Хадис

Риядус-салихин, № 908

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
145. Науқас үшін жасалатын дұға
Нөмірі
№ 908 (қазақша басылым реті)
908
Риядус-салихин, № 908Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ النَّبِيّ ﷺ دَخَلَ عَلَى أعْرَابِيٍّ يَعُودُهُ، وَكَانَ إِذَا دَخَلَ عَلَى مَنْ يَعُودُهُ، قَالَ: «لَا بَأسَ؛ طَهُورٌ إِنْ شَاءَ اللَّهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбармыз ﷺ ауырып жатқан бір бәдәуидің көңілін сұраған еді. Пайғамбармыз біреудің көңілін сұрай барғанда: «Ештеңе етпейді, (тағдырыңа налымай басыңа келген дертке сабыр сақтай білсең) Алланың қалауымен осы дерт сені күнәларыңнан тазартады», – деп жұбататын еді», – деген (Бұхари, 5656).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ навестил заболевшего бедуина. Навещая больного, Пророк ﷺ обычно утешал его словами: “Ничего страшного. По воле Аллаха эта болезнь очистит тебя от грехов (если ты, не ропща на предопределение, проявишь терпение перед постигшим тебя недугом)”» (Аль-Бухари: 5656).