Хадис

Риядус-салихин, № 937

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
157. Жаназа намазында оқылатын дұғалар жайлы
Нөмірі
№ 937 (қазақша басылым реті)
937
Риядус-салихин, № 937

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة وأبي قتادة وَأبي إِبراهيم الْأشهلي، عَنْ أبيه – وأبوه صَحَابيٌّ عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ: أَنَّهُ صَلَّى عَلَى جَنَازَةٍ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِحَيِّنَا وَمَيِّتِنَا، وَصَغِيرنَا وَكَبيرنَا، وَذَكَرِنَا وَأُنْثَانَا، وشَاهِدنَا وَغَائِبِنَا، اللَّهُمَّ مَنْ أحْيَيْتَهُ مِنَّا فَأحْيِهِ عَلَى الْإِسْلَامِ، وَمَنْ تَوَفَّيْتَهُ مِنَّا فَتَوفَّهُ عَلَى الْإِيمَان، اللَّهُمَّ لَا تَحْرِمْنَا أجْرَهُ، وَلَا تَفْتِنَّا بَعْدَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра, Әбу Қатада және Ибраһим әл-Әшһәли өзінің сахаба болған әкесінен (р.а.) жеткізген хадисте: «Бір күні Пайғамбарымыз ﷺ жаназа намазын оқығанда: «Уа, Алла Тағалам! Бізден тірі жүргендерді және арамыздан озғандарды, кішілеріміз бен үлкендерімізді, ер азаматтарымыз бен әйелдерімізді, осы жердегілер мен келе алмағандарды жарылқап, кешіре көр! Уа, Алла Тағалам! Біздің арамыздан әлі де өмір сүретіндерді Исламның хақ жолынан тайдырмай, ажалы жеткендерді иманды етіп ала көр! Уа, Алла Тағалам! Бізді осы жаназаның сауабынан мақұрым ете көрме! Осы бауырымыздың артында қалған бізді ауыр сынақтарға, түрлі бәлелерге душар қыла көрме!» – деп дұға жасады», – делінген (Тирмизи,10240; Әбу Дәуіт, 3201).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра, Абу Катада и Абу Ибрахим аль-Ашхали, передавший этот хадис со слов своего отца – сподвижника (да будет доволен ими Аллах), сообщили: «Однажды во время погребальной молитвы Пророк ﷺ обратился к Аллаху с такой мольбой: “О Аллах Всевышний! Помилуй и прости наших живых и умерших, наших младших и старших, наших мужчин и женщин, присутствующих здесь и тех, кого здесь нет! О Аллах Всевышний! Тех из нас, кому ещё предстоит жить, сохрани на истинном пути ислама, а тех, чей смертный час наступит, упокой в вере! О Аллах Всевышний! Не лишай нас награды за эту погребальную молитву и не подвергай нас, оставшихся после смерти этого нашего брата, тяжким испытаниям и различным бедствиям!”» (Ат-Тирмизи: 10240; Абу Дауд: 3201).