Хадис

Науқас үшін жасалатын дұға

О мольбе за больного

Риядус-салихин, 145-тақырып · 9 хадис · № 902–910

Хадистер

902
Риядус-салихин, № 902Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا اشْتَكى الْإِنْسَانُ الشَّيْءَ مِنْهُ، أَوْ كَانَتْ بِهِ قَرْحَةٌ أَوْ جُرْحٌ، قَالَ النَّبِيُّ ﷺ بِأُصْبُعِهِ هكَذا – وَوَضَعَ سُفْيَانُ بْنُ عُيَيْنَة الرَّاوي سَبَّابَتَهُ بِالْأَرْضِ ثُمَّ رَفَعَها – وَقَالَ: «بِسمِ اللَّهِ، تُرْبَةُ أرْضِنَا، بِرِيقَةِ بَعْضِنَا، يُشْفَى بِهِ سَقِيمُنَا، بإِذْنِ رَبِّنَا»

Қазақша аудармасы

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Әдетте, біреу әлденемен ауырса, яки бойында жара немесе жарақат болса, Пайғамбарымыз ﷺ саусағымен былай жасайтын, – деп, хадисті жеткізуші рауи Суфиян ибн Уяйна сұқ саусағын жерге (топыраққа) басып, сосын оны көтерген. (Содан кейін Алла елшісі): «Бисмилләһ! Турбәту ардина, бирийқати бағдина, юшфә биһи сақимунә, би изни Раббина (Алланың атымен! Жеріміздің топырағымен, кейбіреуіміздің сілекейімен, Раббымыздың рұқсатымен науқасымыз жазылады!)», – деп айтатын», – деп келген (Бұхари, 5745; Муслим, 2194).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном матерью правоверных Аишей (да будет доволен ею Аллах), сообщается: «Обычно, когда кто-либо жаловался на боль или у него на теле была язва либо рана, Пророк ﷺ делал такой жест пальцем». При этих словах передатчик хадиса Суфьян ибн Уяйна прижал указательный палец к земле (к почве), а затем поднял его. (После этого Посланник Аллаха) произносил: «Бисмиллях! Турбату ардина, би рикати ба‘дина, юшфа бихи сакимуна, би изни Раббина (С именем Аллаха! Почвой нашей земли и слюной некоторых из нас исцелится наш больной с дозволения нашего Господа!)» (Аль-Бухари: 5745; Муслим: 2194).

Түсіндірме (қазақша)

Имам Нәуәуи бұл хадистегі «жеріміздің топырағы» дегенді Мәдинаның мүбарак топырағы, ал «кейбіріміздің сілекейіміз» дегенді Алла елшісінің сілекейі, деп түсіндірген көзқарас та бар деген, демек, бұл көзқарас бойынша, олай істеу тек Алла елшісіне ғана лайықты болмақ.

Түсіндірме (орысша)

имам ан-Навави упомянул, что существует также мнение, согласно которому под словами «почва нашей земли» в этом хадисе подразумевается благословенная почва Медины, а под словами «слюна некоторых из нас» – слюна Посланника Аллаха ﷺ. Следовательно, согласно этому мнению, совершать подобное мог только Посланник Аллаха ﷺ.

903
Риядус-салихин, № 903Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَعُودُ بَعْضَ أَهْلِهِ يَمْسَحُ بِيدِهِ الْيُمْنَى، وَيَقُولُ: «اللَّهُمَّ رَبَّ النَّاسِ، أذْهِب الْبَأسَ، اشْفِ أَنْتَ الشَّافِى لَا شِفَاءَ إِلَّا شِفاؤكَ، شِفَاءً لَا يُغَادِرُ سَقمًا»

Қазақша аудармасы

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ (ауырып қалған) отбасы мүшесін оң қолымен сипап отырып: «Аллаһумма Раббән-нәс(и), әзһибил-бә’сә, уәшфи әнтәш-Шәәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақамән (Уа, адамдардың Раббысы Алла! Дертті кетіріп, шипа бере көр, шипа беруші бір Өзіңсің! Өзіңнің шипаңнан басқа шипа жоқ! Аурудың ізі де қалмайтындай шипа бер!)», – деп шипа тілейтін болған (Бұхари, 5743; Муслим, 2191).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Пророк ﷺ, поглаживая правой рукой (заболевшего) члена своей семьи, молил об исцелении словами: «Аллахумма Раббан наси, азхибиль ба’са, ва шфи, Анташ Шафи, ля шифа’а илля шифа’ука, шифа’ан ля югадиру сакаман» (О Аллах, Господь людей! Удали болезнь и даруй исцеление, ибо лишь Ты – Исцеляющий! Нет исцеления, кроме Твоего исцеления! Даруй такое исцеление, после которого не останется и следа болезни!) (Аль-Бухари: 5743; Муслим: 2191).

