عَنْ عليّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مِنْ مُسْلِم يَعُودُ مُسْلِمًا غُدْوة إِلَّا صَلَّى عَلَيْهِ سَبْعُونَ أَلْفَ مَلَكٍ حَتَّى يُمْسِى، وَإِنْ عَادَهُ عَشِيَّةً إِلَّا صَلَّى عَلَيْهِ سَبْعُونَ أَلْفَ مَلَكٍ حَتَّى يُصْبحَ، وَكَانَ لَهُ خَرِيفٌ فِى الْجَنَّةِ»
Али (р.а.): «Бірде мен Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Қайсыбір мұсылман таңертең (ауырып жатқан) мұсылман бауырының көңілін сұрап барса, ол үшін кешке дейін жетпіс мың періште (күнәларының кешірілуін тілеп) дұға жасайды. Егер ол бауырының көңілін кешке барып сұраса, ол үшін таң атқанша жетпіс мың періште (күнәларының кешірілуін тілеп) дұға жасайды. (Сондай-ақ, оған бұл амалы) үшін жаннаттың уылжыған күзгі жемістері (беріледі)», – деген (Тирмизи, 969).
Али (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если какой-либо мусульманин утром навестит своего (заболевшего) брата-мусульманина, то до самого вечера семьдесят тысяч ангелов будут молиться за него (прося Аллаха простить его грехи). Если же он навестит своего брата вечером, то до самого рассвета семьдесят тысяч ангелов будут молиться за него (прося Аллаха простить его грехи). Кроме того, за это деяние ему будут дарованы сочные осенние плоды рая”» (Ат-Тирмизи: 969).