عَنْ مرثدِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْيَزَنِيِّ، قَالَ: كَانَ مَالِكُ بْنِ هُبَيْرَة إِذَا صَلَّى عَلَى الْجَنَازَةِ، فَتَقَالَّ النَّاس عَلَيْهَا، جَزَّأَهُمْ عَلَيْهَا ثَلَاثَةَ أجْزَاءٍ، ثُمَّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صَلَّى عَلَيْهِ ثَلَاثَةُ صُفُوفٍ فَقَدْ أوْجَبَ»
Мәрсәд ибн Абдулла әл-Иәзәни (р.а.) былай деген: «Мәлик ибн Һубайра (р.а.) жаназа намазын қылдырғанда, жиналған жұрт аз болса, оларды бөліп үш қатарға тұрғызып, содан соң: «Алла Елшісі ﷺ: «Кімнің жаназа намазын үш қатардан тұратын жамағат оқыса, оған міндетті түрде (жаннат) нәсіп болады», – деген», – деп айтатын» (Әбу Дәуіт, 3166; Тирмизи, 1028).
Марсад ибн Абдуллах аль-Язани (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда Малик ибн Хубайра (да будет доволен им Аллах) возглавлял заупокойную молитву и собравшихся было мало, он разделял их, выстраивая в три ряда, а затем говорил: “Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Тот, по кому заупокойную молитву совершит община, выстроенная в три ряда, непременно удостоится (рая)’”» (Абу Дауд: 3166; Ат-Тирмизи: 1028).