Хадис

Игі істерде өзара жәрдемдесу жайында

Риядус-салихин, 21-тақырып · 4 хадис · № 178–181

Хадистер

«وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى» «...Ізгілікте һәм тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер!...» («Мәида» сүресі, 2-аят).

«وَالْعَصْرِ إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِى خُسْرٍ إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ» «Заманаға серт! Шынында, адам баласы зиянда, тек иман келтіргендердің және соған сай игі істер атқарғандардың, әрі бір-біріне ақиқатты насихаттағандардың және бірін-бірі сабырға шақырғандардың жөні бөлек» («Аср» сүресі, 1-3-аят).

قَالَ الْإِمام الشافعي – رَحِمَهُ اللَّه – كلَامًا معناه: إِنَّ النَّاسَ أَوْ أكثرَهم فِى غفلة عَنْ تدبر هَذِهِ السورة Имам Шафиғи: «Адамдар, яки адамдардың дені бұл сүренің мәнін терең түсіну мәселесінде ғапылдықта», – деген.

178
Риядус-салихин, № 178

عَنْ أَبِى عَبْد الرَّحْمَان زيد بْنِ خالد الْجهنِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ جَهَّزَ غَازِيًا فِى سَبِيلِ اللَّهِ فَقَدْ غَزَا، وَمَنْ خَلَفَ غَازيًا فِى أَهْلِهِ بِخَيرٍ فَقَدْ غَزَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Абдуррахман Зәйд ибн Хамид әл-Жуһәни (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алла жолындағы жауынгерді бастан-аяқ жасақтаса, өзі де Алла жолында шайқасқан болады. Сондай-ақ Алла жолында майданға аттанған жауынгердің артында қалған отбасы, бала-шағасына жақсылық жасап қарайласқан адам да Алла жолында шайқасқан болады», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2843; Муслим: 4902; Ахмад: 17039).

Орысша аудармасы

Абу Абдуррахман Зайд ибн Халид аль-Джухани (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто полностью снарядит воина, отправляющегося сражаться на пути Аллаха, тот и сам считается сражавшимся на пути Аллаха. Кто же позаботится о семье и детях воина, отправившегося сражаться на пути Аллаха, и окажет им добро, тот также считается сражавшимся на пути Аллаха» (Аль-Бухари: 2843; Муслим: 4902; Ахмад: 17039).

179
Риядус-салихин, № 179Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بعث بعثًا إِلَى بنِى لِحْيَان مِنْ هُذَيْلٍ فَقَالَ: «لِيَنْبَعِثْ مِنْ كُلِّ رَجُلَيْنِ أَحَدُهُمَا وَالْأَجْرُ بَيْنَهُمَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ Һузайл руының Бәну Лихян тайпасына кісі жіберіп: «(Руларыңнан Алла жолындағы жорыққа) әр екі кісінің біреуі ғана шықсын, ал әжір-сауап екеуара тең бөлінеді», – деді», – деп айтқан. (Муслим: 4904; Ахмад: 11301).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Саидом аль-Худри (да будет доволен им Аллах), сообщается: «Посланник Аллаха ﷺ, направляя людей к племени Бану Лихьян из рода Хузайл, сказал: “Пусть из каждых двух человек только один отправится (от вашего рода в поход на пути Аллаха), а награда будет разделена поровну между ними обоими”» (Муслим: 4904; Ахмад: 11301).

180
Риядус-салихин, № 180Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَقِيَ رَكْبًا بالرَّوْحَاءِ، فَقَالَ: «مَنِ الْقَوْمُ؟» قَالُوا: الْمسلمون، فَقَالُوا: من أَنْتَ؟ قَالَ: «رَسُول اللَّه»، فرفعت إِلَيْه امْرَأَةٌ صبيًا، فَقَالَتْ: ألِهَذَا حَجٌّ؟ قَالَ: «نَعَمْ، وَلَكِ أجْرٌ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте, Алла елшісі ﷺ әр-Рауха1 деген жерде бір топ аттылы кісілерді жолықтырып: «Бұл қауым кім?» – деп сұрағанда, олар: «Мұсылмандар», – деп жауап береді де, артынша: «Өзің кімсің?» – деп сұрайды. Ол: «Алланың елшісімін», – дейді. Сонда араларынан бір әйел оған жас баланы көтеріп, көрсетіп: «Мынаған да қажылық есептеле ме?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Иә, ал саған әжір-сауап жазылады», – деген екен. (Муслим: 3253; Ахмад: 1898).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Аббаса (да будет доволен ими обоими Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ встретил в местности ар-Рауха1 группу всадников и спросил: «Кто вы?» Они ответили: «Мусульмане», – а затем спросили: «А кто ты?» Он ответил: «Я – Посланник Аллаха». Тогда одна из находившихся среди них женщин подняла маленького ребёнка, показала его Посланнику Аллаха ﷺ и спросила: «Будет ли и ему засчитан хадж?» Он ответил: «Да, а тебе будет записана награда» (Муслим: 3253; Ахмад: 1898).

  1. 1әр-Рауха – Мәдина қаласына жақын жер.
  1. 1Ар-Рауха – местность близ Медины.
181
Риядус-салихин, № 181Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «الخَازِنُ الْمُسْلِمُ الْأمِينُ الَّذِى يُنفِذُ مَا أُمِرَ بِهِ فيُعْطيهِ كَامِلًا مُوَفَّرًا طَيِّبَةً بِهِ نَفْسُهُ فَيَدْفَعُهُ إِلَى الَّذِى أُمِرَ لَهُ بِهِ، أَحَدُ الْمُتَصَدِّقين»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұйрықты бұлжытпай орындайтын және пәленшеге бер дегенді толық әрі шын көңілмен беретін сенімді мұсылман қазынашы (өзінің дүниесінен) садақа бергендей сауапқа кенеледі», – деген. (Бұхари: 1438; Муслим: 2363; Ахмад: 19512).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Мусой аль-Ашари (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Надёжный казначей-мусульманин, который неукоснительно исполняет поручение и от чистого сердца передаёт порученное ему имущество в полном объёме тому, кому велено, обретает награду, словно сам подал милостыню (из собственного имущества)» (Аль-Бухари: 1438; Муслим: 2363; Ахмад: 19512).