Хадис

Риядус-салихин, № 930

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
155. Мәйіт үшін дұға жасау, оны ақтық сапарға шығарып салу және жерлеуіне қатысу, жерлеуге әйелдердің баруының жағымсыз іс екендігі жайлы
Нөмірі
№ 930 (қазақша басылым реті)
930
Риядус-салихин, № 930Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ شَهِدَ الْجَنَازَةَ حَتَّى يُصَلَّى عَلَيْهَا، فَلَهُ قِيراطٌ، وَمَنْ شَهِدَهَا حَتَّى تُدْفَنَ، فَلَهُ قِيرَاطَانِ» قِيلَ: وَمَا الْقِيرَاطانِ؟ قَالَ: «مِثْلُ الْجَبَلَيْنِ الْعَظِيمَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бірде Алла Елшісі ﷺ: «Кімде-кім жаназаға (марқұмға) намаз оқылғанға дейін қатысса, оған бір қират (сауап жазылады). Ал кім мәйіт жерленгенше қатысса, оған екі қират (сауап жазылады)», – деп айтты. Сонда одан: «Екі қират дегеніміз не?» – деп сұралғанда, ол: «Екі үлкен таудай (сауап)», – деп айтты» (Бұхари, 1325; Муслим, 945).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тому, кто будет участвовать в похоронах до совершения погребальной молитвы (над покойным), будет записан один кират (награды), а тому, кто останется до погребения покойного, – два кирата (награды)”. Когда Посланника Аллаха ﷺ спросили: “Что такое два кирата?”, он ответил: “Они подобны двум огромным горам (по величине награды)”» (Аль-Бухари: 1325; Муслим: 945).