عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا تَثَاءبَ أَحَدُكُمْ فَلْيُمْسِكْ بِيَدِهِ عَلَى فِيهِ؛ فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَدْخُلُ»
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің есіней бастаса, аузын қолымен жапсын. Өйткені (олай істемесе) аузына шайтан кіреді», – деп айтты», – деген. (Муслим, 2995).
Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо из вас начнёт зевать, пусть прикроет рот рукой, ибо (если он этого не сделает) шайтан войдёт ему в рот”» (Муслим: 2995).
Түсіндірме (қазақша)
Мұндағы адам есінегенде аузын жаппаса «шайтан кіреді» дегенді кейбір ғалымдар, «шайтанның адамға ықпалы күшейеді» немесе «адамды азғырып, жеңеді» деп түсіндірген. Демек, бұл хадистегі «шайтан кіреді» деген сөзді тура мағынада түсіну шарт емес, өйткені дәл осы мазмұнда келген тағы бір хадисте «...адам есінегенде, шайтан оған күледі», – деп айтылған...
Түсіндірме (орысша)
некоторые учёные истолковывали слова «войдёт шайтан», сказанные о человеке, который зевает, не прикрыв рта, в том смысле, что «влияние шайтана на человека усилится» или что «шайтан собьёт человека с пути и одолеет его». Следовательно, слова «войдёт шайтан» в этом хадисе необязательно понимать буквально, поскольку в другом хадисе с таким же содержанием сказано: «…когда человек зевает, шайтан смеётся над ним»…