Хадис

Риядус-салихин, № 955

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
164. Балалары жастай қайтыс болған жандардың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 955 (қазақша басылым реті)
955
Риядус-салихин, № 955Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَهبَ الرِّجَالُ بِحَدِيثكَ، فَاجْعَلْ لَنَا مِنْ نَفْسِكَ يَوْمًا نَأتِيكَ فِيهِ تُعَلِّمُنَا مِمَّا عَلَّمَكَ اللَّهُ، قَالَ: «اجْتَمِعْنَ يَوْمَ كَذَا وَكَذَا» فَاجْتَمَعْنَ، فَأَتَاهُنَّ النَّبِيُّ ﷺ فَعَلَّمَهُنَّ مِمَّا عَلَّمَهُ اللَّهُ، ثُمَّ قَالَ: «مَا مِنْكُنَّ مِنِ امْرَأَةٍ تُقَدِّمُ ثَلَاثَةً مِنَ الْوَلَدِ إِلَّا كَانُوا لَهَا حِجَابًا مِنَ النَّارِ» فَقَالَتِْ امْرَأَةٌ: وَاثْنَينِ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَاثْنَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісіне ﷺ бір әйел келіп: «Уа, Расулалла! Сізбен тек ер кісілер ғана сөйлесетін болды, бізге де Алланың өзіңізге үйреткенін үйретуіңіз үшін бір күн арнаңызшы!» – деп өтінгенде, оған: «(Олай болса) пәлен күні жиналыңдар», – деді. Содан межелі күні әйелдер жамағаты жиналғанда, Пайғамбарымыз оларға келіп, Алланың өзіне үйреткенін үйретті. Сосын: «Араларыңдағы қайсыбір әйел үш баласынан айырылатын болса, сол балалары оған тозақ отына қарсы қорған болады», – деді. Сонда бір әйел: «Екі бала болса ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Екеу болса да», – деп айтты» (Бұхари, 1249; Муслим, 2633).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды к Посланнику Аллаха ﷺ пришла женщина и попросила: “О Посланник Аллаха! С Вами беседуют лишь мужчины. Выделите и для нас один день, чтобы научить нас тому, чему научил Вас Аллах!” Он ответил ей: “(В таком случае) соберитесь в такой-то день”. В назначенный день женщины собрались, и Пророк ﷺ пришёл к ним и научил их тому, чему научил его Аллах. Затем он сказал: “Если какая-либо из вас потеряет троих детей, они станут для неё защитой от огня ада”. Одна женщина спросила: “А если детей будет двое?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Даже если двое”» (Аль-Бухари: 1249; Муслим: 2633).