Хадис

Риядус-салихин, № 986

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
176. Сапардан үй ішіне күндіз оралудың абзалдығы және зәру болмаған жағдайда түн ішінде оралудың жағымсыздығы жайлы
Нөмірі
№ 986 (қазақша басылым реті)
986
Риядус-салихин, № 986Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا أطال أَحَدُكُمُ الْغَيْبَةَ فَلَا يَطْرُقَنَّ أَهْلَهُ لَيْلًا»

وَفِى رِوَايَةٍ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى أَنْ يَطْرُقَ الرَّجُلُ أَهْلَهُ لَيْلًا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Ұзақ уақыт үйінде болмаған адам үй ішіне (ескертпестен) түн ортасында келіп, есік қағып үй ішін мазаламасын», – деді», – деген. Басқа бір риуаятта: «Алла елшісі ﷺ сапарда жүрген адамды түннің бір уағында (күтпеген жерден) үйіне келіп, есік қағудан тыйды», – делінген (Бұхари, 1801; Муслим, 4964).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть тот, кто долго отсутствовал дома, не возвращается к своей семье (не предупредив её) среди ночи, не стучит в дверь и не тревожит домашних”». В другой версии этого хадиса говорится: «Посланник Аллаха ﷺ запретил путнику среди ночи (неожиданно) возвращаться домой и стучать в дверь» (Аль-Бухари: 1801; Муслим: 4964).