عَنْ عَلِى بْنِ ربيعة، قَالَ: شهدت عليَّ بْنِ أَبِى طالب، أُتِيَ بِدَابَّةٍ لِيَرْكَبَهَا، فَلَمَّا وَضَعَ رِجْلَهُ فِى الرِّكَابِ، قَالَ: بِسْمِ اللَّهِ، فَلَمَّا اسْتَوَى عَلَى ظَهْرِهَا، قَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ، وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلِبُونَ، ثُمَّ قَالَ: الْحمْدُ للهِ، ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ قَالَ: اللَّهُ أَكْبَرُ، ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ قَالَ: سُبْحَانَكَ إِنِّى ظَلَمْتُ نَفْسِى فَاغْفِرْ لِى إِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ، ثُمَّ ضَحِكَ، فَقيلَ: يَا أمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، مِنْ أيِّ شَيْءٍ ضَحِكْتَ؟ قَالَ: رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَعَلَ كَمَا فَعَلْتُ ثُمَّ ضَحِكَ، فقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مِنْ أيِّ شَيْءٍ ضَحِكْتَ؟ قَالَ: «إِنَّ رَبَّكَ تَعَالَى يَعْجَبُ مِنْ عَبدِهِ إِذَا قَالَ: اغْفِرْ لِى ذُنُوبِى، يَعْلَمُ أَنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ غَيْرِى»
Али ибн Рабиға (р.а.): «Бірде (жолға шығып бара жатқан) Али ибн Әбу Талибке (р.а.) мініс көлік әкелгенде, ол аяғын үзеңгіге салып: «Бисмилләһ», – деді де, жануарға қарғып мініп, жайғасып алған соң: «Бұны бізге бағындырған Аллаға мақтау айтамыз. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оны бағындыруға қауқарымыз жетпес еді. Түбінде, бәріміз де Раббымызға қайтамыз», – деді. Содан кейін үш рет «Әлхамду лилләһ» және үш рет «Аллаһу акбар» деп: «Уа, Алла Тағалам! Сен барлық кемшілік атаулыдан пәксің, ұлысың! Мен өз-өзіме қиянат жасадым, мені жарылқап, кешіре көр! Расында, бір Өзіңнен басқа бізді жарылқап, күнәмізді кешіретін ешкім жоқ», – дегеннен соң езу тартып, күлімсіреді. Сонда қасындағылар: «Уа, мүміндердің әміршісі! Неге езу тарттыңыз?» – деп сұрады. Али: «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ дәл қазір менің істегенімдей істеп, содан соң езу тартқанын көріп, сендер секілді: «Уа, Расулалла! Неліктен езу тарттыңыз?» – деп сұраған едім. Сонда ол: «Расында, Ұлы әрі кемшілік атаулыдан ада Раббың пендесінің күнәларын Алладан басқа ешкімнің де кешіре алмайтынын біліп, «күнәларымды кешіре көр» деп жалбарынғанын ұнатады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт, 2602; Тирмизи, 3446).
Али ибн Рабиа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Али ибн Абу Талибу (да будет доволен им Аллах), собиравшемуся отправиться в путь, подвели верховое животное. Поставив ногу в стремя, он произнёс: “Бисмиллях”, затем вскочил в седло и, устроившись, сказал: “Хвала Аллаху, подчинившему нам это. Если бы Он не создал его покорным нам, нам было бы не под силу справиться с ним. И в конце концов все мы возвратимся к нашему Господу (Коран, 43:13–14)”. Затем он трижды произнёс: “Альхамдулиллях”, и трижды: “Аллаху акбар”, после чего сказал: “О Аллах Всевышний! Ты пречист и велик! Поистине, я поступил несправедливо по отношению к самому себе, так помилуй и прости меня! Воистину, никто, кроме Тебя, не может помиловать нас и простить наши грехи”.
После этого он слегка улыбнулся. Тогда находившиеся рядом спросили: “О повелитель правоверных! Почему вы улыбнулись?” Али ответил: “Однажды я увидел, как наш Пророк ﷺ сделал то же самое, что только что сделал я, а затем улыбнулся. Я, как и вы, спросил его: ‘О Посланник Аллаха! Почему вы улыбнулись?’ Он ответил: ‘Воистину, твой Господь, Великий и пречистый, любит, когда Его раб, зная, что никто, кроме Аллаха, не способен прощать грехи, взывает к Нему с просьбой простить его грехи’”» (Абу Дауд: 2602; Ат-Тирмизи: 3446).