عَنْ أَبِى الْأسْوَدِ، قَالَ: قَدِمْتُ الْمَدِينَةَ، فَجَلَسْتُ إِلَى عُمَرَ بْنِ الْخَطَّاب فَمَرَّتْ بِهمْ جَنَازَةٌ، فَأُثْنِيَ عَلَى صَاحِبِهَا خَيْرًا، فَقَالَ عُمَرُ: وَجَبَتْ، ثُمَّ مُرَّ بَأُخْرَى فَأُثْنِيَ عَلَى صَاحِبِهَا خَيْرًا، فَقَالَ عُمرُ: وَجَبَتْ، ثُمَّ مُرَّ بِالثَّالِثَةِ، فَأُثْنِيَ عَلَى صَاحِبِهَا شَرًّا، فَقَالَ عُمر: وَجَبَتْ، قَالَ أَبُو الْأسودِ: فَقُلْتُ: وَمَا وَجَبَتْ يَا أمْيرَ الْمُؤْمِنِينَ؟ قَالَ: قُلْتُ كَمَا قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أيُّمَا مُسْلِمٍ شَهِدَ لَهُ أَرْبَعَةٌ بِخَيرٍ، أدْخَلَهُ اللَّهُ الْجَنَّةَ» فقُلْنَا: وَثَلَاثَةٌ؟ قَالَ: «وَثَلَاثَةٌ» فقُلْنَا: وَاثْنَانِ؟ قَالَ: «وَاثْنَانِ» ثُمَّ لَمْ نَسْأَلْهُ عَن الْواحِدِ
Әбул Әсуәд: «Бірде мен Мәдинаға келіп, Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) жанында отырған едім, сол кезде сол маңайдан бір жаназа өтті. Сонда әлгі мәйіт жайлы мақтау сөздер айтылғанда, Омар: «Уәжіп болды», – деді. Сосын тағы бір жаназаны алып өткенде, тағы да сол мәйіт жайлы мақтау сөздер айтылды. Сонда Омар тағы да: «Уәжіп болды», – деді. Сосын үшінші жаназаны алып өткенде, ол мәйіт жайлы жағымсыз сөздер айтылды. Сонда Омар тағы да: «Уәжіп болды», – деді. Сонда Әбул Әсуәд: «Уа, мүміндердің әміршісі! Не уәжіп болды?» – деп сұрағанда, ол былай деді: «Мен Пайғамбарымыз ﷺ айтқандай айттым. Ол бірде: «Қайсыбір мұсылманның жақсы адам екеніне төрт кісі куә болса, Алла оны жаннатқа кіргізеді», – деген еді». Біз: «Егер олар үшеу болса ше?» – деп едік, ол: «Үшеу болса да», – деді. Біз тағы да: «Ал егер екеу болса ше?» – деп едік, ол: «Екеу болса да», – деді. Содан соң бір кісі жайлы сұрамадық», – деген (Бұхари, 1368).
Абу аль-Асвад передал: «Однажды я прибыл в Медину и сидел рядом с Умаром ибн аль-Хаттабом (да будет доволен им Аллах). В это время неподалёку прошла похоронная процессия. Когда о покойном стали говорить с похвалой, Умар сказал: “Это стало обязательным”. Затем пронесли ещё одного покойного, о котором также стали говорить с похвалой. Умар вновь сказал: “Это стало обязательным”. Потом пронесли третьего покойного, но о нём стали говорить плохо. Умар снова сказал: “Это стало обязательным”. Тогда я спросил: “О повелитель верующих! Что стало обязательным?” Он ответил: “Я сказал так, как говорил Пророк ﷺ: ‘Если четверо засвидетельствуют, что какой-либо мусульманин был хорошим человеком, Аллах введёт его в рай’. Мы спросили: ‘А если их будет трое?’ Он ответил: ‘Даже если трое’. Мы вновь спросили: ‘А если двое?’ Он ответил: ‘Даже если двое’. После этого мы не стали спрашивать об одном человеке”» (Аль-Бухари: 1368).