Хадис

Риядус-салихин, № 897

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
144. Науқастың көңілін сұрау, мәйіттің жаназасын оқып, арулап жерлеу және жерлеген соң қабірінің басында біраз уақыт болу жайында
Нөмірі
№ 897 (қазақша басылым реті)
897
Риядус-салихин, № 897Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: يَا ابْنَ آدَمَ، مَرِضْتُ فَلَمْ تَعُدنِى! قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أعُودُكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟! قَالَ: أمَا عَلِمْتَ أَنَّ عَبْدِى فُلَانًا مَرِضَ فَلَمْ تَعُدْهُ! أمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ عُدْتَهُ لَوَجَدْتَنِى عِنْدَهُ! يَا ابْنَ آدَمَ، اسْتَطْعَمْتُكَ فَلَمْ تُطْعِمنِى! قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أطْعِمُكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟! قَالَ: أمَا عَلِمْتَ أَنَّهُ اسْتَطْعَمَكَ عَبْدِى فُلَانٌ فَلَمْ تُطْعِمْهُ! أمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ أطْعَمْتَهُ لَوَجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِى! يَا ابْنَ آدَمَ، اسْتَسْقَيْتُكَ فَلَمْ تَسْقِنِى! قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أسْقِيكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟! قَالَ: اسْتَسْقَاكَ عَبْدِى فُلَانٌ فَلَمْ تَسْقِهِ! أمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ سَقَيْتَهُ لَوَجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қиямет күні Ұлы Жаратушы Алла Тағала пендесіне: «Уа, Адам баласы! Мен ауырғанда көңілімді сұрамадың», – деп айтады. Мұны естіген пенде: «Уа, Раббым! Сен әлемдердің Раббысысың (кемшілік атаулыдан, ауру-сырқаудан адасың), мен қалайша көңіліңді сұраймын?» – дейді. Сонда Алла Тағала оған: «Пәленше пендемнің ауырып қалғанын білмеуші ме едің? Ол ауырып жатқанда, көңілін сұрамадың. Егер оның көңілін сұрағаныңда, Мені соның қасынан табатыныңды білмедің бе?» – деп айтады. Одан кейін Алла Тағала: «Уа, Адам баласы! Сенен тамақ сұрағанымда, Мені тамақтандырмадың», – дейді. Әлгі пенде: «Уа, Раббым! Сен (ешкімге және еш нәрсеге, соның ішінде ішіп-жеуге мұқтаж болмаған) әлемдердің Раббысысың, мен Өзіңді қалай тамақтандырамын?!» – деп таң қалады. Сонда Раббысы оған: «Пәленше пендем сенен ас-ауқат сұрағанда, оған тамақ бермегенің есіңде ме? Оның қарнын тойдырғаныңда, қарымын Менен алатыныңды білмеуші ме едің?» – деп айтады. Алла Тағала тағы да: «Уа, Адам баласы! Сенен су сұрадым, бермедің», – дейді. Пендесі тағы таң қалып: «Уа, Раббым! Сен (еш нәрсеге, соның ішінде ішіп-жеуге мұқтаж болмаған) әлемдердің Раббысысың ғой! Саған қалай су беремін?» – дейді. Сонда Раббысы оған: «Пәленше пендем сенен су сұрай келгенде, бермедің. Оның шөлін қандырғаныңда, қарымын Менен алатыныңды білмеуші ме едің?» – деп айтады», – деген (Муслим, 43).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения Великий Творец – Аллах Всевышний – скажет Своему рабу: “О сын Адама! Я заболел, но ты не навестил Меня”. Услышав это, раб скажет: “О Господь мой! Ты – Господь миров (и превыше всякого недостатка и болезни), как же я мог навестить Тебя?” Тогда Аллах Всевышний скажет ему: “Разве ты не знал, что такой-то Мой раб заболел? Когда он был болен, ты не навестил его. Разве ты не знал, что, если бы ты навестил его, то нашёл бы Меня рядом с ним?”

Затем Аллах Всевышний скажет: “О сын Адама! Я просил тебя накормить Меня, но ты не накормил Меня”. Удивлённый раб скажет: “О Господь мой! Ты – Господь миров (не нуждающийся ни в ком и ни в чём, в том числе в пище и питье), как же я мог накормить Тебя?!” Тогда Господь скажет ему: “Разве ты не помнишь, как такой-то Мой раб просил у тебя еды, а ты не накормил его? Разве ты не знал, что, накормив его досыта, получил бы воздаяние от Меня?”

Затем Аллах Всевышний скажет: “О сын Адама! Я просил у тебя воды, но ты не дал Мне её”. Раб вновь удивится и скажет: “О Господь мой! Ты – Господь миров (не нуждающийся ни в чём, в том числе в пище и питье)! Как же я мог напоить Тебя?” Тогда Господь скажет ему: “Такой-то Мой раб приходил к тебе просить воды, но ты не дал ему. Разве ты не знал, что, утолив его жажду, получил бы воздаяние от Меня?”» (Муслим: 43).