Хадис

Сапарға аттанып бара жатқан жолаушыға айтылатын сөз жайында

О словах, которые следует произносить путнику, отправляющемуся в путь

Риядус-салихин, 170-тақырып · 3 хадис · № 973–975

Хадистер

«وَجَعَلَ لَكُمْ مِنَ الْفُلْكِ وَالْأنْعَامِ مَا تَرْكَبُونَ لِتَسْتَوُوا عَلَى ظُهُورِهِ ثُمَّ تَذْكُرُوا نِعْمَةَ رَبِّكُمْ إِذَا اسْتَوَيْتُمْ عَلَيْهِ وَتَقُولُوا سُبْحَانَ الَّذِى سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلِبُونَ» «...Сендер үшін кемелер мен түліктерді мініс көлік қылған бір Өзі! Мініс көлік үстіне мініп, жайғасқан бойда, Раббыларыңның нығметін естеріңе алып, былай деп айтарсыңдар: «Бізге осы мініс көлікті бағынышты қылған Алла мінсіз, кемшілік атаулыдан һәм лайықсыз сипаттардан ада! Әйтпесе, біздің бұған шамамыз жетпес еді» («Зухруф», 12-14 аяттар).

«И сделал для вас средствами передвижения корабли и животных, дабы вы всходили на их спины и утверждались, а затем поминали блага вашего Господа и говорили: “Безупречен и пречист от любых недостатков Тот, Кто подчинил нам это! Ибо мы сами не были в силах сделать это”. “Поистине, мы вернемся к нашему Господу”» (сура «Зухруф», 43:12⁠–⁠14).

973
Риядус-салихин, № 973Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اسْتَوَى عَلَى بَعِيرِهِ خَارِجًا إِلَى سَفَرٍ، كَبَّرَ ثَلَاثًا، ثُمَّ قَالَ: «سُبْحَانَ الَّذِى سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ، وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلبُونَ. اللّهُمَّ إِنا نسألكَ فِى سفرنا هذا الْبرّ والتَّقوى، ومنَ الْعملِ ما ترضى، اللَّهُمَّ هَوِّن عَلَيْنَا سَفَرَنَا هَذَا، وَاطْوِ عَنَّا بُعْدَهُ. اللَّهُمَّ أَنْتَ الصَّاحِبُ فِى السَّفَرِ، والخَلِيفَةُ فِى الْأَهْلِ. اللَّهُمَّ إِنِّى أَعُوذُ بِكَ مِنْ وَعْثَاءِ السَّفَرِ، وَكَآبَةِ الْمَنْظَرِ، وَسُوءِ الْمُنْقَلَبِ فِى الْمَالِ وَالْأَهْلِ وَالوَلَدِ» وَإِذَا رَجَعَ قَالَهُنَّ وَزَادَ فِيهِنَّ: «آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، لِرَبِّنَا حَامِدُونَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ сапарға шығарда түйесіне мініп, жайғасып алған соң, үш рет «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтып: «Бұны бізге бағындырған Алла ұлы әрі кемшілік атаулыдан пәк. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оған қауқарымыз жетпес еді. Түбінде, бәріміз де Раббымызға қайтамыз. Уа, Алла Тағалам! Бізге осы сапарда игілік, тақуалық және Өзің разы болатын игі істер істеуді нәсіп ет! Уа, Алла Тағалам! Сапарымызды жеңілдетіп, біз үшін алысты жақындата көр! Уа, Алла Тағалам! Сапардағы серігіміз де, артта қалған отбасыларымыздың өкілі де бір Өзіңсің! Уа, Алла Тағалам! Сапардың машақатынан, сары уайымға салатын қандай да бір жағдайдан және сапардан оралғанда дүние-мүлкіміз бен отбасымызды бәле-жалаға ұшыраған күйде көруден бір Өзің сақтай көр!» – деп дұға жасайтын-ды. Сапардан қайтқанда, осы дұғаларына: «Біз сапардан қайтып келеміз, Раббымыздың алдында тәубеге келіп, құлшылық етіп, мадақ айтып келеміз!» – деген мадақ сөздерін қоса айтатын», – деп айтты (Муслим, 3275).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Отправляясь в путь, Посланник Аллаха ﷺ садился на своего верблюда и, удобно устроившись, трижды произносил такбир: “Аллаху акбар”, а затем обращался с мольбой: “Велик Аллах, подчинивший нам это, и пречист Он от всякого недостатка! Если бы Он не подчинил его нам, нам было бы не под силу совладать с ним. И в конце концов все мы возвратимся к нашему Господу (Коран, 43:13⁠–⁠14).

О Аллах Всевышний! Даруй нам в этом путешествии благо, богобоязненность и возможность совершать добрые дела, которыми Ты будешь доволен! О Аллах Всевышний! Облегчи наше путешествие и сделай для нас далёкое близким! О Аллах Всевышний! Лишь Ты – наш Спутник в пути и Попечитель наших семей, оставшихся дома! О Аллах Всевышний! Убереги нас от тягот пути, от всякого обстоятельства, повергающего в глубокую печаль, и от того, чтобы по возвращении из путешествия увидеть несчастье, постигшее наше имущество и семьи!” Возвращаясь из путешествия, к этой мольбе он добавлял слова хвалы: “Мы возвращаемся из путешествия, каемся перед нашим Господом, поклоняемся Ему и воздаём Ему хвалу!”» (Муслим: 3275).

