Хадис

Жаназа намазында оқылатын дұғалар жайлы

О мольбах, читаемых во время погребальной молитвы

Риядус-салихин, 157-тақырып · 6 хадис · № 936–941

Хадистер

يُكَبِّرُ أَرْبَعَ تَكبِيرَاتٍ، يَتَعوَّذُ بَعْدَ الْأُولَى، ثُمَّ يَقْرَأُ فَاتِحَةَ الْكِتَابِ، ثُمَّ يُكَبِّرُ الثَّانِيَةَ، ثُمَّ يُصَلِّى عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فيَقُولُ: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ. وَالْأَفْضَلُ أَنْ يُتَمِّمَهُ بقوله: كَمَا صَلَّيتَ عَلَى إِبرَاهِيمَ – إِلَى قَوْله – إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ. وَلَا يَقُولُ مَا يَفْعَلهُ كَثِيرٌ مِنَ الْعَوامِّ مِنْ قراءتِهِمْ: «إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَته يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ» [الأحزاب: 56] الآية، فَإِنَّهُ لَا تَصحُّ صَلَاتُهُ إِذَا اقْتَصَرَ عَلَيْهِ، ثُمَّ يُكَبِّرُ الثَّالِثَةَ، وَيَدعُو للمَيِّتِ وَللمُسْلِمِينَ بِمَا سَنَذكُرُهُ مِنَ الْأحاديث إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى، ثُمَّ يُكَبِّرُ الرَّابِعَةَ وَيَدْعُو. وَمِنْ أَحْسَنِهِ: «اللَّهُمَّ لَا تَحْرِمْنَا أجْرَهُ، وَلَا تَفْتِنَّا بَعْدَهُ، وَاغْفِرْ لَنَا وَلَهُ». وَالْمُخْتَارُأَنَّهُ يُطَوِّلُ الدُّعاء فِى الرَّابِعَة خلافَ مَا يَعْتَادُهُ أَكْثَرُ النَّاس، لحَدِيث ابن أَبِى أَوْفى الذي سَنَذْكُرُهُ إِنْ شَاء اللَّهُ تَعَالَى وَأَمَّا الْأَدْعِيَةُ الْمَأثُورَةُ بَعْدَ التَّكبِيرَةِ الثالثة، فمنها

Жаназа намазында төрт тәкбір айтылады. Бірінші тәкбірден кейін имам «жын-шайтанның кесірінен сақтай көр» деп, Аллаға сиынып, «Фатиха» сүресін оқиды. Содан кейін екінші тәкбірді алып: «Аллаһумма солли алә Мухаммадин уә алә әли Мухаммадин, камә соллейтә алә Ибраһимә уә алә әли Ибраһимә иннәкә Хамидун Мажид!» – деп, Пайғамбарға ﷺ салауат айтады. Ол көпшілік ауам халық тәрізді: «Алла Пайғамбарға ұдайы шексіз рақымын төгуде және періштелері ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде...» деген аятты ғана оқымауы керек. Егер ол сонымен ғана шектелсе, намазы дұрыс болмайды. Үшінші тәкбірді алған соң мәйітке және жалпы мұсылмандарға дұға тілейді. Бұл жайлы Алла қаласа, алдағы хадистерде айтатын боламыз. Содан кейін төртінші рет тәкбір айтып, дұға жасайды, сол дұғаның ең абзалы: «Уа, Алла! Бізді мұның сауабынан мақұрым ете көрме және бұл бауырымыздың артынан бізді ауыр сынақтармен сынай көрме, бізді де, оны да жарылқап кешіре көр!» – деген дұға.

Ибн Әбу Әуфаның хадисіне сүйенсек, төртінші тәкбірден кейін көпшілік жұрттың дағдыланғанындай емес, ұзақ дұға жасаған жөн. Алла қаласа, ол хадисті баяндаймыз. Ал үшінші тәкбірден кейін оқылатын Алла елшісінен жеткен дұғаларға мыналар жатады:

Во время погребальной молитвы такбир произносится четыре раза. После первого такбира имам обращается к Аллаху за защитой со словами: «Убереги меня от зла джиннов и шайтанов», а затем читает суру «Аль-Фатиха». После этого он произносит второй такбир и призывает благословение на Пророка ﷺ, говоря: «Аллахумма салли ‘аля Мухаммадин ва ‘аля али Мухаммадин, кама салляйта ‘аля Ибрахима ва ‘аля али Ибрахима, иннака Хамидун Маджид!» Ему не следует, подобно большинству простых людей, ограничиваться чтением одного лишь аята: «Аллах непрестанно изливает на Пророка Свою безграничную милость, а Его ангелы постоянно желают ему блага и молятся за него…» (сура «Ахзаб», 33:56). Если он ограничится только этим, его молитва будет недействительной.

