Хадис

Риядус-салихин, № 911

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
146. Науқастың хал-жағдайын отбасынан сұрап, біліп тұрудың ұнамды іс екендігі жайлы
Нөмірі
№ 911 (қазақша басылым реті)
911
Риядус-салихин, № 911Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ عليَّ بْنَ أَبِى طالب خَرَجَ مِنْ عِنْدِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فِى وَجَعِهِ الَّذِى تُوُفِّيَ فِيهِ، فَقَالَ النَّاسُ: يَا أَبَا الْحَسَنِ، كَيْفَ أَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟ قَالَ: أَصْبَحَ بِحَمْدِ اللَّهِ بَارئًا

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Али ибн Әбу Талиб (р.а.) дүниеден озар алдында науқастанып, төсек тартып жатқан1 Алла елшісінің ﷺ құзырынан шыққан кезде, ел-жұрт одан: «Уа, Әбул Хасан! Алла елшісі қалай таң атырды, жағдайы жақсы ма?» – деп сұрады. Сонда Али: «Аллаға шүкір, тәуір болған күйде таң атырды!» – деп жауап берді», – деген (Бұхари, 6266).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Когда Али ибн Абу Талиб (да будет доволен им Аллах) вышел от Посланника Аллаха ﷺ, который незадолго до своей кончины заболел и слёг в постель1, люди спросили его: “О Абу аль-Хасан! Как чувствует себя Посланник Аллаха ﷺ этим утром? Хорошо ли ему?” Али ответил: “Хвала Аллаху, сегодня утром ему стало лучше!”» (Аль-Бухари: 6266).

  1. 1Алла елшісінің ﷺ осы дерті ажал құшуына себеп болған.
  1. 1Именно эта болезнь стала причиной кончины Посланника Аллаха ﷺ.