Хадис

Игі іске себеп болу, тура жолға немесе адасуға үндеу жайында

О содействии благому делу и призыве к прямому пути или заблуждению

Риядус-салихин, 20-тақырып · 4 хадис · № 174–177

Хадистер

«وَادْعُ إِلَى رَبِّكَ» «...Раббыңа шақыр...» («Қасас» сүресі, 87-аят).

«ادْعُ إِلَى سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَة» «Раббыңның жолына даналықпен және жанға жағымды уағыз-насихатпен шақыр!...» («Нахыл» сүресі, 125-аят).

«وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى» «...Ізгілікте және тақуалықта өзара жәрдемдесіңдер!...» («Мәида» сүресі, 2-аят).

«وَلْتَكُنْ مِنْكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى الْخَيْرِ» «Араларыңда ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын және жамандықтан тыятын бір қауым болсын...» («Әли Имран» сүресі, 104-аят).

«Призывай людей к пути Господа твоего» (сура «Касас», 28:87).

«Призывай на путь своего Господа мудростью и добрым наставлением» (сура «Нахль», 16:125).

«Помогайте же друг другу в благочестии и богобоязненности!» (сура «Маида», 5:2).

«Пусть же будет среди вас община, которая призывает к благому, повелевает одобряемое и удерживает от дурного» (сура «Али Имран», 3:104).

174
Риядус-салихин, № 174

عَنْ أَبِى مسعود عُقبةَ بْنِ عَمْرُو الْأنصارِى الْبدرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أجْرِ فَاعِلِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Ансариден (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім бір игі істі бастап өзгеге үлгі болса, өзінен кейін сол істі істегеннің сауабындай сауап алады», – деп айтты» – делінген. (Муслим: 4899; Ахмад: 17084).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Масуда Укбы ибн Амра аль-Ансари (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто положит начало благому делу и станет примером для других, тот получит такую же награду, как и совершивший это дело вслед за ним» (Муслим: 4899; Ахмад: 17084).

175
Риядус-салихин, № 175Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ دَعَا إِلَى هُدًى، كَانَ لَهُ مِنَ الْأَجْرِ مِثْلُ أجُورِ مَنْ تَبِعَه، لَا يَنْقُصُ ذَلِكَ مِنْ أجُورِهمْ شَيْئًا، وَمَنْ دَعَا إِلَى ضَلَالَةٍ، كَانَ عَلَيْهِ مِنَ الْإِثْمِ مِثْلُ آثَامِ مَنْ تَبِعَهُ، لَا يَنْقُصُ ذَلِكَ مِنْ آثَامِهِمْ شَيْئًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла Елішісі ﷺ: «Кімде-кім тура жолға шақырса, оған өзіне ілескендердің сауабындай сауап жазылады және бұл олардың (яғни оған ерушілердің) сауаптарынан ештеңе кемітпейді. Ал кім адасушылыққа шақырса, оған өзіне ілескендердің күнәларындай күнә артылады және бұл да олардың күнәларынан ештеңе кемітпейді», – деді», – деп айтқан. (Муслим: 6804; Ахмад: 9160).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто призывает к верному пути, тому будет записана награда, равная награде тех, кто последовал за ним, и это нисколько не уменьшит их наград (то есть наград его последователей). А на того, кто призывает к заблуждению, будут возложены грехи, подобные грехам тех, кто последовал за ним, и это также нисколько не уменьшит их грехов”» (Муслим: 6804; Ахмад: 9160).

176
Риядус-салихин, № 176

عَنْ أَبِى الْعباس سهل بْنِ سعد الساعدي: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ يَوْم خَيبَر: «لأُعْطِيَنَّ الرَّايَةَ غَدًا رجلًا يَفْتَحُ اللَّه عَلَى يَدَيهِ، يُحبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ، ويُحِبُّهُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ»، فَبَاتَ النَّاسُ يَدُوكُونَ لَيْلَتَهُمْ أيُّهُمْ يُعْطَاهَا. فَلَمَّا أَصْبَحَ النَّاسُ غَدَوْا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كُلُّهُمْ يَرْجُو أَنْ يُعْطَاهَا. فَقَالَ: «أينَ عَلِيُّ ابنُ أَبِى طالب؟» فقيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُوَ يَشْتَكِى عَيْنَيهِ. قَالَ: «فَأَرْسِلُوا إِلَيْه» فَأُتِيَ بِهِ فَبَصَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى عَيْنَيْهِ، وَدَعَا لَهُ فَبَرِىءَ حَتَّى كأَنْ لَمْ يكُن بِهِ وَجَعٌ، فأعْطاهُ الرَّايَةَ. فَقَالَ عَليٌّ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أقاتِلُهمْ حَتَّى يَكُونُوا مِثْلَنَا؟ فَقَالَ: «انْفُذْ عَلَى رِسْلِكَ حَتَّى تَنْزِلَ بسَاحَتهمْ، ثُمَّ ادْعُهُمْ إِلَى الْإِسْلَامِ، وَأخْبِرْهُمْ بِمَا يَجِبُ عَلَيْهِمْ مِنْ حَقِّ اللَّهِ تَعَالَى فِيهِ، فَوَاللَّه لأَنْ يَهْدِيَ اللَّهُ بِكَ رَجُلًا وَاحِدًا خَيرٌ لَكَ مِنْ حُمْرِ النَّعَم»