После третьего такбира он обращается к Аллаху с мольбами за покойного и за всех мусульман. Об этом, если пожелает Аллах, мы расскажем в следующих хадисах.

Затем он произносит четвёртый такбир и обращается к Аллаху с мольбой, лучшей из которых являются слова: «О Аллах! Не лишай нас награды за него, не подвергай нас тяжким испытаниям после смерти этого нашего брата и помилуй и прости как нас, так и его!»

Согласно хадису Ибн Абу Ауфы, после четвёртого такбира следует молиться подольше, не следуя принятому у большинства людей обыкновению. Если пожелает Аллах, мы приведём этот хадис. Что же касается переданных от Посланника Аллаха ﷺ мольб, читаемых после третьего такбира, то к ним относятся следующие:

936
Риядус-салихин, № 936

عَنْ أَبِى عَبْد الرَّحْمَان عوف بْنِ مالك قَالَ: صَلَّى رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَى جَنازَةٍ، فَحَفِظْتُ مِنْ دُعَائِهِ، وَهُوَ يقُولُ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لَهُ وَارْحَمْهُ، وَعَافِهِ وَاعْفُ عَنْهُ، وَأكْرِمْ نُزُلَهُ، وَوَسِّعْ مُدْخَلَهُ، وَاغْسِلْهُ بِالمَاءِ وَالثَّلْجِ وَالْبَرَدِ، وَنَقِّه مِن الْخَطَايَا كَمَا نَقَّيْتَ الثَّوْبَ الْأَبْيَضَ مِنَ الدَّنَس، وَأبدلْهُ دَارًا خَيْرًا مِنْ دَارِهِ، وَأَهْلًا خَيرًا مِنْ أَهْلِهِ، وَزَوْجًَا خَيْرًا مِنْ زَوْجِهِ، وَأدْخِلهُ الْجَنَّةَ، وَأعِذْهُ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَمنْ عَذَابِ النَّارِ» حَتَّى تَمَنَّيتُ أن أكُون أَنَا ذَلِكَ الْمَيِّت

Қазақша аудармасы

Абду Рахман Ауф ибн Мәлик (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ жаназа намазын оқығанда, марқұмға арнап: «Уа, Алла Тағалам! Марқұмның күнәларын кешіп, мейіріміңе бөлей көр! Оны жарылқап, (қабірдің ауыр сынағы мен азабынан) сақтай көр! Жаннатыңда оған ерекше сый-құрмет көрсетіп, қабірін кең қыла көр! Оны (күнәларын) су, қар және бұршақпен жуып-шайып, аппақ киімді кірден тазартқандай күнәларынан тазарта көр! Оған (жаннатыңда) дүниедегі үйінен де жақсы үй, отбасынан да қайырлы жанұя және өмірлік қосағынан да қайырлы жұбай нәсіп ете көр! Оны пейішіңе кіргізіп, қабір азабынан һәм тозақ отынан бір Өзің сақтағайсың!» – деп дұға жасады», – деген.

Хадисті жеткізген Ауф ибн Мәлик: «Бұл дұғаны естігенімде, шіркін, марқұмның орнында мен болсам ғой!» – деп армандадым», – деген еді (Муслим, 2232).

Орысша аудармасы

Абу Абдуррахман Ауф ибн Малик (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, совершая заупокойную молитву, Посланник Аллаха ﷺ обратился к Аллаху с мольбой за покойного. Я запомнил такие её слова: “О Аллах! Прости грехи покойного и окружи его Своей милостью! Облагодетельствуй его и убереги (от тяжких испытаний и мучений могилы)! Окажи ему в Своём раю особый почёт и сделай его могилу просторной! Омой его (от грехов) водой, снегом и градом и очисти от грехов, как очищают белоснежную одежду от грязи! Даруй ему (в Своём раю) дом лучше его земного дома, семью лучше его семьи и супругу лучше его земной супруги! Введи его в Свой рай и Сам убереги его от мучений могилы и огня ада!”»

Передавший этот хадис Ауф ибн Малик сказал: «Услышав эту молитву, я подумал: “О, если бы на месте покойного оказался я!”» (Муслим: 2232).

