Хадис

Риядус-салихин, № 922

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
152. Мәйіттің жанында тұрғанда және жақыны өлген адамға не айту керектігі жайында
Нөмірі
№ 922 (қазақша басылым реті)
922
Риядус-салихин, № 922Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

وَعَنْهَا، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مِنْ عَبْدٍ تُصيبُهُ مُصِيبَةٌ، فَيَقُولُ: إِنّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ، اللَّهُمَّ أُجِرْنِى فِى مُصِيبَتي وَاخْلفْ لِى خَيرًا مِنْهَا، إِلَّا أَجَرَهُ اللَّهُ تَعَالَى فِى مُصِيبَتِهِ وَأخْلَفَ لَهُ خَيْرًا مِنْهَا» قَالَتْ: فَلَمَّا تُوُفِّيَ أَبُو سَلَمَة قُلْتُ كَمَا أَمَرَنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَأخْلَفَ اللَّهُ لِى خَيْرًا مِنْهُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алланың қайсыбір пендесінің басына қайғы келгенде: «Расында, бәріміз Аллаға тәнбіз және соңында Аллаға қайтамыз. Уа, Алла Тағалам! Мына қайғымда маған сауаптан жазып, мен үшін артын қайырлы қылғайсың», – деп дұға етсе, Алла Тағала сол қайғысы үшін оған сауап жазып, міндетті түрде артын қайырлы қылады», – деп айтқанын естіген едім. Күйеуім Әбу Сәләма (р.а.) қайтыс болғанда, Алла елшісі бұйырғандай дұға қылдым. Соңында, Алла Тағала Әбу Сәләмадан да қайырлы болған Алла елшісін маған өмірлік жар қылды», – деген (Муслим, 2127).

Орысша аудармасы

Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) передала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кого-либо из рабов Аллаха постигнет горе и он скажет: ‘Поистине, все мы принадлежим Аллаху и к Нему возвратимся (Коран, 2:156). О Аллах! Вознагради меня за постигшее меня горе и даруй мне взамен нечто лучшее’, – Аллах непременно вознаградит его за это горе и дарует ему взамен нечто лучшее”. Когда умер мой супруг Абу Салама (да будет доволен им Аллах), я произнесла эту молитву так, как велел Посланник Аллаха ﷺ. Впоследствии Аллах даровал мне в супруги Посланника Аллаха ﷺ, который был лучше Абу Саламы» (Муслим: 2127).