عَنْ عَلِيٍّ قَالَ: كُنَّا فِى جَنَازَةٍ فِى بَقيعِ الْغَرْقَدِ، فَأتَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَعَدَ، وَقَعَدْنَا حَوْلَهُ وَمَعَهُ مِخْصَرَةٌ فَنَكَّسَ وَجَعَلَ يَنْكُتُ بِمِخْصَرَتِهِ، ثُمَّ قَالَ: «مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا وَقَدْ كُتِبَ مَقْعَدُهُ مِنَ النَّارِ وَمَقْعَدُهُ مِنَ الْجَنَّةِ» فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أفَلا نَتَّكِلُ عَلَى كِتَابنَا؟ فَقَالَ: «اعْمَلُوا؛ فكلٌّ مُيَسرٌ لِمَا خُلِقَ لَهُ...» وذكَر تَمَامَ الْحَدِيث
Али (р.а.): «Бірде «Бақиғ әл-Ғарқадта»1 жаназада болғанымызда, Алла Елшісі ﷺ келіп отырды, біз де оны айнала қоршап отыра кеттік. (Қолында) жоғарғы жағы майысқан кішкене таяғы бар еді. Содан ол басын төмен түсіріп, таяғымен (жерді) қаза бастады. Сосын: «Араларыңнан қайсыбіріңнің болмасын, тозақтағы орны мен жаннаттағы орны жазылып қойған», – деді. Сонда жанындағылар: «Уа, Расулалла! Онда жазмышымызға тәуекел етеміз бе (яғни амал етуді қоя саламыз ба)?» – дегенде: «Амал етіңдер. Әркім не нәрсе үшін жаралған болса, сол (іс-әрекет) ол үшін жеңілдетілген...», – деп хадистің жалғасын жеткізген (Бұхари, 1362; Муслим, 2647).
Али (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда мы присутствовали на похоронах в Баки аль-Гаркаде1, пришёл Посланник Аллаха ﷺ и сел, а мы расположились вокруг него. В руке у него была небольшая палка с изогнутым концом. Он склонил голову и стал чертить ею на земле. Затем сказал: “Для каждого из вас уже записаны его место в аду и место в раю”. Присутствовавшие спросили: “О Посланник Аллаха! Не положиться ли нам тогда на предначертанную нам судьбу (то есть не перестать ли совершать деяния)?” Он ответил: “Совершайте деяния. Каждому будет облегчено то (деяние), для чего он создан…”» Затем Али передал продолжение хадиса (Аль-Бухари: 1362; Муслим: 2647).
Түсіндірме (қазақша)
Әзірет Әлиден (р.а.) жеткен осындай мазмұндағы тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ﷺ өзінің «әркім не нәрсе үшін жаралған болса, сол (іс-амал) ол үшін жеңілдетіледі...» деген сөзін, Құранның мына аяттарымен түсіндірген: «Кімде-кім мал-мүлкінен Алла жолында берсе және Аллаға қарсы келуден сақтанса, сондай-ақ ең абзал сөзді (кәлиманы) шын жүрегімен растаса, Біз ол үшін мәңгілік бақытқа жеткізетін жолды жеңілдетеміз». (Ләйл сүресі, 5-7-аяттар).
Түсіндірме (орысша)
в другом хадисе схожего содержания, переданном досточтимым Али (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ разъяснил свои слова: «Каждому будет облегчено то (деяние), для чего он создан…» – следующими аятами Корана: «Тому, кто жертвует из своего имущества на пути Аллаха и остерегается ослушания Аллаха, а также всем сердцем признаёт истинность наилучшего слова (калимы), Мы облегчим путь, ведущий к вечному счастью» (сура «Ляйл», 92:5–7).
- 1Мәдинадағы қорымның атауы.
- 1Название кладбища в Медине.