937
Риядус-салихин, № 937

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة وأبي قتادة وَأبي إِبراهيم الْأشهلي، عَنْ أبيه – وأبوه صَحَابيٌّ عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ: أَنَّهُ صَلَّى عَلَى جَنَازَةٍ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِحَيِّنَا وَمَيِّتِنَا، وَصَغِيرنَا وَكَبيرنَا، وَذَكَرِنَا وَأُنْثَانَا، وشَاهِدنَا وَغَائِبِنَا، اللَّهُمَّ مَنْ أحْيَيْتَهُ مِنَّا فَأحْيِهِ عَلَى الْإِسْلَامِ، وَمَنْ تَوَفَّيْتَهُ مِنَّا فَتَوفَّهُ عَلَى الْإِيمَان، اللَّهُمَّ لَا تَحْرِمْنَا أجْرَهُ، وَلَا تَفْتِنَّا بَعْدَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра, Әбу Қатада және Ибраһим әл-Әшһәли өзінің сахаба болған әкесінен (р.а.) жеткізген хадисте: «Бір күні Пайғамбарымыз ﷺ жаназа намазын оқығанда: «Уа, Алла Тағалам! Бізден тірі жүргендерді және арамыздан озғандарды, кішілеріміз бен үлкендерімізді, ер азаматтарымыз бен әйелдерімізді, осы жердегілер мен келе алмағандарды жарылқап, кешіре көр! Уа, Алла Тағалам! Біздің арамыздан әлі де өмір сүретіндерді Исламның хақ жолынан тайдырмай, ажалы жеткендерді иманды етіп ала көр! Уа, Алла Тағалам! Бізді осы жаназаның сауабынан мақұрым ете көрме! Осы бауырымыздың артында қалған бізді ауыр сынақтарға, түрлі бәлелерге душар қыла көрме!» – деп дұға жасады», – делінген (Тирмизи,10240; Әбу Дәуіт, 3201).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра, Абу Катада и Абу Ибрахим аль-Ашхали, передавший этот хадис со слов своего отца – сподвижника (да будет доволен ими Аллах), сообщили: «Однажды во время погребальной молитвы Пророк ﷺ обратился к Аллаху с такой мольбой: “О Аллах Всевышний! Помилуй и прости наших живых и умерших, наших младших и старших, наших мужчин и женщин, присутствующих здесь и тех, кого здесь нет! О Аллах Всевышний! Тех из нас, кому ещё предстоит жить, сохрани на истинном пути ислама, а тех, чей смертный час наступит, упокой в вере! О Аллах Всевышний! Не лишай нас награды за эту погребальную молитву и не подвергай нас, оставшихся после смерти этого нашего брата, тяжким испытаниям и различным бедствиям!”» (Ат-Тирмизи: 10240; Абу Дауд: 3201).

938
Риядус-салихин, № 938Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا صَلَّيْتُمْ عَلَى الْمَيِّتِ، فَأخْلِصُوا لَهُ الدُّعاء»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла Елшісінің ﷺ: «Мәйітке жаназа оқығандарыңда, ол үшін ықыласпен дұға жасаңдар», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт, 3199).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда совершаете заупокойную молитву по покойному, искренне молитесь за него”» (Абу Дауд: 3199).

939
Риядус-салихин, № 939Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ فِى الصَّلَاةِ عَلَى الْجَنَازَةِ: «اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبُّهَا، وَأَنْتَ خَلَقْتَهَا، وَأَنْتَ هَدَيْتَهَا لِلْإِسْلَامِ، وَأَنْتَ قَبَضْتَ رُوحَهَا، وَأَنْتَ أَعْلَمُ بِسرِّهَا وَعَلَانِيَتِهَا، وَقَدْ جِئنَاكَ شُفَعَاءَ لَهُ، فَاغْفِرْ لَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ жаназа намазында: «Уа, Алла! Оның Раббысы бір Өзіңсің, оны жаратқан да, Исламға бағыттаған да бір Өзіңсің, оның жанын алдың және оның жасырын һәм жария істерін бәрінен жақсы білуші де бір Өзіңсің, ал біз Өзіңе оған шапағатшы болып келдік, оны жарылқап кешіре көр!» – деп дұға жасайтын болған (Әбу Дәуіт, 3200).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ во время заупокойной молитвы произносил такую мольбу: «О Аллах! Ты один – его Господь; Ты один сотворил его и наставил на путь ислама; Ты забрал его душу; и Ты один лучше всех знаешь его тайные и явные дела. Мы пришли к Тебе, ходатайствуя за него, – помилуй же и прости его!» (Абу Дауд: 3200).

