Хадис

Өзгенің жеке кеңістігіне кіргенде рұқсат сұрау әдебі жайлы

О том, как просить разрешения перед входом в чужой дом или комнату

Риядус-салихин, 140-тақырып · 4 хадис · № 871–874

Хадистер

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُيُوتًا غَيْرَ بُيُوتِكُمْ حَتَّى تَسْتَأنِسُوا وَتُسَلِّمُوا عَلَى أَهْلِهَا» «Уа, иман келтіргендер! Өз үйлеріңнен басқа үйлерге рұқсат сұрамайынша және үй иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер....» («Нұр», 27аят).

«وَإِذَا بَلَغَ الْأَطْفَالُ مِنْكُم الْحُلُمَ فَلْيَسْتَأذِنُوا كَمَا اسْتَأْذَنَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ» «Балаларың балиғатқа толғанда, өздерінен үлкендердің рұқсат сұрағанындай, олар да жеке бөлмелеріңе кіру үшін рұқсат сұрасын» («Нұр», 59аят).

«О те, кто уверовал! Не смейте входить в дома, кроме ваших домов, покуда не спросите позволения и не поприветствуете миром их обитателей» (сура «Нур», 24:27).

«Когда же ваши дети достигают зрелости, то пусть они просят позволения войти в ваши покои, как просили те, кто был до них» (сура «Нур», 24:59).

871
Риядус-салихин, № 871Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الاسْتِئْذَانُ ثَلَاثٌ، فَإِنْ أُذِنَ لَكَ وَإِلَّا فَارْجِعْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Рұқсат (яғни, кіруге) сұраудың кезегі үшке дейін. Рұқсат етілсе, кіресің, етілмесе, кері қайтасың», – деп айтты», – деген (Бұхари, 13; Муслим, 33).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Просить разрешения войти следует не более трёх раз. Если тебе разрешат, войди, а если не разрешат – возвращайся» (Аль-Бухари: 13; Муслим: 33).

872
Риядус-салихин, № 872Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سهلِ بْنِ سعدٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّمَا جُعِلَ الاسْتِئذَانُ مِنْ أجْلِ الْبَصَرِ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Бірде Алла Елшісі ﷺ: «Рұқсат сұрау тек көрер көз себепті1 міндетті қылынған», – деп айтты», – деген (Бұхари, 6241; Муслим, 2156).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Разрешение войти предписано спрашивать, чтобы не увидеть того, что скрыто от посторонних глаз1» (Аль-Бухари: 6241; Муслим: 2156).

  1. 1Үй немесе бөлме ішіндегі адамның әуретін немесе өзгелерге көрсетуді қаламайтын нәрсесін өзгелердің көрмеуі үшін кірерде есік қағып, рұқсат сұрап кіру керек.
  1. 1Перед входом в дом или комнату следует постучать и попросить разрешения, чтобы не увидеть аурат находящегося внутри человека или то, что он не желает показывать посторонним.
873
Риядус-салихин, № 873

عَنْ رِبْعِيِّ بْنِ حِرَاشٍ، قَالَ: حَدَّثَنَا رَجُلٌ مِنْ بَنِى عَامِرٍ أَنَّهُ اسْتَأذَنَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ فِى بيتٍ، فَقَالَ: أألِج؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِخَادِمِهِ: «أُخْرُجْ إِلَى هَذَا فَعَلِّمهُ الاسْتِئذَانَ، فَقُلْ لَهُ: قُلِ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، أأدْخُل؟» فَسَمِعَهُ الرَّجُلُ، فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، أَأَدْخُل؟ فَأذِنَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ فدخلَ

Қазақша аудармасы

Рибғи ибн Хираш (р.а.) былай деген: «Бәну Амир руынан бір кісі Пайғамбарымыз ﷺ үйінде болғанда: «Кірсем бола ма?» – деп, кіруге рұқсат сұраған екен. Сонда Алла Елшісі қызметшісіне: «Сыртқа шық та, келген кісіге: «Ассаламу аләйкум, кірсем бола ма?» деп айт», – деп, рұқсат сұрауды үйрет», – дейді. Әлгі кісі қалай рұқсат сұрау керек екенін естіген бойда: «Ассаламу аләйкум, кірсем бола ма?» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз оған рұқсат етіп, ол ішке кірген екен» (Әбу Дәуіт, 5177).

Орысша аудармасы

Рибъи ибн Хираш (да будет доволен им Аллах) сказал: «Один человек из рода Бану Амир попросил разрешения войти к Пророку ﷺ, находившемуся у себя дома, сказав: “Можно мне войти?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел своему слуге: “Выйди к этому человеку, научи его, как следует просить разрешения, и скажи ему, чтобы он произнёс: ‘Ассаляму алейкум, можно мне войти?’” Услышав, как следует просить разрешения, тот человек сразу же сказал: “Ассаляму алейкум, можно мне войти?” Тогда Пророк ﷺ позволил ему войти, и он вошёл» (Абу Дауд: 5177).

874
Риядус-салихин, № 874

عَنْ كِلْدَةَ بْنِ الْحَنْبل قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَدَخَلْتُ عَلَيْهِ وَلَمْ أُسَلِّمْ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «ارْجِعْ فَقُلْ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، أَأَدْخُل؟»

Қазақша аудармасы

Кәләда ибн Ханбал (р.а.) былай деген: «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бардым да, құзырына сәлем берместен кіріп кеттім. Сонда Пайғамбарымыз: «Кері қайт та: «Ассаламу аләйкум, кірсем бола ма?» – деп рұқсат сұра», – деді» (Әбу Дәуіт, 5176).

Орысша аудармасы

Кильда ибн Ханбал (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я пришёл к Пророку ﷺ и вошёл к нему, не поприветствовав его. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Вернись и попроси разрешения, сказав: ‘Ассаляму алейкум, можно мне войти?’”» (Абу Дауд: 5176).