Хадис

Риядус-салихин, № 984

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
174. Бір жерге ат басын тірегенде айтылатын дұға
Нөмірі
№ 984 (қазақша басылым реті)
984
Риядус-салихин, № 984Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا سَافَرَ فَأقْبَلَ اللَّيْلُ، قَالَ: «يَا أرْضُ، رَبِّى وَرَبُّكِ اللَّهُ، أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ شَرِّكِ وَشَرِّ مَا فِيكِ، وَشَرِّ مَا خُلِقَ فِيكِ، وَشَرِّ مَا يَدِبُّ عَلَيْكِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ أسَدٍ وَأسْوَدٍ، وَمِنَ الْحَيَّةِ وَالعَقْرَبِ، وَمِنْ سَاكِنِ الْبَلَدِ، وَمِنْ وَالِدٍ وَمَا وَلَدَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ жол жүріп келе жатқанында, кеш батып кетсе: «Уа, жер, менің де, сенің де Раббың бір Алла. Сенің жамандығыңнан, қойныңдағылардың һәм қойныңда жаратылғанның кесірінен және үстіңде жер басып жүрген күллі жаратылыстың кесірінен (сақтай көр деп) бір Аллаға сиынамын. Сондай-ақ арыстанның, адамның, жыланның, шаянның, осы жерді мекендейтін жындардың және Ібіліс пен содан туған шайтандардың кесірінен бір Аллаға» деп дұға жасайтын еді», – деген (Әбу Дәуіт, 2603).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Когда в пути наступал вечер, Посланник Аллаха ﷺ говорил: “О земля! Мой Господь и твой Господь – Единый Аллах. Я ищу защиты у одного лишь Аллаха от твоего зла, от зла тех, кто находится в твоих недрах, от зла того, что создано в твоих недрах, и от зла всех созданий, ступающих по тебе. Я также ищу защиты у одного лишь Аллаха от зла льва, человека, змеи, скорпиона, джиннов, населяющих эту землю, Иблиса и порождённых им шайтанов!”» (Абу Дауд: 2603).