904
Риядус-салихин, № 904Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ أَنَّهُ قَالَ لِثابِتٍ رحمه اللَّهُ: أَلَا أرْقِيكَ بِرُقْيَةِ رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ قَالَ: بَلَى، قَالَ: «اللَّهُمَّ رَبَّ النَّاسِ، مُذْهِبَ الْبَأسِ، اشْفِ أَنْتَ الشَّافِى، لَا شَافِيَ إِلَّا أَنْتَ، شِفَاءً لَا يُغَادِرُ سَقمًا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) ауырып жатқан Сәбитке (р.а.): «Саған Алла елшісінің ﷺ (науқастарға) оқыған шипа дұғасын оқиын ба?» – дегенде, Сәбит: «Әрине», – деді. Сонда Әнәс: «Аллаһуммә Раббан-нәси музһибәл-бәси! Ишфи әнтәш-шәфи, лә шәфия иллә әнтә, шифәән лә йуғадиру сәқаман!» (Уа, Алла Тағалам! Уа, күллі адамзаттың Раббысы! Уа, дерт атаулының жалғыз шипагері! Сен шипа берушісің. Негізінде, Сенен басқа ешкім де шипа бере алмайды. Осы аурудан құлан-таза айықтырып шипа бере көр!)», – деп оған дұға оқыды (Бұхари, 38).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) спросил заболевшего Сабита (да будет доволен им Аллах): «Прочитать ли тебе молитву об исцелении, которую Посланник Аллаха ﷺ читал (над больными)?» Сабит ответил: «Конечно». Тогда Анас прочитал над ним молитву: «Аллахумма Раббан наси, музхибаль ба’си! Ишфи, Анташ Шафи, ля шафия илля Анта, шифа’ан ля югадиру сакаман!» (О Аллах Всевышний! О Господь всего человечества! О единственный Исцелитель всех недугов! Ты даруешь исцеление. Поистине, никто, кроме Тебя, не может исцелить. Исцели же от этой болезни полностью, не оставив от неё и следа!) (Аль-Бухари: 38).

905
Риядус-салихин, № 905

عَنْ سعدِ بْنِ أَبِى وقاصٍ قَالَ: عَادَنِى رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ اشْفِ سَعْدًا، اللَّهُمَّ اشْفِ سَعْدًا، اللَّهُمَّ اشْفِ سَعْدًا»

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Бірде Алла Елшісі ﷺ (ауырып жатқанымда) көңілімді сұрап келді де: «Уа, Алла! Сағдқа шипа бер! Уа, Алла! Сағдқа шипа бер! Уа, Алла! Сағдқа шипа бер!» – деп айтты», – деген (Муслим, 90).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ пришёл навестить меня (когда я болел) и произнёс: “О Аллах! Исцели Саада! О Аллах! Исцели Саада! О Аллах! Исцели Саада!”» (Муслим: 90).

906
Риядус-салихин, № 906

عَنْ أَبِى عَبْدِ اللَّهِ عثمان بْنِ أَبِى الْعاصِ أَنَّهُ شَكَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَجَعًا، يَجِدُهُ فِى جَسَدِهِ، فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «ضَعْ يَدَكَ عَلَى الَّذِى يَألَم مِنْ جَسَدِكَ وَقُلْ: بسم اللَّهِ ثَلَاثًا، وَقُلْ سَبْعَ مَرَّاتٍ: أَعُوذُ بِعِزَّةِ اللَّه وَقُدْرَتِهِ مِنْ شَرِّ مَا أجِدُ وَأُحَاذِرُ»

Қазақша аудармасы

Бірде Осман ибн Әбу әл-Ас (р.а.) Алла елшісіне ﷺ бойындағы жанын жегідей жеген дертін айтып, мұңын шақты. Сонда Алла елшісі ﷺ оған: «Денеңнің ауырған жеріне қолыңды қойып, үш рет «Бисмилләһ» деп айт. Содан кейін жеті қайтара «Әғузу бииззәтилләһи уә қудратиһи мин шәрри мә әжиду уә ухазиру» (Жаныма батқан мына дерттен және қауіптенген басқа да ауру-сырқаудан Алланың ұлылығы мен шексіз құдіретіне сиынамын)», – деген дұғаны оқы», – деп айтты (Муслим 2202).