940
Риядус-салихин, № 940

عَنْ وَاثِلَة بْنِ الْأَسْقَعِ قَالَ: صَلَّى بِنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَى رَجُلٍ مِنَ الْمُسْلِمِينَ، فَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنَّ فُلَانَ ابْنَ فُلَانٍ فِى ذِمَتِّكَ وَحَبْلِ جِوَارِكَ، فَقِهِ فِتْنَةَ الْقَبْرِ، وَعذَابَ النَّار، وَأَنْتَ أَهْلُ الْوَفَاءِ وَالْحَمْدِ؛ اللَّهُمَّ فَاغْفِرْ لَهُ وَارْحَمْهُ، إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحيمُ»

Қазақша аудармасы

Уәсиләтә ибн әл-Әсқағ (р.а.): «Бірде Алла Елшісі ﷺ бізге имам болып, бір мұсылманның жаназа намазын оқыды. Сонда мен оның былай дегенін естідім: «Уа, Алла! Пәленшенің ұлы түгенше Өзіңнің құзырыңда һәм қамқорлығыңда! Оны қабірдің сынағы мен тозақтың азабынан сақтай көр! Берік уағда мен бар мадақтың иесі бір Өзіңсің! Уа, Алла! Оны жарылқап кешіре көр және мейіріміңе бөлей көр! Шүбәсіз, Сен – өте кешірімді һәм аса мейірімдісің!» (Әбу Дәуіт, 3202).

Орысша аудармасы

Василя ибн аль-Аска (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ возглавил нашу заупокойную молитву по одному мусульманину. Я слышал, как он произнёс: “О Аллах! Такой-то, сын такого-то, находится в Твоём ведении и под Твоим покровительством! Убереги его от испытаний могилы и мучений ада! Ты один верен обещанию и достоин всей хвалы! О Аллах! Прости его и окружи Своей милостью! Поистине, Ты – Всепрощающий, Всемилостивый!”» (Абу Дауд: 3202).

941
Риядус-салихин, № 941Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِى أَوْفى أَنَّهُ كَبَّرَ عَلَى جَنَازَةِ ابْنَةٍ لَهُ أَرْبَعَ تَكْبِيرَاتٍ، فَقَامَ بَعْدَ الرَّابِعَةِ كَقَدْرِ مَا بَيْنَ التَّكْبِيرَتَيْنِ يَسْتَغْفِرُ لَهَا وَيَدْعُو، ثُمَّ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَصْنَعُ هَكَذَا.

وَفِى رِوَايَة: كَبَّرَ أَرْبَعًا فَمَكَثَ سَاعَةً حَتَّى ظَنَنْتُ أَنَّهُ سَيُكَبِّرُ خَمْسًا، ثُمَّ سَلَّمَ عَنْ يَمِينِهِ وَعَنْ شِمَالِهِ. فَلَمَّا انْصَرَفَ قُلْنَا لَهُ: مَا هَذَا؟ فَقَالَ: إِنِّى لَا أزيدُكُمْ عَلَى مَا رأيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَصْنَعُ، أَوْ: هَكَذَا صَنَعَ رَسُول اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әуфа (р.а.) қызының жаназасын шығарған кезінде төрт рет тәкбір айтып, төртіншісінен кейін екі тәкбір арасында қанша тұрған болса, сонша уақыт тұрып қызы үшін кешірім тілеп, дұға жасады. Содан соң: «Алла Елшісі ﷺ осылай жасайтын», – деп айтты.

Осы хадистің тағы бір нұсқасында: «Ол төрт рет тәкбір айтты да, содан соң біраз уақыт тұрды, сонда біз ол тағы бесінші рет тәкбір айтады екен деп ойладық. Кейін ол оң және сол жағына сәлем беріп намазды аяқтады. Содан ол қайтып бара жатқанда біз одан: «Мұныңыз қалай?» – деп сұрағанымызда, ол: «Шынында мен Алла Елшісінің ﷺ көз алдымда істегенінен артық еш нәрсе істеген жоқпын (немесе Алла Елшісі ﷺ осылай істейтін еді)», – деп жауап берді», – делінген (Хаким, 1/360).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Абу Ауфа (да будет доволен им Аллах), совершая погребальную молитву по своей дочери, произнёс четыре такбира. После четвёртого такбира он оставался стоять столько времени, сколько обычно проходило между двумя такбирами, испрашивая для дочери прощения и вознося за неё мольбы. Затем он сказал: «Так поступал Посланник Аллаха ﷺ».

В другой версии этого хадиса говорится: «Он произнёс четыре такбира, а затем некоторое время продолжал стоять, так что мы подумали, что он собирается произнести пятый такбир. После этого он завершил молитву, произнеся слова приветствия направо и налево. Когда он стал уходить, мы спросили его: “Почему вы поступили так?” Он ответил: “Поистине, я не сделал перед вами ничего сверх того, что на моих глазах делал Посланник Аллаха ﷺ (или: Посланник Аллаха ﷺ поступал именно так)”» (Аль-Хаким: 1/360).