Хадис

Риядус-салихин, № 164

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
16. Сүннетті берік ұстану жайында
Нөмірі
№ 164 (қазақша басылым реті)
164
Риядус-салихин, № 164Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلِى وَمَثَلُكُمْ كَمَثَلِ رَجُلٍ أوْقَدَ نَارًا فَجَعَلَ الْجَنَادِبُ والْفَرَاشُ يَقَعْنَ فِيهَا وَهُوَ يَذُبُّهُنَّ عَنْهَا، وَأَنَا آخذٌ بحُجَزكُمْ عَنِ النَّارِ، وَأنْتُمْ تَفَلَّتونَ مِنْ يَدَيَّ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте: Расулалла ﷺ: «Мені мен сендердің жағдайларың, бейне бір от жаққан адам мен ұшып келіп отқа түсіп жатқан шегірткелер мен пәруаналардың жағдайы тәрізді. Әлгі адам қанша жерден жанталасып, қалқалап-қақпайлауға тырысса да, олар бой бермей лаулаған отқа түсіп жатады. Сол секілді мен де сендерді тозақ отынан аман алып қалу үшін жанталасып, ұстап қалуға тырысамын. Ал сендер болсаңдар, қолымнан сытылып, шығып кете бересіңдер», – деп айтты» – делінген. (Муслим: 5958; Ахмад: 14887).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «То, что происходит между мной и вами, подобно тому, как человек разжёг огонь, а кузнечики и мотыльки стали слетаться и падать в него. Как бы отчаянно он ни пытался заслонить их от огня и отогнать, они не слушаются и продолжают падать в пылающее пламя. Так же и я изо всех сил стараюсь удержать вас и спасти от адского огня, а вы всё выскальзываете из моих рук» (Муслим: 5958; Ахмад: 14887).