Хадис

Мәйіт үшін дұға жасау, оны ақтық сапарға шығарып салу және жерлеуіне қатысу, жерлеуге әйелдердің баруының жағымсыз іс екендігі жайлы

О совершении молитвы за покойного, проводах его в последний путь и участии в погребении, а также о нежелательности присутствия женщин на похоронах

Риядус-салихин, 155-тақырып · 3 хадис · № 930–932

Хадистер

وَقَدْ سَبَقَ فَضْلُ التَّشْييعِ

Жаназа рәсіміне қатысудың артықшылығы жоғарыда айтылды (899).

О достоинстве участия в погребальном обряде уже говорилось выше (см. хадисы 894–895).

930
Риядус-салихин, № 930Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ شَهِدَ الْجَنَازَةَ حَتَّى يُصَلَّى عَلَيْهَا، فَلَهُ قِيراطٌ، وَمَنْ شَهِدَهَا حَتَّى تُدْفَنَ، فَلَهُ قِيرَاطَانِ» قِيلَ: وَمَا الْقِيرَاطانِ؟ قَالَ: «مِثْلُ الْجَبَلَيْنِ الْعَظِيمَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бірде Алла Елшісі ﷺ: «Кімде-кім жаназаға (марқұмға) намаз оқылғанға дейін қатысса, оған бір қират (сауап жазылады). Ал кім мәйіт жерленгенше қатысса, оған екі қират (сауап жазылады)», – деп айтты. Сонда одан: «Екі қират дегеніміз не?» – деп сұралғанда, ол: «Екі үлкен таудай (сауап)», – деп айтты» (Бұхари, 1325; Муслим, 945).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тому, кто будет участвовать в похоронах до совершения погребальной молитвы (над покойным), будет записан один кират (награды), а тому, кто останется до погребения покойного, – два кирата (награды)”. Когда Посланника Аллаха ﷺ спросили: “Что такое два кирата?”, он ответил: “Они подобны двум огромным горам (по величине награды)”» (Аль-Бухари: 1325; Муслим: 945).

931
Риядус-салихин, № 931Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ اتَّبَعَ جَنَازَةَ مُسْلِمٍ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا، وَكَانَ مَعَهُ حَتَّى يُصَلَّى عَلَيْهَا وَيُفرَغَ مِنْ دَفْنِهَا، فَإِنَّهُ يَرْجعُ مِنَ الْأَجْرِ بِقيراطَيْنِ كُلُّ قِيرَاطٍ مِثْلُ أُحُدٍ، وَمَنْ صَلَّى عَلَيْهَا، ثُمَّ رَجَعَ قَبْلَ أَنْ تُدْفَنَ، فَإِنَّهُ يَرْجِعُ بِقيرَاطٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім шынайы сеніммен және сауабын бір Алладан ғана күтіп, мұсылман бауырын ақтық сапарға шығарып салу жолында жаназа намазынан бастап, оны қабірге қойғанға дейін атсалысса, әрбірі Ұхұд тауы сияқты таудай екі сауапқа кенеліп қайтады. Ал кімде-кім жаназа намазына ғана қатысып, жерлеуге қалмай қайтып кетсе, Ұхұд тауы сияқты таудай бір сауап алып қайтады», – деп айтқан», – делінген (Бұхари, 47).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто с искренней верой и надеждой на награду только от Аллаха проводит своего брата-мусульманина в последний путь, приняв участие в похоронном обряде от заупокойной молитвы до самого погребения, тот вернётся с двумя наградами, каждая из которых подобна горе Ухуд. А тот, кто примет участие лишь в заупокойной молитве и уйдёт, не дождавшись погребения, вернётся с одной наградой, подобной горе Ухуд» (Аль-Бухари: 47).

932
Риядус-салихин, № 932Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أم عطية، قَالَتْ: نُهِينَا عَنِ اتِّبَاعِ الْجَنَائِزِ، وَلَمْ يُعْزَمْ عَلَيْنَا

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.): «Бізге (әйелдерге) жаназаның соңынан еруге тыйым салынды. Алайда бұл кесімді тыйым (харам) емес еді», – деп айтты (Бұхари, 1278; Муслим, 938).

Орысша аудармасы

Умм Атыйя (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Нам (женщинам) было запрещено следовать за похоронной процессией. Однако этот запрет не был категорическим (харам)» (Аль-Бухари: 1278; Муслим: 938).