Хадистер
«فَمَاذَا بَعْدَ الْحَقِّ إِلَّا الضَّلال» «Ақиқаттың шегінен аттағанда адасушылықтан өзге не бар дейсің?!» («Жүніс» сүресі, 32-аят).
«مَا فَرَّطْنَا فِى الْكِتَابِ مِنْ شَيْء» «...Біз Кітапта еш нәрсені қалыс қалдырмадық....» («Әнғам»сүресі, 38-аят).
«فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِى شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ» «...Егер Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, қандай да бір мәселе төңірегінде өзара келісе алмағандарыңда Аллаға және Алланың елшісіне жүгініңдер....» («Ниса» сүресі, 59-аят).
«وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِى مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ وَلا تَتَّبِعُوا السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَنْ سَبِيلِهِ» «Менің тура жолым, міне, осы. Ендеше, менің жолыммен жүріңдер. Өзге соқпақ-сүрлеулерге түсіп кетпеңдер, ондай теріс жолдар сендерді жік-жікке бөліп, Алланың тура жолынан тайдырып жібермесін. Күнә атаулыдан сақтанып, тақуалық аясында өмір сүрсін деп, Алла сендерге осыларды бұйырады» («Әнғам» сүресі, 153-аят).
«قُلْ إِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِى يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ» «Егер Алланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт» («Әли Имран» сүресі, 31-аят).
«Что кроме заблуждения может быть после черты истины?» (сура «Юнус», 10:32).
«Ведь Мы ничего не упустили в Книге» (сура «Ан‘ам», 6:38).
«Когда бы вы ни стали препираться из-за разногласий между вами, то прибегните к Аллаху и Его посланнику, если вы и вправду уверовали в Аллаха и Последний День» (сура «Ниса», 4:59).
«Таков путь Мой верный, – следуйте же ему. И не следуйте иными путями, дабы они не разделили вас и не отклонили от пути Аллаха. Завещает вам Аллах это, дабы вы избегали порока и стали богобоязненны» (сура «Ан‘ам», 6:153).
«Скажи: “Если вы любите Аллаха, то следуйте за мной. Тогда полюбит вас Аллах и простит вам грехи”» (сура «Али Имран», 3:31).
عَنْ عَائِشَة رَضِى اللَّه عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أحْدَثَ فِى أمْرِنَا هَذَا مَا لَيْسَ مِنْهُ فَهُوَ رَدٌّ»
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім осы ісімізге (яғни, осынау дінімізге) оның негізінде болмаған қандай да бір жаңалық енгізетін болса, онысы қабылданбайды», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 2697; Муслим: 4492; Ахмад: 24450).
Орысша аудармасы
В хадисе, переданном Аишей (да будет доволен ею Аллах), сообщается: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо внесёт в это наше дело (то есть в нашу религию) какое-либо нововведение, не имеющее в ней основы, такое нововведение не будет принято”» (Аль-Бухари: 2697; Муслим: 4492; Ахмад: 24450).
عَنْ جَابِر قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا خَطَبَ احْمَرَّتْ عَينَاهُ، وَعَلا صَوتُهُ، وَاشْتَدَّ غَضَبُهُ، حَتَّى كَأَنَّهُ مُنْذِرُ جَيشٍ، يَقُولُ: «صَبَّحَكُمْ وَمَسَّاكُمْ» وَيَقُولُ: «بُعِثتُ أَنَا والسَّاعَةُ كَهَاتَينِ» وَيَقْرِنُ بَيْنَ أُصبُعَيهِ السَّبَّابَةِ وَالوُسْطَى، وَيَقُولُ: «أَمَّا بَعْدُ، فَإِنَّ خَيْرَ الْحَديثِ كِتَابُ اللَّه، وَخَيرَ الْهَدْيِ هَدْيُ مُحَمَّدٍ ﷺ، وَشَرَّ الْأُمُورِ مُحْدَثَاتُهَا، وَكُلَّ بِدْعَة ضَلَالَةٌ» ثُمَّ يَقُولُ: «أَنَا أوْلَى بِكُلِّ مُؤْمِنٍ مِنْ نَفسِهِ، مَنْ تَرَكَ مَالًا فَلأَهْلِهِ، وَمَنْ تَرَكَ دَيْنًا أَوْ ضَيَاعًا فَإِلَيَّ وَعَلَيَّ»
Қазақша аудармасы
Жәбир (р.а.): «Әдетте, Алла елшісі ﷺ құтба айтқанда көзі қызарып, дауысы зорайып, құдды: «Дұшпан таңертең немесе кешке тұтқиылдан шабуыл жасайды, дайын болыңдар!» деп қол астындағы жауынгерлеріне ескертіп тұрған қолбасшы сияқты айбаттанып кететін еді. Сондай құтбаларының бірінде сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын теңестіріп, көрсетіп тұрып: «Мен пайғамбар болып жіберілген уақыт пен қиямет күнінің арасы мына екі саусақтың арасындай ғана», – деді де: «Расында, ең абзал сөз – Алланың кітабы! Ең қайырлы жол – Мұхаммедтің жолы! Істердің ең жаманы – (Құран мен Сүннетте негізі болмаған кейіннен пайда болған) діндегі жаңалықтар! (Құран мен Сүннетте негізі болмаған) діндегі әрбір жаңалық – адасушылық!» – деді. Содан кейін: «Мен әрбір мүмінге өз жанынан да жақынмын. Кімде-кім артына дүние-мүлік қалдырса, онысы бала-шағасына тиесілі. Ал кімнің артында өтелмеген қарызы немесе күтімге мұқтаж бала-шағасы қалса, олар менікі әрі менің мойнымда болады»,1 – деп айтты», – деген. (Муслим: 2005; Ахмад: 14334).
Орысша аудармасы
Джабир (да будет доволен им Аллах) передал: «Обычно, когда Посланник Аллаха ﷺ произносил проповедь, его глаза краснели, голос становился громче, а сам он говорил с таким воодушевлением, словно полководец, предупреждающий своих воинов: “Враг внезапно нападёт на вас утром или вечером – будьте готовы!” Во время одной из таких проповедей он, сложив рядом указательный и средний пальцы, сказал: “Между временем, когда я был послан как Пророк, и наступлением Судного дня осталось столько же, сколько между этими двумя пальцами”. Затем он сказал: “Поистине, лучшее слово – Книга Аллаха! Лучший путь – путь Мухаммада ﷺ! Худшие из дел – нововведения в религии (возникшие впоследствии и не имеющие основания в Коране и Сунне)! Каждое нововведение в религии (не имеющее основания в Коране и Сунне) – заблуждение!” После этого он сказал: “Я ближе к каждому верующему, чем его собственная душа. Если кто-то оставит после себя имущество, оно принадлежит его семье и детям. Если же кто-то оставит после себя непогашенный долг или нуждающихся в содержании детей, то забота о них возлагается на меня”1» (Муслим: 2005; Ахмад: 14334).
- 1Яғни, Алла елшісі ﷺ өзіне олжадан немесе зекет-садақадан түскен мал-дүниеден өтейді.
- 1То есть Посланник Аллаха ﷺ погашает такие долги за счёт имущества, полученного им из военной добычи, закята или милостыни.