Орысша аудармасы

Однажды Усман ибн Абу аль-Ас (да будет доволен им Аллах) пожаловался Посланнику Аллаха ﷺ на мучивший его недуг. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Положи руку на то место своего тела, которое болит, и трижды произнеси: “Бисмиллях”. Затем семь раз прочитай мольбу: “А‘узу би ‘иззатилляхи ва кудратихи мин шарри ма аджиду ва ухазиру” (Прибегаю к величию Аллаха и Его безграничному могуществу за защитой от этого мучающего меня недуга и других болезней, которых я опасаюсь)» (Муслим: 2202).

907
Риядус-салихин, № 907Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ عَادَ مَرِيضًا لَمْ يَحْضُرْهُ أجَلُهُ، فَقَالَ عِنْدَهُ سَبْعَ مَرَّاتٍ: أسْأَلُ اللَّهَ الْعَظيمَ، رَبَّ الْعَرْشِ الْعَظيمِ، أَنْ يَشْفِيَكَ، إِلَّا عَافَاهُ اللَّهُ مِنْ ذَلِكَ الْمَرَضِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Кімде-кім әлі ажалы жетпеген науқастың көңілін сұрай барғанда: «Әсәлуллаһа әл-Азимә Раббәл-аршил-азиими ән йәшфиәкә» (Ұлы Алладан, ұлы Арштың Раббысынан сен үшін шипа сұраймын) – деген дұғаны жеті қайтара оқыса, (әлі ажалы жетпеген болса) Алла Тағала міндетті түрде оны дертінен айықтырады», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт, 8; Тирмизи; 32).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-либо, навещая больного, срок жизни которого ещё не истёк, семь раз прочитает молитву: “Ас’алуллахаль ‘Азима, Раббаль ‘аршиль ‘азими, ан яшфияка” (Прошу Великого Аллаха, Господа великого Трона, исцелить тебя), то Аллах Всевышний (если срок жизни больного ещё не истёк) непременно исцелит его от недуга» (Абу Дауд: 8; Ат-Тирмизи: 32).

908
Риядус-салихин, № 908Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ النَّبِيّ ﷺ دَخَلَ عَلَى أعْرَابِيٍّ يَعُودُهُ، وَكَانَ إِذَا دَخَلَ عَلَى مَنْ يَعُودُهُ، قَالَ: «لَا بَأسَ؛ طَهُورٌ إِنْ شَاءَ اللَّهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбармыз ﷺ ауырып жатқан бір бәдәуидің көңілін сұраған еді. Пайғамбармыз біреудің көңілін сұрай барғанда: «Ештеңе етпейді, (тағдырыңа налымай басыңа келген дертке сабыр сақтай білсең) Алланың қалауымен осы дерт сені күнәларыңнан тазартады», – деп жұбататын еді», – деген (Бұхари, 5656).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ навестил заболевшего бедуина. Навещая больного, Пророк ﷺ обычно утешал его словами: “Ничего страшного. По воле Аллаха эта болезнь очистит тебя от грехов (если ты, не ропща на предопределение, проявишь терпение перед постигшим тебя недугом)”» (Аль-Бухари: 5656).

909
Риядус-салихин, № 909Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أن جِبرِيلَ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: يَا مُحَمَّدُ، اشْتَكَيْتَ؟ قَالَ: «نَعَمْ» قَالَ: بِسْمِ اللَّه أرْقِيكَ، مِنْ كُلِّ شَيْءٍ يُؤْذِيكَ، مِنْ شَرِّ كُلِّ نَفْسٍ أَوْ عَيْنِ حَاسِدٍ، اللَّهُ يَشْفِيكَ، بِسمِ اللَّهِ أُرقِيكَ

