Хадис

Риядус-салихин, № 873

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
140. Өзгенің жеке кеңістігіне кіргенде рұқсат сұрау әдебі жайлы
Нөмірі
№ 873 (қазақша басылым реті)
873
Риядус-салихин, № 873

عَنْ رِبْعِيِّ بْنِ حِرَاشٍ، قَالَ: حَدَّثَنَا رَجُلٌ مِنْ بَنِى عَامِرٍ أَنَّهُ اسْتَأذَنَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ فِى بيتٍ، فَقَالَ: أألِج؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِخَادِمِهِ: «أُخْرُجْ إِلَى هَذَا فَعَلِّمهُ الاسْتِئذَانَ، فَقُلْ لَهُ: قُلِ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، أأدْخُل؟» فَسَمِعَهُ الرَّجُلُ، فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، أَأَدْخُل؟ فَأذِنَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ فدخلَ

Қазақша аудармасы

Рибғи ибн Хираш (р.а.) былай деген: «Бәну Амир руынан бір кісі Пайғамбарымыз ﷺ үйінде болғанда: «Кірсем бола ма?» – деп, кіруге рұқсат сұраған екен. Сонда Алла Елшісі қызметшісіне: «Сыртқа шық та, келген кісіге: «Ассаламу аләйкум, кірсем бола ма?» деп айт», – деп, рұқсат сұрауды үйрет», – дейді. Әлгі кісі қалай рұқсат сұрау керек екенін естіген бойда: «Ассаламу аләйкум, кірсем бола ма?» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз оған рұқсат етіп, ол ішке кірген екен» (Әбу Дәуіт, 5177).

Орысша аудармасы

Рибъи ибн Хираш (да будет доволен им Аллах) сказал: «Один человек из рода Бану Амир попросил разрешения войти к Пророку ﷺ, находившемуся у себя дома, сказав: “Можно мне войти?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел своему слуге: “Выйди к этому человеку, научи его, как следует просить разрешения, и скажи ему, чтобы он произнёс: ‘Ассаляму алейкум, можно мне войти?’” Услышав, как следует просить разрешения, тот человек сразу же сказал: “Ассаляму алейкум, можно мне войти?” Тогда Пророк ﷺ позволил ему войти, и он вошёл» (Абу Дауд: 5177).