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Аббас Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Хайбар күні: «Расында, бұл туды Алла оның қолымен жеңіс сыйлайтын, Алланы және елшісін жақсы көретін, сондай-ақ Алла мен Елшісі де оны жақсы көретін бір кісіге беремін», – деді. Содан адамдар сол түнді әлгі ту қайсымызға беріледі екен деген әңгімемен өткізді. Таң атқанда адамдардың әрбірі тудың өзіне берілуін үміт еткен күйде, Алла елшісіне келді. Сол кезде Алла елшісі: «Әли ибн Әбу Талиб қайда?» – деді, (сондағы жұртшылық): «Уа, Расулалла! Оның көзі ауырып жатыр», – дегенде: «Оған кісі жіберіңдер», – деп бұйырды. Сөйтіп оны алып келді. Алла елшісі оның көзіне түкіріп, ол үшін дұға жасағаны сол екен, бірден еш ауырмағандай айығып шыға келді. Содан Алла елшісі оған туды берді. Сонда Әли (р.а.): «Уа, Расулалла! Олармен өзіміз сияқты болғанша соғысайын ба?» – дегенде, оған: «Олардың жазығына жеткеніңше асықпай байыппен жүр, сосын оларды Исламға шақыр және оларға өздеріне міндетті болған Алланың ақысы жайлы хабар бер. Алланың атымен ант етейін! Алланың сен арқылы бір адамды тура жолға салуы сен үшін қызыл түйелерден де қайырлы», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3009; Муслим: 6233; Ахмад: 22821)

Орысша аудармасы

Абу аль-Аббас Сахль ибн Саад ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) передал: «В день Хайбара Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, я вручу это знамя человеку, через которого Аллах дарует победу. Он любит Аллаха и Его Посланника, и его любят Аллах и Его Посланник”.

Всю ночь люди обсуждали, кому из них будет вручено знамя. Наутро каждый из них пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ, надеясь, что знамя вручат именно ему. Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Где Али ибн Абу Талиб?” Ему ответили: “О Посланник Аллаха! У него болят глаза”. Он велел: “Пошлите за ним”. Когда Али привели, Посланник Аллаха ﷺ слегка сплюнул ему на глаза и обратился к Аллаху с мольбой за него. Тотчас Али исцелился, словно его глаза вовсе не болели. После этого Посланник Аллаха ﷺ вручил ему знамя.

Али (да будет доволен им Аллах) спросил: “О Посланник Аллаха! Сражаться ли мне с ними до тех пор, пока они не станут такими же, как мы?” Он ответил: “Ступай не спеша и осмотрительно, пока не достигнешь их земель. Затем призови их к исламу и сообщи им о тех правах Аллаха, которые они обязаны соблюдать. Клянусь Аллахом! Если Аллах через тебя наставит на прямой путь хотя бы одного человека, это будет для тебя лучше, чем красные верблюды”» (Аль-Бухари: 3009; Муслим: 6233; Ахмад: 22821).

177
Риядус-салихин, № 177Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس: أَنَّ فَتًى مِنْ أَسْلَمَ قَالَ: يَا رَسُولَ اللهِ، إِنِّى أُرِيدُ الْغَزْوَ وَلَيْسَ مَعِى مَا أَتَجَهَّزُ، قَالَ: «ائْتِ فُلَانًا، فَإِنَّهُ قَدْ كَانَ تَجَهَّزَ، فَمَرِضَ»، فَأَتَاهُ، فَقَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُقْرِئُكَ السَّلَامَ وَيَقُولُ: أَعْطِنِى الَّذِى تَجَهَّزْتَ بِهِ، قَالَ: يَا فُلَانَةُ، أَعْطِيهِ الَّذِى تَجَهَّزْتُ بِهِ وَلَا تَحْبِسِى عَنْهُ شَيْئًا فَوَاللَّهِ لَا تَحْبِسِى مِنْهُ شَيْئًا فَيُبَارَكَ لَكِ فِيهِ

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте, Әсләм тайпасынан бір жігіт: «Уа, Расулалла! Расында, мен жорыққа шығуды қалаймын, бірақ менде өзімді жасақтайтын еш нәрсе жоқ», – дегенде, оған: «Пәленшеге бар, шынында ол барлық керек-жарағын қамдап қойып, науқастанып қалды», – деп жөн сілтеді. Сөйтіп ол әлгі кісіге келіп: «Алла елшісі ﷺ саған сәлем айтып жатыр және өзіңе дайындаған керек-жарағыңды маған беруіңді өтінді», – дейді. Сонда әлгі кісі әйеліне: «Уа, пәленше! Менің дайындаған керек-жарағымды мынаған бер және одан еш нәрсе алып қалушы болма. Алламен ант етейін! Одан еш нәрсе алып қалма, сонда сол үшін бізге береке даритын болады!» – деген екен. (Муслим: 4901; Ахмад: 13160)

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что один юноша из племени Аслам сказал: «О Посланник Аллаха! Поистине, я хочу отправиться в поход, но у меня нет средств, чтобы снарядиться». Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Пойди к такому-то. Он уже приготовил всё необходимое для похода, но заболел». Юноша пришёл к тому человеку и сказал: «Посланник Аллаха ﷺ передаёт тебе приветствие и просит отдать мне подготовленное тобой снаряжение». Тогда тот человек сказал своей жене: «О такая-то! Отдай ему всё снаряжение, которое я приготовил, и ничего из него не оставляй. Клянусь Аллахом, ничего из него не оставляй – тогда за это нам будет дарована благодать!» (Муслим: 4901; Ахмад: 13160).

О взаимопомощи в благих делах

«Помогайте же друг другу в благочестии и богобоязненности!» (сура «Маида», 5:2).

«Клянусь веком! Воистину, человек неизменно в убытке, кроме тех, которые уверовали и совершают достойные сей веры благие дела, и которые увещевают друг друга истиной, и которые призывают друг друга к терпению» (сура «Аср», 103:1–3).

Имам аш-Шафии сказал: «Люди, или большинство из них, не размышляют глубоко над смыслом этой суры».