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.): «Бірде Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Мұхаммед, ауырып қалдың ба?» – дегенде, ол: «Иә» – деп жауап береді. Сонда Жәбірейіл періште: «Бисмилләһи әрқикә мин кулли шәйин йузикә, мин шәрри кулли нәфсин әу айни хасидин Аллаһу йәшфикә, бисмилләһи әрқикә» (Алланың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын. Жаныңа батқан барлық ауру-сырқау мен күллі кесірлі жандардың жамандығына және күншіл көздің сұғына қарсы Алла Тағала саған шипа берсін. Алланың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын)», – деп дұға оқыды», – деген (Муслим, 2186).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды ангел Джибрил пришёл к Пророку ﷺ и спросил: “О Мухаммад, ты заболел?” Он ответил: “Да”. Тогда ангел Джибрил прочитал молитву: “Бисмилляхи аркика мин кулли шай’ин юзика, мин шарри кулли нафсин ау ‘айни хасидин, Аллаху яшфика, бисмилляхи аркика” (Именем Аллаха читаю над тобой молитву об исцелении. Да исцелит тебя Аллах Всевышний от всех причиняющих тебе страдания болезней и недугов, от зла всякой зловредной души и от дурного глаза завистника. Именем Аллаха читаю над тобой молитву об исцелении)» (Муслим: 2186).

910
Риядус-салихин, № 910

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى وأبي هُرَيْرَة: أَنَّهُمَا شَهِدَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَنْ قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَاللَّهُ أَكْبَرُ، صَدَّقَهُ رَبُّهُ، فَقَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا وَأَنَا أَكْبَرُ. وَإِذَا قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، قَالَ: يَقُولُ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا وَحْدِى لَا شَرِيكَ لِى. وَإِذَا قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا لِيَ الْمُلْكُ وَلِيَ الْحَمْدُ. وَإِذَا قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ، قَالَ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بي» وَكَانَ يقُولُ: «مَنْ قَالَهَا فِى مَرَضِهِ ثُمَّ مَاتَ لَمْ تَطْعَمْهُ النَّارُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің ﷺ былай дегеніне куә болған: «Кімде-кім: «Алладан басқа тәңір жоқ және Алла ұлық!» – десе, Раббысы оның сөздерін растап: «Менен басқа тәңір жоқ және Мен бәрінен ұлықпын!» – дейді. Пенде: «Бір Алладан өзге тәңір жоқ, Оның серігі жоқ!» – десе, Раббысы: «Бір Өзімнен өзге тәңір жоқ, серігім де жоқ!» – дейді. Адам: «Алладан басқа тәңір жоқ, бар билік пен бар мадақ бір Өзіне тиесілі!» – десе, Раббысы: «Менен басқа тәңір жоқ, бар билік пен бар мадақ бір Өзіме тиесілі!» – дейді. Пенде: «Алладан өзге тәңір жоқ және Алланың құдіретінен асатын ешқандай күш те, қуат та жоқ!» – десе, Раббысы: «Менен өзге тәңір жоқ және Менің құдіретімнен асатын күш те, қуат та жоқ!» – деп айтады». Сондай-ақ ол: «Кімде-кім науқастанып жатқанда осынау сөздерді айтып, содан кейін жан тапсырса, оны (тозақ) оты шалмайды», – деп айтатын (Тирмизи, 3426).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри и Абу Хурайра (да будет доволен ими обоими Аллах) засвидетельствовали, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда человек произносит: “Нет божества, кроме Аллаха, и Аллах Велик!”, его Господь подтверждает сказанное им и говорит: “Нет божества, кроме Меня, и Я превыше всего!” Когда раб произносит: “Нет божества, кроме Единого Аллаха, и нет у Него сотоварища!”, его Господь говорит: “Нет божества, кроме Меня Единого, и нет у Меня сотоварища!”

Когда человек произносит: “Нет божества, кроме Аллаха, вся власть и вся хвала принадлежат Ему одному!”, его Господь говорит: “Нет божества, кроме Меня, вся власть и вся хвала принадлежат Мне одному!” Когда раб произносит: “Нет божества, кроме Аллаха, и нет силы и могущества иначе как благодаря Аллаху!”, его Господь говорит: “Нет божества, кроме Меня, и нет силы и могущества иначе как благодаря Мне!”» Посланник Аллаха ﷺ также говорил: «Если человек произнесёт эти слова во время болезни, а затем умрёт, огонь (ада) не коснётся его» (Ат-Тирмизи: 3426).