Хадис

Риядус-салихин, № 979

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
171. Жолаушының өрге қарай жүргенде немесе төбеге көтерілгенде тәкбір айтып, төмен ылдилағанда тәсбих айтуы жайлы
Нөмірі
№ 979 (қазақша басылым реті)
979
Риядус-салихин, № 979Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أُرِيدُ أَنْ أُسَافِرَ فَأوْصِني، قَالَ: «عَلَيْكَ بِتَقْوَى اللَّهِ، وَالتَّكْبِيرِ عَلَى كلِّ شَرَفٍ» فَلَمَّا وَلَّى الرَّجُلُ، قَالَ: «اللَّهُمَّ اطْوِ لَهُ الْبُعْدَ، وَهَوِّنْ عَلَيْهِ السَّفَرَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Уа, Расулалла! Сапарға шығайын деп едім, маған ақыл-кеңес айтыңызшы», – деп өтінгенде, оған: «Аллаға қарсы келуден сақтан және әр төбеге көтерілгенде тәкбір айт!» – дейді. Сосын әлгі кісі кеткен соң, ол үшін: «Уа, Алла! Ол үшін алыс жолды қысқарта көр және сапарын жеңілдете көр!» – деп дұға жасайды (Тирмизи, 3441).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что один человек обратился к Пророку ﷺ: «О Посланник Аллаха! Я собираюсь отправиться в путь, дайте мне наставление». Пророк ﷺ сказал ему: «Остерегайся ослушания Аллаха и, поднимаясь на каждую возвышенность, произноси такбир!» Когда тот человек ушёл, Пророк ﷺ помолился за него: «О Аллах! Сократи для него дальний путь и облегчи ему путешествие!» (Ат-Тирмизи: 3441).