Хадис

Адамның жақсы немесе жаман іске бастама болуы

О том, как человек полагает начало доброму или дурному делу

Риядус-салихин, 19-тақырып · 2 хадис · № 172–173

Хадистер

«وَالَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا» Олар: «Уа, Раббымыз! Жұбайларымызды және үрім-бұтағымызды көз қуанышымыз еткейсің, әрі бізді тақуа жандарға жолбасшы қылғайсың!» – деп тілейді» («Фурқан» сүресі, 74-аят).

«وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا » «Оларды әміріміз бойынша адамдарға тура жолды нұсқайтын жолбасшы көсем қылдық....» («Әнбия» сүресі, 73-аят).

«И они молятся: “О наш Господь! Сделай же наших жен и детей отрадой для глаз! И сделай нас предводителями для богобоязненных!”» (сура «Фуркан», 25:74).

«Мы сделали их предводителями, ведущими по Нашему велению» (сура «Анбия», 21:73).

172
Риядус-салихин, № 172

عَنْ أَبِى عَمْرُو جرِير بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: كنا فِى صَدْرِ النَّهَارِ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَجَاءهُ قَومٌ عُرَاةٌ مُجْتَابي النِّمَار أَوْ الْعَبَاء، مُتَقَلِّدِى السُّيُوف، عَامَّتُهُمْ من مضر بَلْ كُلُّهُمْ مِنْ مُضَرَ، فَتَمَعَّرَ وَجْهُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لما رَأَى بِهِمْ مِنَ الْفَاقَة، فَدَخَلَ ثُمَّ خَرَجَ، فَأَمَرَ بِلالًا فَأَذَّنَ وَأَقَامَ، فصَلَّى ثُمَّ خَطَبَ، فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمُ الَّذِى خَلَقَكُمْ مِنْ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ» إِلَى آخر الآية: «إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقِيبًا »، والآية الْأُخْرَى التي فِى آخر الْحَشْرِ: «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَلْتَنْظُرْ نَفْسٌ مَا قَدَّمَتْ لِغَدٍ» تَصَدَّقَ رَجُلٌ مِنْ دِينَارِهِ، مِنْ دِرهمِهِ، مِنْ ثَوبِهِ، مِنْ صَاعِ بُرِّهِ، مِنْ صَاعِ تَمْرِهِ – حَتَّى قَالَ – وَلَوْ بِشقِّ تَمرَةٍ» فَجَاءَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ بِصُرَّةٍ كَادَتْ كَفُّهُ تَعجَزُ عَنهَا، بَلْ قَدْ عَجَزَتْ، ثُمَّ تَتَابَعَ النَّاسُ حَتَّى رَأَيْتُ كَومَيْنِ مِنْ طَعَامٍ وَثِيَابٍ، حَتَّى رَأَيْتُ وَجْهَ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَتَهَلَّلُ كَأَنَّهُ مُذْهَبَةٌ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ سَنَّ فِى الْإِسلَامِ سنَّةً حَسَنَةً فَلَهُ أجْرُهَا، وَأجْرُ مَنْ عَمِلَ بِهَا بَعْدَهُ، مِنْ غَيْرِ أَنْ يَنْقُصَ مِنْ أُجُورهمْ شَيْءٌ،وَمَنْ سَنَّ فِى الْإِسْلَامِ سُنَّةً سَيِّئَةً كَانَ عَلَيْهِ وِزْرُهَا، وَوِزْرُ مَنْ عَمِلَ بِهَا مِنْ بَعْدِهِ، مِنْ غَيْرِ أَنْ يَنْقُصَ مِنْ أوْزَارِهمْ شَيْءٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Амр Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Таңғы уақыт болатын. Алла елшісінің ﷺ қасында отырғанымызда, оған арыстан терісіне ұқсаған ала-құла жүннен жасалған шүберектің қақ ортасын ойып, бастарынан өткізіп киген жартылай жалаңаш, қылыш асынған, көпшілігі, бәлкім, барлығы дерлік Мұдар тайпасына жататын бір топ адам келді. Олардың мұншама пақырлығын көргенде Алла елшісінің (жаны ашып) мүбәрак жүзінің реңі өзгеріп кетті. Дереу үйіне кіріп, қайта шықты да, Біләлге азан шақыруды бұйырды. Біләл азан шақырып, іле қамат түсірді. Расулалла жамағатпен намаз оқыды да, соңынан жұртқа уағыз айтып, сөз арасында мына аятты оқыды: «Әй, адамдар! Сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбын жаратып, ол екеуінен (жер бетіне) көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңа (қарсы келуден) қорқыңдар. Бір-біріңнен атын атап жәрдем сұрасқан1 Алладан (яғни қаһарынан) және туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар. Шүбәсіз, Алла сендерді әрдайым Бақылаушы!»2. Сондай-ақ «Хашр» сүресінің соңындағы: «Әй, иман еткендер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертеңгі күніне (ақыретке) қалай дайындалғанына көңіл бөлсін»3 деген аятты да оқыды. Содан кейін жамағатқа: «Әрбір адам динарынан (алтынынан), дирхамынан (күмісінен), киімінен, бір сағ4 бидайынан немесе құрмасынан (Алла жолында) берсін. Тіпті жарты құрма болса да берсін», – деді. Сол кезде бір ансарлық сахаба мықшыңдай көтеріп, бір қап әкелді. Оны көрген басқалары бірінен соң бірі (қолдарындағы барын) әкеле бастады. Сөйтіп, әлгі жерде бірі азық-түлік, ал екіншісі киім-кешектен тұратын үлкен екі үйме пайда болды. Сол кезде Пайғамбарымызға қарасам, жүзі жадырап кетіпті. Сонда ол: «Кімде-кім Исламда бір бастама көтеріп, қандай да бір игі іске мұрындық болса, өзінен кейін сол істі істегендердің алған сауабындай сауапқа кенеледі. Одан кейін сол игі істі істегендердің сауабы титтей де кемімейді. Сондай-ақ кімде-кім Исламда елден бұрын, қандай да бір жаман іске барса, соның күнәсін және өзінен кейін сол істі істегендердің күнәсін де арқалайды. Одан кейінгілердің күнәлары кемімейді», – деп айтты», – деген. (Муслим: 2351; Ахмад: 19174).

