Хадис

Түшкірген адамға игі тілек айту, түшкіру және есінеу әдебі жайлы

О благопожелании чихнувшему, а также об этикете чихания и зевания

Риядус-салихин, 142-тақырып · 7 хадис · № 879–885

Хадистер

879
Риядус-салихин, № 879Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة -رضي اللَّه عَنْهُ أنَّ النَّبِيَّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّه يُحِبُّ الْعُطَاسَ، وَيَكْرَهُ التَّثَاؤُبَ، فَإِذَا عَطَسَ أَحَدُكُمْ وَحَمِدَ اللَّه تَعَالَى كَانَ حَقًّا عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ سَمِعَهُ أَنْ يَقُولَ لَهُ: يَرْحَمُكَ اللَّهُ، وَأَمَّا التَّثَاؤُبُ فَإِنَّمَا هُوَ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَإِذَا تَثَاءبَ أَحَدُكُمْ فَلْيَرُدَّهُ مَا اسْتَطَاعَ، فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا تَثَاءبَ ضَحِكَ مِنْهُ الشَّيْطَانُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Шынында, Алла түшкіргенді жақсы көреді, ал есінегенді жақтырмайды. Қайсыбірің түшкіріп, артынша Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтатын болса, оны естіген әрбір мұсылман оған: «Иархамукалла»1 (Алла сені мейіріміне бөлесін), – деп айтуы керек. Ал есінеуге келсек, шынында ол – шайтаннан. Қайсыбірің есінегісі келсе, оны шамасы келгенше тежесін. Өйткені араларыңнан біреу есінегенде, шайтан оған күледі», – деп айтқан (Бұхари, 6223).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, Аллах любит чихание и не любит зевоту. Если кто-либо из вас чихнёт, а затем воздаст Аллаху хвалу и благодарность, каждый мусульманин, услышавший это, должен сказать ему: “Ярхамукаллах”1 (да помилует тебя Аллах). Что же касается зевоты, то она, поистине, – от шайтана. Если кому-либо из вас захочется зевнуть, пусть сдерживает зевоту, насколько сможет. Ведь когда кто-либо из вас зевает, шайтан смеётся над ним» (Аль-Бухари: 6223).

Түсіндірме (қазақша)

Мұндағы «есінеу – шайтаннан» деген, шайтан адамның есінегенін қалайды және ұнатады дегенді білдіреді. Өйткені адамның есінеуі көп жағдайда тамаққа әбден тойып алғанда, сөйтіп өзін ауыр сезініп, ұйқысы келіп, жалқауланғанда орын алады. Адамның мұндай жағдайда болуы, әсіресе, құлшылық жасау барысында сондай халде болуы шайтанға ұнайды. Сол себепті хадисте есінеу шайтанға телінген.

Түсіндірме (орысша)

слова «зевота – от шайтана» означают, что шайтан желает, чтобы человек зевал, и любит это. Ведь обычно человек зевает, когда наестся досыта, вследствие чего ощущает тяжесть, его клонит ко сну и им овладевает лень. Шайтану нравится такое состояние человека, особенно когда тот пребывает в нём во время поклонения. Именно поэтому в хадисе зевота отнесена к шайтану.

  1. 1Қазақша «Жәрәкім Алла» деп айтылады.
  1. 1По-казахски говорят: «Жәрәкім Алла».
880
Риядус-салихин, № 880Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِذَا عَطَسَ أَحَدُكُمْ فَلْيَقُلْ: الْحَمْدُ للهِ، وَلْيَقُلْ لَهُ أخُوهُ أَوْ صَاحِبُهُ: يَرْحَمُكَ اللَّه. فإِذَا قَالَ لَهُ: يَرْحَمُكَ اللَّهُ، فَليَقُلْ: يَهْدِيكُمُ اللَّهُ وَيُصْلِحُ بَالَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Араларыңнан әлдекім түшкірсе: «Әлхәмдулиллә» деп (Аллаға мадақ айтсын). Ал қасындағы бауыры немесе досы оған «Иархамукалла» (Алла сені мейіріміне бөлесін!) деп айтсын. Бауыры: «Иархамукалла», – деп (игі тілек тілесе), түшкірген адам оған: «Иаһдикумуллаһу уә юслиху бәләкум» (Алла сізді әркез тура жолға салып, ақыл-ойыңызды оңдасын!) деп (қарымта тілек айтсын)», – деген екен (Бұхари, 6224).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Если кто-либо из вас чихнёт, пусть скажет: “Альхамдулиллях” (воздав тем самым хвалу Аллаху). А находящийся рядом брат или друг пусть скажет ему: “Ярхамукаллах” (да помилует тебя Аллах). Если его брат скажет: “Ярхамукаллах” (пожелав ему блага), пусть чихнувший (в качестве ответного благопожелания) скажет ему: “Йахдикумуллаху ва юслиху балякум” (да направит вас Аллах всегда на прямой путь и приведёт ваши мысли в порядок!)» (Аль-Бухари: 6224).

