абдуллах приветствовал каждого, мимо кого проходил, будь то торговец подержанными вещами, купец, бедняк или кто-либо другой. Однажды я, как обычно, пришёл к Абдуллаху ибн Умару, и он предложил мне пойти с ним на рынок. Тогда я сказал ему: “Зачем тебе рынок? Ведь ты всё равно там не торгуешь, не расспрашиваешь о товарах, не торгуешься и не присоединяешься к тамошним собраниям! Лучше останься здесь, посидим и поговорим”. Он ответил: “Эй, дородный1! Мы ходим туда лишь ради того, чтобы приветствовать людей: здороваемся с каждым, кого встретим”» (Малик: 961).

  1. 1Туфайлдың қарны үлкен болғандықтан солай атаған.
  1. 1Так он назвал Туфайля, потому что у того был большой живот.