Орысша аудармасы

Абу Амр Джарир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал: «Это было утром. Когда мы сидели возле Посланника Аллаха ﷺ, к нему пришла группа полуобнажённых людей с мечами на перевязи. На них были куски пёстрой шерстяной ткани, напоминавшей львиную шкуру: посередине ткани были прорезаны отверстия, через которые они просунули головы. Большинство из них, а возможно, почти все, принадлежали к племени Мудар. Увидев их крайнюю бедность, Посланник Аллаха ﷺ (проникшись к ним состраданием) изменился в лице. Он тотчас вошёл в свой дом, а затем вышел и велел Билялу возвестить азан. Билял возвестил азан и вслед за ним произнёс икамат. Посланник Аллаха ﷺ совершил молитву вместе с общиной, после чего обратился к людям с проповедью и в ходе неё прочитал следующий аят: “О люди! Бойтесь вашего Господа, Который сотворил вас из одного человека, сотворил из него его супругу и распространил от них обоих (по земле) множество мужчин и женщин. Бойтесь Аллаха (то есть Его гнева), именем Которого вы просите друг друга о помощи1, и остерегайтесь разрыва родственных связей. Поистине, Аллах неизменно наблюдает за вами!”2. Он также прочитал аят, находящийся в конце суры “Аль-Хашр”: “О те, кто уверовал! Бойтесь Аллаха. Пусть каждый задумается о том, что он приготовил для завтрашнего дня (для вечной жизни)”3.

Затем он обратился к собравшимся: “Пусть каждый пожертвует (на пути Аллаха) из своего динара (золота), из своего дирхема (серебра), из своей одежды, из одного са‘4 пшеницы или фиников. Пусть пожертвует хотя бы половинкой финика”.

Тогда один из сподвижников-ансаров принёс мешок, который едва мог поднять. Увидев это, остальные стали один за другим приносить (всё, что у них было). Так на том месте образовались две большие груды: одна состояла из продуктов, а другая – из одежды. Я взглянул на Пророка ﷺ и увидел, что его лицо озарилось радостью. Тогда он сказал: “Кто в исламе положит начало какому-либо благому делу, тот получит награду, равную награде тех, кто станет совершать это дело после него. При этом награда совершивших это благое дело после него нисколько не уменьшится. А кто в исламе первым положит начало какому-либо дурному делу, тот понесёт грех этого дела и грехи тех, кто станет совершать его после него. При этом грехи последовавших за ним нисколько не уменьшатся”» (Муслим: 2351; Ахмад: 19174).

  1. 1Адамдардың бір-біріне өтініш айтқанда, «Алланың разылығы үшін», «Құдай үшін» деп, Жаратқанның атын атауы.
  2. 2«Ниса» сүресі, 1-аят
  3. 3«Хашр» сүресі, 18-аят
  4. 4Дәнді-дақылдардың өлшем бірлігі.
  1. 1Речь идёт об упоминании имени Творца, когда люди обращаются друг к другу с просьбой: «Ради довольства Аллаха», «Ради Бога».
  2. 2Сура «Ниса», аят 1.
  3. 3Сура «Хашр», аят 18.
  4. 4Са‘ – мера, используемая для зерновых культур.
173
Риядус-салихин, № 173Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ ابنِ مسعود: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ مِنْ نَفْس تُقْتَلُ ظُلْمًا إِلَّا كَانَ عَلَى ابْنِ آدَمَ الْأوْلِ كِفْلٌ مِنْ دَمِهَا، لأَنَّهُ كَانَ أَوَّلَ مَنْ سَنَّ الْقَتلَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жазықсыздан-жазықсыз өлтірілген әрбір жанның қанындағы күнәдан Адам атаның тұңғыш ұлы Қабылдың да алар үлесі бар, өйткені ол нақақ кісі өлтіруге ең алғаш жол ашқан адам еді», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 7321; Муслим: 4379; Ахмад: 4123).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Масудом (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Пророк ﷺ сказал: “На первом сыне Адама – Кабиле – лежит доля греха за кровь каждого безвинно убитого человека, поскольку именно он первым проложил путь к неправедному убийству”» (Аль-Бухари: 7321; Муслим: 4379; Ахмад: 4123).