عَنْ أَبِى هُرَيْرَة فِى حَدِيثِ الْمسِيءِ صلاته: أَنَّهُ جَاءَ فَصَلَّى، ثُمَّ جَاءَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَسَلَّمَ عَلَيْهِ، فَرَدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ، فَقَالَ: «ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ» فَرَجَعَ فَصَلَّى، ثُمَّ جَاءَ فَسَلَّمَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، حَتَّى فَعَلَ ذَلِكَ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген, намазын дұрыс оқымаған адам жайлы хадисте былай айтылған: «Бірде әлгі кісі мешітке келіп намаз оқиды да, содан соң Пайғамбарымызға ﷺ барып сәлем береді. Алла Елшісі ﷺ оның сәлемін алып: «Бар да намазыңды қайта оқы, өйткені сен намазды (дұрыс) оқымадың!» – дейді. Сөйтіп ол барып, намазын қайта оқып келеді де, Пайғамбарымызға қайтадан сәлем береді. Солай үш рет жасаған екен» (Бұхари, 757; Муслим, 397).
В хадисе о человеке, неправильно совершившем молитву, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), говорится: «Однажды этот человек пришёл в мечеть, совершил молитву, а затем подошёл к Пророку ﷺ и поприветствовал его. Посланник Аллаха ﷺ ответил на его приветствие и сказал: “Ступай и соверши молитву заново, ибо ты не совершил её (как следует)!” Тогда тот человек вернулся, вновь совершил молитву, а затем снова подошёл к Пророку ﷺ и поприветствовал его. Так повторилось трижды» (Аль-Бухари: 757; Муслим: 397).