974
Риядус-салихин, № 974Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәржис (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَرجِسَ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا سَافَرَ يَتَعَوَّذُ مِنْ وَعْثَاءِ السَّفَرِ، وَكَآبَةِ الْمُنْقَلَبِ، وَالْحَوْرِ بَعْدَ الْكَوْنِ، وَدَعْوَةِ الْمَظْلُومِ، وَسُوءِ الْمَنْظَرِ فِى الْأَهْلِ وَالْمَالِ

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сәржис (р.а.): «Алла Елшісі ﷺ сапарға шыққанда сапардың машақатынан, қайғылы нәтижеден, туралықтан таюдан, мазлұмның дұғасынан және отбасы мен мал-дүниенің жамандыққа ұшырауынан сақтай көр деп, Аллаға сиынатын», – деген. (Муслим, 1343; Тирмизи, 3439).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Сарджис (да будет доволен им Аллах) сказал: «Отправляясь в путь, Посланник Аллаха ﷺ прибегал к защите Аллаха от тягот путешествия, печального исхода, уклонения от прямого пути, мольбы притеснённого и от того, чтобы его семью и имущество постигло зло» (Муслим: 1343; Ат-Тирмизи: 3439).

975
Риядус-салихин, № 975

عَنْ عَلِى بْنِ ربيعة، قَالَ: شهدت عليَّ بْنِ أَبِى طالب، أُتِيَ بِدَابَّةٍ لِيَرْكَبَهَا، فَلَمَّا وَضَعَ رِجْلَهُ فِى الرِّكَابِ، قَالَ: بِسْمِ اللَّهِ، فَلَمَّا اسْتَوَى عَلَى ظَهْرِهَا، قَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ، وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلِبُونَ، ثُمَّ قَالَ: الْحمْدُ للهِ، ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ قَالَ: اللَّهُ أَكْبَرُ، ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ قَالَ: سُبْحَانَكَ إِنِّى ظَلَمْتُ نَفْسِى فَاغْفِرْ لِى إِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ، ثُمَّ ضَحِكَ، فَقيلَ: يَا أمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، مِنْ أيِّ شَيْءٍ ضَحِكْتَ؟ قَالَ: رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَعَلَ كَمَا فَعَلْتُ ثُمَّ ضَحِكَ، فقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مِنْ أيِّ شَيْءٍ ضَحِكْتَ؟ قَالَ: «إِنَّ رَبَّكَ تَعَالَى يَعْجَبُ مِنْ عَبدِهِ إِذَا قَالَ: اغْفِرْ لِى ذُنُوبِى، يَعْلَمُ أَنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ غَيْرِى»

Қазақша аудармасы

Али ибн Рабиға (р.а.): «Бірде (жолға шығып бара жатқан) Али ибн Әбу Талибке (р.а.) мініс көлік әкелгенде, ол аяғын үзеңгіге салып: «Бисмилләһ», – деді де, жануарға қарғып мініп, жайғасып алған соң: «Бұны бізге бағындырған Аллаға мақтау айтамыз. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оны бағындыруға қауқарымыз жетпес еді. Түбінде, бәріміз де Раббымызға қайтамыз», – деді. Содан кейін үш рет «Әлхамду лилләһ» және үш рет «Аллаһу акбар» деп: «Уа, Алла Тағалам! Сен барлық кемшілік атаулыдан пәксің, ұлысың! Мен өз-өзіме қиянат жасадым, мені жарылқап, кешіре көр! Расында, бір Өзіңнен басқа бізді жарылқап, күнәмізді кешіретін ешкім жоқ», – дегеннен соң езу тартып, күлімсіреді. Сонда қасындағылар: «Уа, мүміндердің әміршісі! Неге езу тарттыңыз?» – деп сұрады. Али: «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ дәл қазір менің істегенімдей істеп, содан соң езу тартқанын көріп, сендер секілді: «Уа, Расулалла! Неліктен езу тарттыңыз?» – деп сұраған едім. Сонда ол: «Расында, Ұлы әрі кемшілік атаулыдан ада Раббың пендесінің күнәларын Алладан басқа ешкімнің де кешіре алмайтынын біліп, «күнәларымды кешіре көр» деп жалбарынғанын ұнатады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт, 2602; Тирмизи, 3446).

Орысша аудармасы

Али ибн Рабиа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Али ибн Абу Талибу (да будет доволен им Аллах), собиравшемуся отправиться в путь, подвели верховое животное. Поставив ногу в стремя, он произнёс: “Бисмиллях”, затем вскочил в седло и, устроившись, сказал: “Хвала Аллаху, подчинившему нам это. Если бы Он не создал его покорным нам, нам было бы не под силу справиться с ним. И в конце концов все мы возвратимся к нашему Господу (Коран, 43:13⁠–⁠14)”. Затем он трижды произнёс: “Альхамдулиллях”, и трижды: “Аллаху акбар”, после чего сказал: “О Аллах Всевышний! Ты пречист и велик! Поистине, я поступил несправедливо по отношению к самому себе, так помилуй и прости меня! Воистину, никто, кроме Тебя, не может помиловать нас и простить наши грехи”.

После этого он слегка улыбнулся. Тогда находившиеся рядом спросили: “О повелитель правоверных! Почему вы улыбнулись?” Али ответил: “Однажды я увидел, как наш Пророк ﷺ сделал то же самое, что только что сделал я, а затем улыбнулся. Я, как и вы, спросил его: ‘О Посланник Аллаха! Почему вы улыбнулись?’ Он ответил: ‘Воистину, твой Господь, Великий и пречистый, любит, когда Его раб, зная, что никто, кроме Аллаха, не способен прощать грехи, взывает к Нему с просьбой простить его грехи’”» (Абу Дауд: 2602; Ат-Тирмизи: 3446).