881
Риядус-салихин, № 881Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا عَطَسَ أَحَدُكُمْ فَحَمِدَ اللَّهَ فَشَمِّتُوهُ، فَإِنْ لَمْ يَحْمَدِ اللَّه فَلَا تُشَمِّتُوهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Егер араларыңнан әлдебіреу түшкіріп, артынша Аллаға мадақ айтатын болса, оған: «Алла сені мейіріміне бөлесін», – деп, игі тілек тілеңдер. Ал егер мадақ айтпаса, ештеңе айтпаңдар», – деп айтқанын естідім» (Муслим, 2992).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо из вас чихнёт, а затем воздаст хвалу Аллаху, пожелайте ему блага, сказав: ‘Да помилует тебя Аллах’. Если же он не воздаст Аллаху хвалы, ничего ему не говорите”» (Муслим: 2992).

882
Риядус-салихин, № 882Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: عَطَسَ رَجُلانِ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، فَشَمَّتَ أَحَدَهُمَا وَلَمْ يُشَمِّتِ الآخَرَ، فَقَالَ الَّذِى لَمْ يُشَمِّتْهُ: عَطَسَ فُلَانٌ فَشَمَّتَّهُ، وَعَطَسْتُ فَلَمْ تُشَمِّتْنِى؟ فَقَالَ: «هَذَا حَمِدَ اللَّه، وَإِنَّكَ لَمْ تَحْمَدِ اللَّه»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ қасында тұрған екі адам бірдей түшкіріп кеп қалды. Алла елшісі біреуіне «иархамукалла» деп, екіншісіне еш нәрсе айтпады. Сонда өзіне «иархамукалла» деп айтылмаған адам: «Пәленше түшкіргенде, оған «иархамукалла» деп айттыңыз да, мен түшкіргенде неліктен олай айтпадыңыз?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Бұл түшкіргеннен кейін Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтты. Ал сен болсаң, айтпадың», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, 127; Муслим, 53).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды в присутствии Пророка ﷺ чихнули два человека. Одному из них Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Ярхамукаллах”, а другому ничего не сказал. Тогда тот, кому он не сказал: “Ярхамукаллах”, спросил: “Когда чихнул такой-то, вы сказали ему: ‘Ярхамукаллах’, но почему не сказали этого, когда чихнул я?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Он после чихания воздал Аллаху хвалу и благодарность, а ты – нет”» (Аль-Бухари: 127; Муслим: 53).

883
Риядус-салихин, № 883Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا عَطَسَ وَضَعَ يَدَهُ أَوْ ثَوْبَهُ عَلَى فِيهِ، وَخَفَضَ – أَوْ غَضَّ – بِهَا صَوْتَهُ. شك الراوي

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ түшкіргенде қолымен немесе киімімен аузын жауып, дауысын басатын», – деген (Әбу Дәуіт, 5029; Тирмизи, 2746).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ чихал, он прикрывал рот рукой или одеждой и приглушал звук» (Абу Дауд: 5029; Ат-Тирмизи: 2746).

884
Риядус-салихин, № 884Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: كَانَ الْيَهُودُ يَتَعَاطَسُونَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، يَرْجُونَ أَنْ يَقُولَ لَهُمْ: يَرْحَمُكُم اللَّه، فَيَقُولُ: «يَهْدِيكُم اللَّهُ وَيُصْلِحُ بَالَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген: «Яһудилер Алла елшісінің ﷺ қасында, өздеріне: «Иархамукумулла» (Алла сендерді мейіріміне бөлесін!) деп айтса екен деп, өтірік түшкіретін еді. Алайда Алла елшісі ﷺ оларға: «Иәһдикумуллаһу уә юслиху бәләкум» (Алла сіздерді тура жолға салып, ақыл-ойларыңды оңдасын!) деп айтатын» (Әбу Дәуіт, 5038; Тирмизи, 2740).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) сказал: «Иудеи притворно чихали в присутствии Посланника Аллаха ﷺ, надеясь, что он скажет им: “Ярхамукумуллах” (да помилует вас Аллах). Однако Посланник Аллаха ﷺ говорил им: “Яхдикумуллаху ва юслиху балякум” (да наставит вас Аллах на прямой путь и исправит ваши помыслы!)» (Абу Дауд: 5038; Ат-Тирмизи: 2740).

885
Риядус-салихин, № 885Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا تَثَاءبَ أَحَدُكُمْ فَلْيُمْسِكْ بِيَدِهِ عَلَى فِيهِ؛ فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَدْخُلُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің есіней бастаса, аузын қолымен жапсын. Өйткені (олай істемесе) аузына шайтан кіреді», – деп айтты», – деген. (Муслим, 2995).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо из вас начнёт зевать, пусть прикроет рот рукой, ибо (если он этого не сделает) шайтан войдёт ему в рот”» (Муслим: 2995).

Түсіндірме (қазақша)

Мұндағы адам есінегенде аузын жаппаса «шайтан кіреді» дегенді кейбір ғалымдар, «шайтанның адамға ықпалы күшейеді» немесе «адамды азғырып, жеңеді» деп түсіндірген. Демек, бұл хадистегі «шайтан кіреді» деген сөзді тура мағынада түсіну шарт емес, өйткені дәл осы мазмұнда келген тағы бір хадисте «...адам есінегенде, шайтан оған күледі», – деп айтылған...

Түсіндірме (орысша)

некоторые учёные истолковывали слова «войдёт шайтан», сказанные о человеке, который зевает, не прикрыв рта, в том смысле, что «влияние шайтана на человека усилится» или что «шайтан собьёт человека с пути и одолеет его». Следовательно, слова «войдёт шайтан» в этом хадисе необязательно понимать буквально, поскольку в другом хадисе с таким же содержанием сказано: «…когда человек зевает, шайтан смеётся над ним»…